Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Айбын 2165 0 пікір 3 Ақпан, 2025 сағат 22:24

Жарыстың үшінші күні: "Сұңқар" командасы бірінші орын иеленді

Сурет: polisia.kz сайтынан алынды.

Дубайда Тhe UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарыстары жалғасуда. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынап жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Сұңқар" бөлінісінің жауынгерлері жарыстың бірінші және үшінші күндерінің нәтижелері бойынша көш бастап, жеңісті жолды жалғастыруда.

Қазақстан ІІМ қызметкерлері "офицерді құтқару" деп аталатын үшінші кезеңнен сәтті өтіп, атыс дайындығы мен жауынгерлік ептілігін көрсетті. Нәтижесінде олар барлық сынақты 2 минут 11 секундта аяқтады.

Полицейлер сайыста сынға түсіп жатқан әріптестерінің видеоларымен бөлісіп, қолдау көрсетіп жатыр. Отандастарының жеңісіне Дубайда жүрген біздің азаматтар да қуануда. Қазақстандағы көрермен де турнирді тікелей эфирде тамашалауда.

"Бізді қолдаған жандардың бәріне рақмет. Жерлестердің лебізі бізге күш-жігер сыйлайды", - деді жауынгерлер.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің бірінші күні де "Сұңқар" командасы "алтын" жеңіп алған болатын. Үш күннің қорытындысы бойынша ІІМ командасы турнирдің жалпы кестесінде екінші орынды иеленіп тұр. Одан бөлек, үздік он команданың арасында Ұлттық ұлан, "Sardar B" (МКҚ) және ҰҚК-ның екі командасы (Arystan Team және SSN Aktau) бар.

Өткен жылы "Сұңқар" жауынгерлері ұйымшылдығымен ерекшеленген еді. Қатысушылардың бірі аяғын сындырып алғанына қарамастан, команда мәре соңына дейін жетіп, көрерменнің көзайымына айналған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930