Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 708 0 пікір 14 Ақпан, 2025 сағат 14:51

Астана вокзалында жарылыс болды

Сурет: ҚТЖ сайтынан алынды.

14 ақпанға қараған түні Астана вокзалында жүк контейнері жарылды. Осыған байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Төтенше жағдай түнгі сағат 00:25-те "Астана" станциясындағы іріктеу алаңының 12-жолағында болды.

"Астанаға пойыз арқылы жеткізілген жүк контейнері жарылған. Бір адам қолынан жеңіл жарақат алды, алайда ауруханаға жатқызуды қажет етпеді", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Полицейлер жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп төнбегенін хабарлады.

"Көліктегі полиция департаменті бұл оқиға бойынша "Темір жол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына дереу департамент басшылығы жеткен. Арнайы жедел топ құрылды, олар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісіп кетті", – делінген хабарламада.

ҚТЖ жарылған контейнердің жеке компанияға тиесілі екенін хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша ішінде электр жабдықтары – трансформаторлар мен генераторлар болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 684
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2689
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1738