Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Анық-қанығы 2360 0 пікір 6 Ақпан, 2025 сағат 14:16

Бишімбаев сотқа шағым түсірді...

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Қамаудағы Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі мәлімдеді. 

Бишімбаев мекеме әкімшілігі оған жеңілдік жасамай отыр деп шағымданған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу шаралары берілмейді.

«Сотталушының бір заң бұзушылық болғаны ескеріліп, оған көтермелеу шарасы қолданылмаған. Сот сотталушының талап арызын қанағаттандырмады», – дейді ҚАЖК өкілдері.

Ведомство өкілдері Бишімбаев нақты қандай заңбұзушылық жасағанын айтпады.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741