Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2025
Анық-қанығы 128 0 пікір 22 Қаңтар, 2025 сағат 14:16

Шерзат ісін тергеу аяқталды...

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Шерзат ісін тергеу аяқталды. Бұл туралы кеше Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өткен жылдың 4 қазанына қараған түні орын алған кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы шешім қабылдау үшін прокурорға жолданады», - делінген департамент мәлімдемесінде.

Бұл хабарды марқұмның отбасының адвокаттары да растады. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаттары ресми түрде мәлімдеді.

«17 қаңтарда Шерзаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы бізге хабарлама келді. Енді біз қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз», - дейді Карина Көшербаева.

Еске салайық, Алматы облысының Талғар қаласында жаппай төбелес болып, Шерзат Болат қаза тапқан еді. Жұрт наразылығынан кейін Шерзаттың қазасына қатысты 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, бұл оқиғаға байланысты 10 адам ұсталған болатын. Кейін полиция Талғардағы оқиғаның толық видеосын жариялаған еді.

Марқұм Шерзаттың қазасынан кейін іле-шала үйі отқа оранып, ол жерден айғақ заттар табылған еді.

9 желтоқсан күні Талғар қаласының маңында қылмыстық істегі бірден-бір куәгер Шерзат болаттың ағасының денесі табылды. Қоштасып жазба хаты желіде тарап, өзіне қол жұмсаған марқұм делінді.

Артынан Марқұм Шерзаттың әкесі де 15 тәулікке қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалы.

Abai.kz

0 пікір