Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Асқанға - тосқан 3943 1 пікір 9 Қаңтар, 2025 сағат 16:01

Қазақ тіліне қарсы Qazaq Coffee жабылды!

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Басы дауға қалған Qazaq Coffee кофеханасы жұмысын тоқтатты.

Еске салсақ, Астанадағы Qazaq coffee мейрамханасы келуші қонаққа қазақ тілінде ас мәзірін беруден бас тартып, бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Мейрамханаға келуші өз шағымын 2GIS қосымшасына жазған, ал оған жауап ретінде кофехана әкімшілігі олардың қызметкерлері қазақ тілінде сөйлеуге міндетті емес екенін айтқан. Сөйтіп, 2GIS қосымшасында мыңдаған сыни пікір жазылды. Олардың саны 26 мыңнан асып, ал мекеменің рейтингі 1,1 жұлдызға дейін төмендеген. Осыдан кейін кофехана әкімшілігі Instagram-да кешірім сұрап, бірақ көп ұзамай олар аккаунтын жойды.

Сонымен қоғамның сынына ұшыраған Qazaq Coffee кофеханасы жабылып, ол жалға берілетін болған екен. Бұрын кофехана орналасқан жердің иесі бизнестің жабылғанын, кеңсе бос екенін және жалға алушы іздеп жатқанын хабарлады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1544
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3160
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1155
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1070