Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2025
Мың бір мысал 374 1 пікір 14 Қаңтар, 2025 сағат 15:13

Құмырсқа тірлік

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Бір елде өте еңбекқор, әрі көңілді құмырсқа өмір сүріпті. Әр күн сайын күнмен таласа тұрып, көтеріңкі күймен әндетіп фирмадағы жұмысына келеді. Жұмысын өте жақсы көретін, әрі жақсы көңіл-күймен басталған соң жұмысы да өнімді еді. Әрдайым жүзінен күлкі кетпей маңайына көтеріңкі күй сыйлап, әріптестерімен жиі әзілдесуді де ұмытпайды. Құмырсқаның арқасында фирманыңда тасы өрге домалап, алға ілгеріледі.

Бір күні құмырсқа еңбек етіп жатқан фирманың бас директоры Ара, аяқ астынан құмырсқаның осынша табысқа жалғыз жүріп жетуі өте күдікті, және олай болуы мүмкін емес деген ұйғарымға келді. Сондықтан, құмырсқаның күнделікті атқарған жұмысын қадағалап отыратын бақылаушы лауазымы ашылды. Бақылаушы болып — тезек қоңызы тағайындалды. Тезек қоңызы өзінің міндетіне білек сыбана кірісіп, құмырсқадан күнделікті атқарылған жұмысына есеп беріп отыруын талап ете бастады.

Енді фирмада құмырсқаның берген есебін тезек қоңызына жүйелеп-реттеп беріп, қосымша телефонға жауап беріп отыратын секретарь лауазымына деген сұраныс пайда болды. Бұл лауазымды өрмекші иемденеді.

Ал көңілді әрі еңбекқор құмырсқа бір сәт дамыл таппай өз жұмысын жалғастыра берді.

Ара өз кезегінде тезек қоңызының берген есебіне аса риза болғандықтан марапаттап-көтермелеп қоюды еш ұмытпады. Сонымен қатар, фирманың болашақ даму сатысына болжам жасау туралы ұсыныс тастады. Тезек қоңызына қосымша тапсырма жүтелгендіктен оған ассистент-көмекші алу қажеттілігі туындады. Ассистенттік қызметке тарақан шақырылды. Ассистенттің қызметіне қажетті техникалар бірден сатып алынды.

Кенеттен әрдайым көңілді жүретін құмырсқа күн өткен сайын жиілеп кеткен есеп беру мен тапсырманың тым көбейіп кеткенін айтып, шағымдана бастады. Көңілсіздік басып, жүзінен күлкі азайды.

Осы сәтте фирманың бас директоры ара шұғыл түрде бір шара қолданылмаса жағдайдың күрт қиындайтынын сезді. Дереу жиналыс ашылып, ақылдаса келе, құмырсқа жұмыс жасап жатқан жерден тұтас департамент ашуға пәрмен берілді. Департамент ашылған соң, демек оның басшысы болу керек. Департамент басшылығына шегіртке қонжиды. Департамент басшысының кабинетіне лауазымына сай болуы тиіс деп табылып, соңғы заманауи үлгімен жабдықталды.

Бәрі риза. Тек құмырсқаның ғана жүзінен күлкі мүлде жоғалды. Мінезі өзгеріп, жиі ашуланып, күн өткен сайын ешкіммен тілдеспей тұйықтала берді.

Күндердің күнінде фирма директоры кезекті есептерді тексере келе, құмырсқа еңбек етіп жатқан департамент қызметінің бұрынғыдай емес, табысының төмендегенін түсінді. Тағы жиналыс ашып, ақылдаса келе, департаменттің жұмысының төмендеп кетуіне талдау жасау үшін үкі шақырылды. Үш ай талдау жасаған үкі, департаментте еш пайдасы жоқ қосымша қызметкерлер саны көп деген қорытындыға келді. Кеңесші маманның кеңесіне құлақ асқан бас директор қызметкер санын қысқартуға шешім қабылдады. Тізімнің басына бірден құмырсқаның есімі жазылды, өйткені, кейінгі кезде ұжымда тек құмырсқа ғана әр нәрсеге көңілі толмай үнемі наразы болып күңкілдеп жүретін еді. Сол...

Ерлан Шаяхметұлы

Интернеттен аударылды.

Abai.kz

1 пікір