«Жүз жылдық жалғыздық»: Колумбия сыншысы не дейді?
Габриэль Гарсиа Маркестің әйгілі «Жүз жылдық жалғыздық» романының желісі бойынша түсірілген Netflix сериясы Богота қаласындағы El Espectador басылымының сыншысы Гонсало Малларино Флоресті таңғалдырыпты.
«Netflix түсірген «Жүз жылдық жалғыздық» сериалының алғашқы екі бөлімін көріп шықтым. Колумбиялық Нобель сыйлығының лауреаты, біздің ең ұлы жазушымыз Габриэль Гарсиа Маркестің ұлы романынан алынған туынды сәтті шыққан.
Көз алдымдағы көркем Макондо – 50 жыл бойы санамда қалыптасқан дәл сол Макондо осы сериалда өз бейнесін тауыпты. Хосе Аркадио («патриарх») – дәл мен ойымда сақтаған Хосе Аркадио. Урсула (оның әйелі) мен олардың балалары да мен елестеткендей. Сол секілді Пилар Тернера мен Мелькиадес те өзгеріссіз күйде екен. Олар менің санамда қалай сөйлеген болса, мұнда да дәл солай сөйлеп тұр», - дейді ол.
Оның айтуынша, Макондодағы жарық, ағаштар, жел, тропикалық орман, батпақ, теңіз – барлығы кітапта сипатталғандай. Бұл туынды оған сол бұрынғыдай жақын әрі қымбат сезіледі.
«Осы сериалдың режиссерлері – Лаура Мора мен Алекс Гарсиа Лопес те осындай көзқараста екенін жасырмаймын. Гарсиа Маркес бұл экранизацияны көрсе,қабағат қуанып қалар ма еді, кім білсін», - дейді Коломбиялық сыншы әсерін жасыра алмай.
Дүйсенәлі Әлімақын
Abai.kz