Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Аласапыран 2061 0 пікір 9 Қаңтар, 2025 сағат 16:07

БАҚ: Түркия Күрдтерге қарсы соғыс ашпақ!

Сурет: dailystorm.ru сайтынан алынды.

«Түркия Сириядағы күрдтерге қарсы ірі әскери операция жүргізуге дайындалуда», - деп жазады түрік БАҚ-тары.

Анкара күрд жасақтарын заңсыз деп танылған «Күрдістан жұмысшы партиясымен» байланыстырып, өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп санайды. Күрдтерге қарсы құрлық операциясы Сириядағы шиеленісті күшейтуі мүмкін дейді сарапшылар.

Бұған дейін Анкара Сирияның жаңа билігінен күрдтерге қарсы «қажетті шараларды» қолдануды талап еткен. Түркия билігі ПКК-ға ультиматум қойып, оларға қаруларын тастап, Сирия аумағынан кетуді бұйырды. Егер ультиматум еленбесе, Анкара әскери әрекетке кірісуі мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2440
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4113