Бейсенбі, 30 Қаңтар 2025
Билік 403 0 пікір 28 Қаңтар, 2025 сағат 13:35

Үкімет есебі: Былтырғы жылғы көрсеткіштер қандай?

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Аталған жиында Үкімет басшысы Олжас Бектенов 2024 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен Бектеновтің есебі қандай?

* Өңірлер бөлінісінде өткен жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары экономикалық өсім Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Астана және Шымкент қалаларында тіркелді. Негізгі көрсеткіштердің төмен динамикасы Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында қалыптасты;

* 29 ірі зауыт салынды. Олардың қатарында Қостанай облысында шойын құю, Алматы облысында вольфрам және жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін, Шымкентте бағалы металдарды өңдеу, Қарағанды облысында катодты мыс, автомобиль шиналары мен тұрмыстық техника шығаратын және басқа да кәсіпорындарды атап көрсетуге болады. Саран қаласында заманауи өндірістердің іске қосылуы оған моноқалалар санатынан шығуға мүмкіндік берді;

* Алғаш рет елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 397 денсаулық сақтау, 298 білім беру нысаны бой көтерді. 11 мың орынға арналған 40 студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Жүк тасымалының көлемі өткен жылы 10%-ға өсіп, шамамен 1 млрд тоннаға жетті. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша контейнерлік тасымалдау 2,7 есеге ұлғайды. Құрылыс және жөндеу жұмыстарымен 12 мың шақырым автомобиль жолдары және 2 мың 800 шақырым теміржол қамтылды. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында үш жаңа терминал пайдалануға берілді;

* Егіншілер суармалы сумен толық көлемде қамтамасыз етілді. Арал теңізіне 2 млрд 600 млн. текше метр су жіберілді. Бұл орташа жылдық көрсеткіштен едәуір жоғары. Жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асатын 80 су арнасын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Су үнемдеу технологияларымен қамтылған егіс алқабы 1,5 есеге артып, 470 мың гектарға дейін жеткізілді;

* Инвестициялық штаб істің мүддесін назарға алып, бюрократиялық мәселелерге қарамастан, елге қажетті жобаларды дер кезінде бастауға мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдауда. Әрі қарай ол іскерлік ахуалды жақсарту үшін нақты проблемалық кейстер негізінде заңнамалық өзгерістерді әзірлейді. Қазіргі таңда 97 түзету бойынша осындай жұмыс жүріп жатыр.

Abai.kz

0 пікір