Дүйсенбі, 3 Ақпан 2025
Білгенге маржан 261 1 пікір 3 Ақпан, 2025 сағат 12:43

Тәңір сөзі Қытайдан келген бе?..

Сурет: visitalmaty.kz сайтынан алынды.

Тәңір туралы алғашқы жазба деректер

Тәңір жер бетінде ең алғаш жазбаға түскен жалғыз жаратушының бірінің атауы. Ол туралы деректі шумер жазбаларынан көруге болады. Оған 4400 жыл болды.

Энметена конусы, Лагаш патшасы, 236 бөлме, Лувр мұражайы[1][2]

4000 жыл ілгері жер бетінде: Онда deñğirdek deñğir деген мәтін тұр, ол кезде еврей де, парсы да болмаған.

Бұл мәтін кішкентай саз конусқа эрамыздан 2400 (шамамен 4400 жыл бұрын) жыл бұрын жазылған. Ол шумер жеріндегі ерте III династия кезеңіндегі Лагаш пен Умма қала-мемлекеттері арасындағы соғыстың басталуы туралы әңгімелейді. Бұл ең ерте тіркелген шекаралық қақтығыстардың бірі саналады.

Мәтін:

I.1–7

den-lil2 lugal kur-kur-ra ab-ba ding̃ir-ding̃ir-re2-ne-ke4 inim gi-na-ni-tad dnin-g̃ir2-su

dšara2-bi ki e-ne-sur

Аудармасы:

Енлил барша жердің патшасы, барлық тәңірлердің тәңірі, оның  тура әмірімен Ниңгірсу мен Шараның арасы тынышталды.(3)

Бұндағы Енлил ежелгі Месепотомия құдайларының бірі, мифтерде айтылуынша ол жел, ауа, топырақ, жерді басқарады. Бұл адамзаттың төрт ірі мәдениет ошағының бірі Бабилон, шумердегі көп құдайлық сенім дәуіріндегі шумер құдайларының бірі. Құдайды тәңір деп атағанына қарағанда бұл өңірге шығыстан түріктердің ата-бабалары келіп үстемдік құрған болуы мүмкін. Өйткені шумер тілінде түркі тіліне ұқсас көптеген сөздер бар. Шумер тіліндегі сөздер ертедегі кездерде баруы мүмкін. Оған Гередоттың сақтардың Сирия жеріне дейін барғаны туралы айтқаны дәлел болады. Әйтпесе Бабилонда, Сириямен Пәлестинде Ану, Ил (илла кейінгі алла), Енлил, Яхуе сияқты көптеген құдайлардың аттары мен мүсіндері болған.

Шумер жазуларындағы тәңір деген жазу

Ассириялықтарша тәңір белгісі

Митанниден алынған цилиндр пломбасындағы екі фигура табынатын тәңір белгісі, б.з.б. 16-14 ғасырлар

Бір қызығы тәңір деген атау ежілгі шумер жазбаларында қалғанымен, орта шығыста жалпы халықтар арасында ұмтылып кеткенде, Орталық Азия көшпенділерінде бастан-ақыр тәңір атымен бір құдайдың аты ретінде қала берген.

Көшпенділер арқылы Қытай жеріне барған тәңірлік сенім

Қытайдың дәстүрлі патриархалдық дінінің тұжырымдамасын Моу Чжунцзянь ұсынған: «Қытайдың дәстүрлі патриархалдық сенімі жерге, күнге, айға, тауларға табынумен бірге құдайлар мен ата-бабалар аруағына табынуды негіз етеді дейді. Сонымен бірге оның қосымшалары ретінде өзендер, көлдер, тағы басқа да әртүрлі киер мен құдайларға табыну салыстырмалы түрде тұрақты қала маңында қалыптасқан  қауымддардың ата-баба храмдар жүйесін және басқа құрбандық жүйелерін қалыптастыруда қосымша сиыну обьектісі болған».

Сонымен қатар, бұл сенім мыңдаған жылдар бойы жалғасқан шынайы сенім болып табылады. Қытай тарихы және қытай қоғамы бұны дәстүр ретінде қабылдаған [4]

Қытайлар аспанды Тиян деп атайды, бұл түркілердегі көктәңірі дегенге сәйкес, таян тәңірдің қысқарған атауы.

