Ли Байды түрік – қазақ жасағысы келетіндер кімдер?
Ерлан Мазан, қытай ақыны Ли Байды түрік – қазақ жасап әуре болма!
Бәрімізге белгілі болғанындай, қазағын ұлы Абайдай жақсы көрген әрі сол Абайдай жек көріп, аяусыз сынаған ешкім жоқ. Қазаққа тән көп кемшіліктің бірі - ұмытшақтық әрі бейғамдық екен. Арғы тарихты қопармай-ақ, Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырынан бері (басқасын айтпағанда) Қытайдың әйгілі ақыны (701-762) Ли Бәйді түрік-қазақ, оның ішінде қоңырат-дулат-жалайыр қылып шығу үшін нелер айтылып, нелер жазылмады?..
Қазақ баспа сөзінде 2010 жылға дейін даурыққан Ли Бәй - Елдібай - елібайшылардың үні өшіп, тарихи ақиқат салтанат құрған сияқты еді. Бірақ уақыт өтіп, ұрпақ жаңаланған сайын тарихи білім-білігі, ұлттық-мемлекеттік санасы әлі кемелдене қоймаған жас перілердің делебесін қоздыратын арандатушылар, ескі қырманды сапыруға әуестер шығып тұратынын да көріп-біліп жүрміз.
Таяуда менің қолыма «Аяу Қашаған» деген атпен әлеуметтік желіде жарияланған Ли Бәйдің «Серілері шекаралық аймақтың» деген аудармасы түсіп еді. Аудармаға пікір жазған кейбір адамдар - мұндай өлеңді қытайлардың жазуы мүмкін емес. Бұны түрік текті Ли Бәй сияқты ақын ғана жаза алады деген ой-пікірлерін білдіріп, Ли Бәйді қазақ жасағысы келеді.
Маған осыларды жіберген оқырман өзінің күмәні бар екенін, толықтай қолдап та, сынап та пікір айтуда. Таң дәуіріндегі қытайша мәтіндерді талдауға шамасы келмейтінін айтып, бір кезде Қазақстанды шулатқан Мұқтархан Оразбай мен Зейнолла Сәніктердің жалған, арандатушы аудармаларының сорабы көрініп тұрған сияқты. Осыған сіз қалай қарайсыз, көзқарасыңызды білгіміз келеді депті. Ең алдымен осы оқырманға жауап беру үшін сіздерге Аяу Қашағанның аудармасын ұсынайын:
Серілері шекаралық аймақтың,
Өңшең батыр және сондай қайратты.
Көз ашқалы оқу, тоқу көрмеген.
Саңлақ мініп, саят құрып терлеген.
Ер түлігін дала отына семіртіп,
Сылаңдатып, бұлаңдатып еліртіп.
Бал шараптың сарқып ішіп тамшысын,
Екі бүктеп алтын зерлі қамшысын.
Қыран құсын қондырып ап қолына,
Қораздана қарап оң мен солына.
Көз жеткісіз көкжиекті бетке алып,
Қансонарда кетеді олар аттанып.
Ду, дүбірмен дүрілдетіп алапты,
Толған айдай толғай тартып садақты.
Атқан оғын нысанаға жеткеріп,
Жыққан аңын қанжығаға бөктеріп.
Кері қайтар салбурыннан кешқұрым,
Кіл бахадүр оғландары дештінің.
Екпінінен теңселеді дала, бел,
Айбатынан қаймығады тамам ел.
Оғландардай қадірі жоқ ақынның,
...Қару билеп,
Құны түскен ақылдың -
Кер заманда кімнен ізет табайын.
Бой ауырлап, бозарғанда самайым.
Ли Бай.
Қытайша түп нұсқасы:
边城儿,生年不读一字书,但知游猎夸轻趫。
胡马秋肥宜白草,骑来蹑影何矜骄。
金鞭拂雪挥鸣鞘,半酣呼鹰出远郊。
弓弯满月不虚发,双鸧迸落连飞髇。
海边观者皆辟易,猛气英风振沙碛。
儒生不及游侠人,白首下帷复何益!
