Ресей Қазақстанда үш ЖЭО салады: тарифті кім белгілейді
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ресей компаниясы Қазақстанның үш қаласында салатын жылу электр орталықтары жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Ресейдің үш қалада жылу электр орталығын салатыны белгілі. Олар тарифтерді айқындайды деген де ақпарат бар. Бұл қаншалықты дұрыс? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі вице-премьер Қанат Бозымбаевқа қойған еді. Алайда ол сұраққа энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімханов жауап беретінін айтты.
Үш жылу электр орталығын салуға үкіметтің келісімі бар. Жұмыстар істеліп жатыр. Тапсырыс беруші ретінде Самұрық-Энерго компаниясы бекітілген. Жалпы Ресей тарапы өз станцияларды мердігер ретінде тек салады. Салып болғаннан кейін ол станциялар Самұрық-Энерго компанясының құзіретінде болады. Ешқандай Ресей тарапына ауыспайды. Ақпарат жалған. Орталық салынғаннан кейін тариф бекітіледі де, содан кейін бастап инвестицияны қайтару басталады, – дейді ол.
“Тарифтерді де Ресей компаниясы белгілемей ме?” деген сұраққа вице-министр “жоқ” деп жауап берді. Сөзінше, тарифті Қазақстанның энергетика министрлігі белгілейді.
Abai.kz