Жұма, 10 Қаңтар 2025
Жаңалықтар 170 0 пікір 9 Қаңтар, 2025 сағат 17:20

Болат Мажағұловтың сот төрелігінен жасырынуға тырысқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – адвокат

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Болат Мажағұловты қамауға алуға Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеге мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндерінің көркемдік іс-шараларын қоюға қатысу үшін жоспарланған іссапары себеп болып отыр. Бұл туралы экс-шенеуніктің адвокаттары редакциямызға хабарлап айтты.

Бұған дейін Есіл өзенінде «Солнце» субұрқағын салу туралы істі қараған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының материалдарында Болат Мажағұловтың шетелге ұшатын билеттерінің болуына байланысты тергеуден жасырынуға тырысқаны туралы ақпарат болғанын естеріңізге саламыз.

«Сонымен қатар, Астана қаласы мәдениет басқармасы экс-басшысының қорғаушыларының айтуынша, оның Душанбеге сапары ресми болған. Тергеу кезеңінде сотқа дейінгі тергеу органының келісімімен ол іс-шара аясында өнер көрсеткен «Қазақ әуендері» АҚ-ың өтініші негізінде Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндерін дайындауға қатысу үшін шетелге кеткен болатын.

Сурет: Видео скрині.

Іс-шараға «Астана балет» балет труппасының әртістері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, қазақстандық эстраданың белгілі өкілдері қатысты.

Алайда, ол қолында кері қайту билеті мен ресми құжаттар бола тұра тергеу органы шетелге шығуға келісім бермегендіктен, мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін іс-шараның ашылуына барудан бас тартуға мәжбүр болды. Осылайша, тергеу барысында Болат Мажағұловтың сот төрелігінен жасырынуға тырысқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп атап өтті сотталушының адвокаты Балауса Бердімбетова.

Сурет: Әлеуметтік желі скрині.

Болат Мажағұловтың қорғаушы адвокаттары Балауса Бердімбетова мен Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, айыптау тарапының мұндай қадамы, сондай-ақ сотталушыға қатысты қылмыстық іс жүргізу заңнамасын басқа да бұзушылықтар сот процесіне қатысушыларға қысым көрсетіп, объективті және әділ шешім қабылдауға емес, керісінше айыптау үкіміне мүдделілік болмақ.

Редакциядан: Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстанның әрбір азаматы құқылы. Мақала редакция ұстанымын білдірмейді және мақалада аты аталған жекелеген тұлғалар жауап беремін десе, портал бетінде жариялайтын боламыз!

Abai.kz

0 пікір