Сейсенбі, 11 Ақпан 2025
Деп жатыр 234 3 пікір 11 Ақпан, 2025 сағат 13:25

Макрон: АҚШ-тың басты мәселесі - Қытай

Сурет: BFM.ru сайтынан алынды.

Ақ үй басшысы Трамп қаңтар айында өткен «Дүниежүзілік Давос экономикалық форумында сөз сөйлеп: «Американың тұрғысынан алып айтсақ, Еуропалық Одақ бізге өте, өте әділетсіз мәміледе, әбден былыққан» деген еді. Кеше АҚШ-қа импортталатын барлық болат пен алюминий өнімдеріне 25% баж салығы салынатынын жариялады. Ол сондай-ақ сауда серіктестеріне «өзара тепе-теңдік тарифын де» енгізбек.

АҚШ үкіметінің деректеріне сәйкес, АҚШ-тың Еуропалық Одақпен сауда дефициты 26,9 миллиард долларға артып, 2024-жылы 235,6 миллиард долларға жеткен. Трамп осы мәліметтерді желеу етіп, Еуроодақ елдеріне де кедендік салық енгізуді жоспарлап отыр. Ал Франция басшысы Макрон Америка тараптың статиска қордындысының шынайылығына күмәнмен қарайды. Оның уәжінше екі жақтың сауда дефицитын есептеуде жаңсақтық бар. Атап айтқанда Еуропаның сандық қызметті пайдалану қатарлы жақтардағы орасан зор шығындары оның ішіне енбей қалған. Еуроодақ Американың сандық қызметтерінің басты тұтынушысы болып табылады.

Қаржы айналымы тұрғысынан қарағанда, Еуропаның жинақтарының көп бөлігі АҚШ экономикасын қаржыландыруға жұмсалады. Егер  барлық жерде баж салығын енгізе берсе, бұл АҚШ экономикасына кері әсер етпей қоймайды.

Еуропа мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ықтимал сауда соғысына қатысты Макрон өткен бейсенбіде CNN арнасына сұхбат берген. Оның ойынша қазіргі жағдайдағы шешімін тауы тиіс мәселе, екі тараптың экономикалық теке-тіресі емес, Украинаның жағдайы, Таяу Шығыстағы шиеленіс, АҚШ-Қытай арасындағы жасанды интелекіттен бастап таза технологияға дейінгі өзара бәсекелестік.

«Трамптың сауда соғысы Еуроодақтың экономикасына зиянын тигізгеннен басқа пайдасы жоқ. АҚШ мүдесіне де қайшы. Сондықтан дос пен қасты айыру керек. Американың қазіргі басты мәселесі Еуроодақ па, жоқ олай емес,  Қытай» - деді Франция басшысы.

Abai.kz

3 пікір