Жұма, 16 Мамыр 2025
Билік 1743 6 пікір 15 Қаңтар, 2025 сағат 15:35

Президент Тоқаев Италия премьері Джорджа Мелонимен кездесті

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2664
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4342