Жексенбі, 18 Қазан 2026
Жаңалықтар 2994 0 пікір 29 Қаңтар, 2025 сағат 15:25

Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды

Сурет: massaget.kz сайтынан алынды.

Ақтау қалалық соты Қазақстан азаматын қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады. 

2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 млрд теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзірбайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1060
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1428