李白
Алдымен айтарым, Аяу Қашағанның Қытайдың ұлы ақыны Либайдың өлеңдерін аударғанына ешқандай қарсылығым жоқ және шалқыған шабытты аудармашы екені көрініп тұр. Мәселе тұп нұсқамен сәйкес келеді ме?!
Мен түпнұсқамен Аяу Қашағандағы аударманы қарап шыққанда мынадай екі нәрсеге жауап беру керек екен деп ойладым.
1. Аудармашы ақын Лй Бәй өлеңінен Абайдың «Қансонардасымен» ұқсастық іздеп, іздегенін тапқандай, мәтінде жоқ сөздерді қыстырып «Аттанған саятшылар атқан аңын қанжығаға бөктеріп, кешқұрым салбурыннан қайтқан кезі» дегеннен былайғы аударма түпнұсқадан тіпті алшақтап, босқа шалықтап кеткен.
Демек, аудармашы түпнұсқаны зерттеп ізденбеген, әйгілі қытай ақынының не айтпақ болғанын мүлде түсінбеген.
2. Аудармашы мен оған пікір жазған адамдар баяғы Мұқтарханшылап, қытайдан қазақ жасамақшы болған, өсек-аяңды қайталап, оқырмандарды шатастырғысы келген сияқты.
Мен сондықтан бұл аударманың мәтінін қайта жариялай отырып, өзімнің сөзбе-сөз мағыналық аудармасын назарларыңызға ұсындым.
行行且游猎篇
Жолаушының шабытты әсері
(немесе шекаралық өңір балаларының саятшылық өнерін өз көзімен көрген жолаушының шабытты әсері)
Ли Бәй ( 李白 )
边城儿,生年不读一字书,但知游猎夸轻趫。
Шалғайдағы ауылдың баласы, өмірінде бір әріп танымаған білмеген, білетіні атқа мініп аң аулау, жалаң қағып
胡马秋肥宜白草,骑来蹑影何矜骄。
Күз мезгілінде шөп сарғайып, ат семірген, сағым қуған атты аңшы мәз-мейрам.
金鞭拂雪挥鸣鞘,半酣呼鹰出远郊。
Алтын қамшы қолда ойнаған гуілдеп, шала қызу қаршыға алып аңға шыққан алысқа.
弓弯满月不虚发,双鸧迸落连飞髇。
Садағы айдай иіліп атқан оғы бос кетпей, бір оқпенен жұптап атады аспандағы құстарды тез ұшқан.
海边观者皆辟易,猛气英风振沙碛。
Теңіз жағалауында қызықтап тұрған адамдар садақ оғынан қорғанар, құм жағалау күрілдеген аңшылардың екпіні мен сесінен.
儒生不及游侠人,白首下帷复何益!
Қытай баласы қайдан жетсін көшпелі елдің еріне, шаш ағарғанша өлерменденіп оқығаннан не пайда. Бұл осы өлеңнің жолма-жол тіке аудармасы.
Аяу Қашаған аудармасының ең басты қателігі:
Ли Байдың саятшылары Абайдың саятшылары сияқты кәсіби саятшылар емес, далалық көшпенді Кидан (Чидан) дардың бүркіт, сұңқар емес, қырғи салып ойнап жүрген жас балалары болатын, бірақ олар қытайлардың шашы ағарғанша өлермендікпен кітап оқитын балаларындай әлжуаз, аурушаң балаларына мүлде ұқсамайды, олар хат танымаса да екпінінен, айбатынан адам шошырлық жарау ат пен толған айдай иілген садағымен құсты қосарлап ата алатын сұр мергендер екенін көріп тамашалаған сезімтал ақынының мадақ жыры деуге болады.
Өлең 753 жылы кидандардың шекаралық «Йоу Ян» деген құмды даласына барған сапарында жазылған болатын. Ақын мұнда қытайлардың «тағылымшылдық, Күңзышылдық Догма оқу жүйесін сынап, көшпенділердің жауынгерлік өмір салтына қызыққан көңіл-күйі арқау етілген.
Лй Бәйдің өмір жолынан хабары бар адамдардың ақынның шебер атқыш, найзагер, бес қаруды асынған сері – батыр болғанын да біледі. Бірақ сол үшін қытай Ли Байдан түркілік тек іздеп әуре болу білімсіздік болар еді.
