Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында алғашқы ойынын өткізді.
Қазақстандықтар алғашқы матчта Таиланд құрамасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз қарысалысын 12:0 есебімен ойсырата ұтты.
Келесі ойын 5 ақпан, 17:00-де Қытайға қарсы өтеді. Жеңісті жолды жалғастыруға сәттілік!
Abai.kz