Әдеби бәйге - қаламгерлерді қайрау...
Жыл сайын Қазақстан Жазушылар Одағының бастамасымен әдеби бәйгелер ұйымдастырылады. Одан бөлек әр деңгейлі мәдениет мекемелері мен басқа да қоғамдық ұйымдар да ұйымдастырады. Әдеби жеке қорлар да өңірлік тарихи танымдық бағыттағы шаралар аясында мұшайралар жариялайды. Әрбіріне жүздеген қаламгер қатысып, әр жанырда жүздеген шығармалар жазылады.
Бүл — үлкен табыс. Себебі: жарысқа түскен кісі жанқуатын салып жазады. Шабытының жеткенінше шабады. Озу керек.
Күні кеше мәреге жеткен “Құлагер” Республикалық әдеби байқауы да қаншама кісіге қалам алдырған аламан бәйгенің бірі. Әр жанрда жиыны екі жүзден астам спорт тақырыбындағы көркем шығарма жазылған. Бұл ғажап жетістік.
Былтырғы жылы қатарынан оншақты әдеби байқау ұйымдастырылғанын ескерсек. Мыңдап шығарма жазылғаны анық. Бұл — ұлт әдебиеті үшін үлкен табыс.
Кеше өткен марапаттау салтанатында Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы жазушы Мереке Құлкенов пен “Құлагер” Халықаралық Әдеби Байқауын құлшына демеген Қазақстан Ұлттық Спорт Қауымдастығының Президенті Исламбек Салжанов мырза тебіреніп сөйледі. Байқауға түскен шығармалардың бәсі биік болғанын айтып, қаламгерлердің шабытын, жасампаздық қарымын, қатысу белсенділігін айрықша разылықпен алғыстады. Сонымен бірге байқауға қатысқан 205 шығарманың бәйге алғаны мен бәйгеге таяу қалғанын қосып, кітап шығаратынын жеткізді.
Ия, кітап шығарады. Ұйымдастырушылар бағалаудың әділдігіне сенімді болғанда сөйтеді. Оған “кітапті оқыған кісінің көзі жетсін”деп сөйтеді. Сөйте тұра ол кітап спорт әдебиетінің жәһары болары сөзсіз. Мағауин айтатын 7 ғасырлық жырдың да негізгі өзегі спорт әдебиеті десек айтар ойдан алшақ кетпеспіз.
Ұлу жылы Астанамызда өткен аламан — V Кезекті Дүние жүзілік Көшпенділер ойынының ұлы дүбірмен ұштасқан байқау бастапқы шарты бойынша 7 бәйге берді. 7 жанрдың ең үздік дегене бір-бір бәйгеден берді.
Өлеңдікі бізге бұйырды.
1757 жылы 10 шілдеде Жаухуэй мен Фудие бастаған Чин армиясы мен Қожаберген батыр және Көкжал Барақ бастаған Қазақ әскері Аягөз өзенінің бойында бейбіт кезігіп, бір-біріне әскери өнер көрсететіні бар (Қытай мұрағатында қатталған құжат).
Сол кездесу кейін Мамырсу келісіміне ұласып, Қазақ хандығы мен Чин арасында содан былай соғыс болмаған.
Біз тарихи деректі ақынның көркем ойымен, көркем өлеңмен көмкеруге құлшындық. Оны үш ғасыр секіртіп, Астанадағы V Дүние жүзілік Көшпенділер ойынындағы Қазақстан мен Қытай садақшылары арасындағы топтық сайыспен түйіндедік.
Әділқазылардың жоғары бағалағаны жанымызға шабыт берді. Байқауға қатысқан және бәйге алған әріптестерімді құттықтаймын, көркем шабыт тілеймін.
Дастанымызды ресми ақпарат құралдарында жарияланған соң ұсынармыз.
Қазірше шағын үзіді.
Төбеден төне қалған заман ақыр —
Жаңағы сойқан “ойын” санада тұр.
Қаптаған қараторғай сыяқтанып,
Қауырсын шетте жылжып бара жатыр.
Әлгінде айбаттанған генералдың
Дауысы бәсеңдепті, қарада тұр.
Мұндайда Көкжал Барақ үнсіз қалып,
Сөйлейтін Қожаберген аға батыр.
Батырлар 20 000-нан жылқы салған.
Көсіліп көз ұшында дала жатыр.
Көршінің көз құртындай Балқаш көлге
Аягөз баяу ағып барады ақыр.
Берелім, Марқакөлім, Жәйсаң көлім.
Өлеңім — Шорға, Сауыр, Сайқан менің.
Алакөл, Арқас, Лепсі, Сары белім*
Жыр едің, санамдағы сағым едің.
Қан құсқан ат жалында қайран ерлер,
Қайрат ең, парасат ең, жарық едің.
Өздерің сақтап қалған жер менен су,
Мекенім — меншігімде бәрі менің.
Ұраным — “Менің жерім, менің елім”
Бір сәтке соғып тұрса бұл жүрегім,
Мен сенің жырың болып төгілемін!
7. ЭПИЛОГ
Еженхан* жазған кітапқа қарайлай салғам.
Қаламым жүйткіп тұрғанда қараймай талғам.
Үш ғасыр бұрын жазылған тік жазулардан
Бабамды көрдім қайратты, талай майталман.
Он мыңдық қолды шеп құрып төніп келгенде
Қасқайып тұрып, соғыссыз қалай қайтарған.
Қалай тірескен жиһангер, тісқақты елменен.
Рухыңа тағзым бабам-ай, ұшпаққа өрлеген.
Хан Абылай мен Қабанбай жолықпай қойған.
Әмір-Сананы бәрі бір ұстап бермеген…
Алмас Ахметбекұлы
Abai.kz