Осыларды ескеріп, Ли Байдың өмір дерегін жан-жақтылы зерттеп соңғы нүктесін қойғандай болған осы заманғы қытай ғалымы Ваң Шудың «Ли Байдың туған жері» атты мақаласын қысқартып аударып қоса ұсынып отырмын.
Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі Либайтанушы қытайлардың ешқайсысы ақынның туған жері туралы алуан болжамдар айтып, пікір таластырғанымен олардың ешбірі Либайдың 2000-3000 жылдық шежіресі бар миллиондаған Лилердің ұрпағы екеніне күмәнданып, қазақтарша шалықтап, сандырақтаған емес.
Мұқтарханшыл Зейнолла Сәнік пен Өмірбек Бәйгелділердің сүйенері 1962 жылдан басталған орыс-қытайдың ұрысқақ қатындарша салғыласқан шекара дауы тұсында Қытай компартиясы басшыларының академик Го Моронның аузымен кезіндегі тегі түркілік біздің ұлы ақынымыз Либай Шуда туып өскен, Таң хандығы дәірінде біздің жеріміз болған Жетісу-Шуды кейін патшалық Ресей тартып алған деп айтылған дәлелсіз жалған мақалалары негіз болып отыр. Сол тұста Дүкен, Мұқтархандар өмірде болмаған қайдағы бір Кегменер деген ақынды тауып Кетпен тауында туып-өсті қылып, қазақ баспасөзін шулатты.
Бір қуанарлығы 80-жылдары қытай ғалымдарының өздері ақиқатты айтып, академигінің де, оның жандайшаптарының да аузына құм құйылып, тоқтатылып еді.
Алайда, 90-жылдардың басында Қытайдан келген кейбір жағымпаз, рушыл-жүзшіл атаққұмарлар, Қытайдағы жағдайдан хабарсыз, сенгіш, аңғал қазақстандықтарға жаңалық ашқандай көрініп, өзін де, өзгені де ақымақ қылып еді.
Әлімғазы Дәулетхан
Қазақстан Жазушылар Одағының Құрметті мүшесі.
Құрметті оқырмандар!
Енді назарларыңызға осы заманғы көрнекті Ли Байтанушы қытай ғалымы Ван Шудың «Ли Байдың туған жері» атты көлемді зерттеу мақаласының ықшамдалған аудармасын ұсынып отырмын.
Ли Байдың туылған жеріне талдау
(Қазіргі заман оқу құралдарынан алынды)
Ли Байдың туылған жерін талдамас бұрын, алдымен келесі фактілер мен логиканы түсінуіміз керек:
1) Ли Бай Шуда дүниеге келген, бұл туралы Ли Янбиннің «Саман саяжай жинағына алғы сөз» және Вэй Хаоның «Ли Ханлин жинағына алғы сөз» шығармаларында анық жазылған.
2) Ли Бай Шу өлкесінің Мян жоу (Гуан хан) қаласының тумасы болған. Бұл туралы Лю Цуаньбайдың «Таң дәуіріндегі ханьлиндік ғұлама Ли Жунхенің жазбаларында», Фан Чуанженнің «Таң дәуіріндегі Хан линдік ғұлама Ли Гунсиннің құлпытастары», Ян Шеннің «Ли өлеңдерінден іріктеме» және жергілікті шежіресі «Чен ду ежелгі және қазіргі жазбалары».
3) Ли Бай Шуда дүниеге келгеі жөнінде Ли Бай мен оның жақын достарының өлеңдері мен прозалық алғысөздерінде бір-бірінен өзгеше әңгімелер болмаған.
4) Кейінгі хронологиялар, аннотациялар, кіріспелер, мәтіндік зерттеулер, тезистер, монографиялар, оқулықтар, анықтамалықтар және ресми тарихтың жаңа-ескі «Таң шу» т.б., бәрі де жоғарыда көрсетілген Ли Янбиннің «Саман саяжай жинағына алғысөз» және Вэй Хаоның «Ли Ханлин жинағына алғы сөз», Фан Чуанженнің « Таң дәуіріндегі Хан линдік ғұлама Ли Гунсиннің құлпытастары», Ян Шеннің «Ли өлеңдерінден іріктеме» және жергілікті шежіресі «Чен ду ежелгі және қазіргі жазбалары» сияқты жазбалардың негізінде жасалған үзінді, талдау, тұжырым, аңыз-әңгімелердің кезкелегн қортындыларымен көзқарастары өз ара қайшылықтар туындап жатқан жағдайда қайтадан қарастыру арқылы дұрыстауға мүмкіншілік бар.