Тянь (天) - аспанға қатысты ең көне қытай терминдерінің бірі және қытай мифологиясы, философиясы және сенімідегі негізгі ұғым. Шан әулеті кезінде (б.з.б. 17–11 ғ.) қытайлықтар өздерінің ең жоғарғы құдайларын Шанди немесе Ди деп атаған.[5] Бұндағы 上帝 иероглифі көне қытайша zeng tek деп дыбысталады, зең биік деген сөз, бұл қазақтағы зеңгір сөзімен мәні бір. Келесі Чжоу әулеті кезінде  қабылданған құдай атауы-Тянь, бұл зең сөзінің синониміне айналды. 20 ғасырға дейін Тяньға(тәңірге) табыну Қытайдың православиелік мемлекеттік сенімі болды. Бұдан Тянь қытайлықтардың бір құдайының аты емес екенін оны кейін қабылдағанын ал қытайлықтардың құдайды шан деп атағанын көруге болады.

Батыс Чжоу әулеті (шамамен б.з.б. 1046 - 771 ж.) Қытай тарихында патша Пиннің шығысқа қарай жылжыуы нәтижесінде  құрылып негізі қаланды. Чжоу әулеті Шаң әулетінен кейінгі әулет болды, ал ұлттық тегі Цзи  болды, олар бастапқы кездерде Вэй өзенінің алабында өмір сүрген. Кейін руң мен диден(солтүстігіндегі көшпенді ұлыстар)  құтылу үшін Цишан тауының етегіндегі Чжоуюаньға қоныс аударып, егін шаруашылығын дамытып, қалалар салып, ресми мемлекеттік жүйе орнатты. Ду Фэнхао (Зун Чжоу) (қазіргі Сиань, Шэньси провинциясы), Чжоу әулетінің патшасы Ю кезінде Цюаньрун(ит адамдары, ит басты көшпенділер) Хаоцзинге шабуыл жасап, Батыс Чжоу әулеті аяқталды. Соғыстан кейін Зоң Чжоу сарайы өртеніп кетті, ал Чжоу руы Фэнхао аймағында тұрақтап тұра алмады да шығысқа көшті. Бұл оқйға тарихта патша Пиннің шығысқа қарай  көшуі деген атпен белгілі болды.

Чжоу патшалығы

Демек 3000 жыл ілгері қытайда мемлекеттіктің қалануына көшпенділердің ықпалы зор болған. Бұндағы ит басты адамдар турылы түрік қағанаты дәуірінде айтылған деректер бар. Осы чжоу патшалығызаманында тәңірлік сенім билеушілер арасына тараған. Содан тартып қытайлар шанның орынына тянь ды аспан құдайы деп қабылдаған. Сол дәуірдегі скиф, сақтардағы жылан төтемі сияқты бұлардада айдағар төтемі пайда болған. Ал айдағарды кейінгі ғұндарда төтем еткен. Қытайда кейін ел билеудің идиологиясы Конфуцишілдік негізгі ел басқару дағдысына айналды. Даоизм дініде өркен жәйді, сырттан бұддизмде кіргенімен тәңірлік сенім бәрібір сақтала берді. Қытайлардада аруақты құрметтеу, аза тұту, жер-су, тау киелері мен әулиелеріне сиыну салты әлі сақталған.

Жібектен жасалған айдаһар мінген адам бейнеленген, жібекке салынған сурет, біздің эрамызға дейінгі 5-3 ғасырларға жатады, Зиданку қабірінің № №. 1 Чанша, Хунан(6)

Хубэйдегі Машан қаласындағы Шығыс Чжоу дәуіріндегі қабірден алынған кестеленген жібек дәке ғұрыптық киім, б.з.б.(7)

Қытайдың Пекин қаласындағы тәңірге тасаттық беріп тілеу тілейтін тәңір мінбері.

Әдебиеттер:

  1. CDLI-Found Texts". cdli.ucla.edu. Retrieved 2018-03-12."Cone of Enmetena, king of Lagash". 2020. Archived from the original on 2020-02-27. Retrieved 2020-02-27
  2. https://en.wikipedia.org/wiki/Sumerian_language
  3. Inscription by entemena of lagaš. 3-бет
  4. https://www.aisixiang.com/data/140062.html
  5. Stefon, Matt (2010-02-03). "Shangdi". Encyclopedia Britannica. Retrieved 2023-05-01
  6. https://en.wikipedia.org/wiki/Zhou_dynasty#/media/File:Changshadragon.jpg
  7. https://en.wikipedia.org/wiki/Zhou_dynasty#/media/File:Chinese_silk,_4th_Century_BC.JPG)

Ерзат Кәрібай

Abai.kz

1 пікір