Лукашенко тағы да жеңіске жетті
"Еуропаның ең соңғы диктаторы" атанған Беларус президенті Лукашенко 87.6% дауыспен жетінші рет тағы да президент болды" деп жазады Франс прес агенттігі. Сайлауды әділ өткен етіп көрсету үшін Лукашенко ежелгі қулығына басып, қолдан төрт кандидат дайындап, өзімен "бәсекелестірген".
Еуроодақтың сыртқы істер хатшысы сайлаудан бір кұн бұрын: "30 жыл билікті бермеген диктатор Лукашенко кезекті саяси қойылымында тағы да жеңіске жетпекші. Бұл демократияны қорлау" деді. Оппозиция жетекшісі Тихановская "Оны билікті монопиялап алған қылмыскер" деп атап, қамаудағы саясаткерлерді босатып, әділ сайлау өткізуге шақырды. Ресми дерек бойынша Лукашенконың кесірінен саяси себептерге байланысты 300 мың адам шетелге босып кеткен. 1200 адам саяси көзқарасына байланысты түрмеде қамалған. Жексенбіде өткен сайлаудан кейін Еуроодақ оған салынған санкцияларды тағы да қатайтатынын мәлімдеді.
Алдынғы жолғы президент сйлауында Лукашенко үлкен қарсылыққа тап болып, ереуілшілерді аяусыз жаныштады. Содан бастап бір жолата Кремльге бет бұрды. Путин украинаға басып кіргенде қолдау білдіріп, орыс әскери базаларын, стратегиялық қаруларын өз жеріне орналастыруға рұқсат берді. Жексенбі күні де Ресейдің дыбыстан жылдам оқтұмсықтарын өз жерінде орналастыратынын тағы да айтты. Ол үшін "еш өкінбеймін" - деді.
Лукашенко билік құрған 30 жылда ел экономикасы айтарлықтай алға жылжымады. Кеңес кезіндегідей картоп пен сәбіз, трактор - Лукашенконың шетелдіктерге мақтанатын, сыйға тартатын брендтері болып келеді.
30 жыл билікті бермей, 7 кезек сайланған 70 жастағы Лукашенко билікке отыру мерзімі жағынан өзі қолтығының астына кірген Путинді де жолда қалдырды.
Abai.kz