5) Қатаң талдау мен тексеруден кейін Ли Янбиннің «Саман саяжай жинағына алғы сөз», Вэй Хаоның «Ли Ханлин жинағына алғысөз» және Ли Байдың өлеңдері мен эсселерінің бастапқы жазбаларында қарама-қайшылықтар болған жағдайда, екі қарама-қайшылықтың біреуі кате немесе екеуіде жалған деуге келмейді. Мүмкін біреуі немесе екеуі де қате болуы мүмкін. Оның кате болуының себебі баяндаушы тараптың жадыда немесе жазуында қателер болуы, тарату процесіндегі қателер және т.б. болуы мүмкін.
6) Ли Янбиннің «Саман саяжай жинағына алғы сөз», Вэй Хаоның «Ли Ханлин жинағына алғы сөз» және Ли Байдың өлеңдері мен өлеңдеріне өзара кайшылықтар болып жатса, оны байқаған біреу өзінің өмір тәжірибесімен өз танымдары бойынша бұл қайшылықтарға кате деп тұжырым жасай алмайды. Мысалы, Ли Бай өзін Лон Си Чен жидің тумасымын және Ли Гуанның ұрпағымын деп мәлімдеген. Бұған кейбіреулер сенбейді, бірақ ол мәңгі дәлелдей алмайды.
Сондықтан, 5-бапқа сүйене отырып, біз былай деп қорытынды жасаймыз: Чен Инке, Го Моруо және басқалар Ли Байдың Батыс аймақтарда туылғаны нағыз шындық деп жариялауы еш қандай логикалық сараптама нәтижісі болып саналмайды. Бүгінгі күнге дейін еш қандай оқиғалар, естеліктер, тұжірімдамалар Ли Байдың батыс аймақтарда немесе Суяпта туылғанын дәлелдей алмайды.
Қазіргі уақытта Ли Байдың туылған жері туралы әртүрлі нұсқалардың болуының негізгі себебі - Ван Цидің Ли Янбиннің «Саман саяжай жинағына алғы сөз» мен Ли Байдың «Сон Чжунчэнге арналған өзін-өзі ұсыну хаты» арасында қайшылық бар деп санағандықтан.
Чен Ынке, Го Моруо және басқалары кейін бұл қайшылықтарды ешқандай тексеру, сараптау жасамастан тек өздерінің танымымен межеулері бойынша, Ли Байды батыс аумақта туылған деген қортынды шығарған. Өкінішке орай бұл негізсіз қортындының әсері кең көлемде тарап көпке әсер еткен. Мен Ван Шу оны бұрынғы данышпан Ван Цидің шатастыруын жою үшін оның шығу тегін іздеуге және оны сынап көруге барымды салдым.
Жоғарыда көрсетілген Ли Байдың туылған жері және оның туылған уақыты жөніндегі салыстырулар, зеттеулер және ізденістердің негізінде Сы Шан провинциясы Миан Иаң аумағының Шин Лиан қалашығында дүниеге келген кортындыға ешқандай қарсы көз-қарастарға негіз табылмайды. Сондықтан, Ли Байдың туылған жері Сы Шуан провинциясы Миан Иаң қаласы Жаң Иу ауданы Шин Лиан қалашығы Ли Бай байырғы мекені. деп қараймыз
****
Аудармашы, зерттеуші ретінде айтарым:
Ли Байдың туылған топырағының Сы Шуандағы ШУ (Қазақстандағы Шу – Суябқа еш қатыссыз өңір екендігіне ешбір қытай ғалымы, зерттеушілері арасында алауыздық жоқ. Ал ақынның Қытайдың көрікті таулары мен далаларын, қалалар мен ауыл-қыстақтарында қашан, қалай болғаны жөнінде ғана түрлі ойлар, болжамдар ғана бар. Бұл екеуін шатастыру барып тұрған сауатсыздық әрі арандатушылар.
Abai.kz