Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2753 2 пікір 7 Ақпан, 2025 сағат 15:32

Алматы метросында төбелес болды

Сурет: metroalmaty.kz сайтынан алынды.

Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қатысушылардың бірі қатты соққы алған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

"Жанжалдың басы ер адамның жолаушылардың бірінен сөмкесін шешіп, айналасындағыларға кедергі жасамауын айтқанынан басталған. Алайда жолаушы бұл ұсыныстан бас тартқан, ұрыстың арты төбелеске ұласқан. Жанжалға қатысушылардың бірі қатты жарақат алды", - делінген видеода.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Алматы қалалық полиция департаменті қазіргі таңда Метрополитенде тексеру жүргізіп жатыр. Жанжалға қатысушылар анықталды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1942
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4757
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3910