Сәрсенбі, 19 Ақпан 2025
46 - сөз 1702 8 пікір 14 Ақпан, 2025 сағат 14:49

Қытай ғылымда әлемдік көшбасшы болуға ұмтылуда

Сурет: digital.ru сайтынан алынды.

(Егер, төмендегі жазылған құжаттан идеологиялық аспектіні алып тастар болсақ, онда мұндай бағдарлама Қытай мемлекетін жаңа сатыға көтерудің тетігі болып шығатыны анық)

ҚХР басшылығы «Күшті білім беру мемлекетін құру жоспарының жобасын» (2024-2035 жж.) қабылдады.

Бұл өте ауқымды бастама болып көрінеді. Міне, тығыз жазылған 15 беттік құжаттың қысқаша мазмұны:

Идеология – бәрінен жоғары. Си Цзиньпин идеяларын оқыту, білім беруді партия басшылығына бағындыру, мұғалімдер мен студенттердің моральдық келбетін жақсарту, қытай философиясы мен марксизм бойынша жаңа курстар енгізу. «Білім беру мекемелері студенттердің көпшілігі әрдайым партияға, елге, халыққа және социализмге адал болуын қамтамасыз етуі керек».

Жоспарға сай: 2027 жылға қарай сапалы білім беру жүйесі қалыптасады, білім беру құрылымдары экономиканың қажеттіліктеріне сай келеді. 2035 жылға қарай Қытай әлемдік білім беру орталығына айналып, жалпы білім беру сапасы бойынша көшбасшылардың бірі болады.

Цифрландыру: онлайн-білім беруді кеңейту, барлық процестерді цифрлық басқару, жасанды интеллектті ілгерілету, озық технологияларды барынша енгізу.

Қатал тиімділік бағалау жүйесін енгізу – колледждер мен университеттердің, сондай-ақ жекелеген оқытушылардың қызметін қатаң бақылау.

Практикалық оқытуға басымдық беру. Университеттегі білім беру мен еңбек нарығы арасында тікелей байланыс орнату. Ескіргеннің бәрі – тарихқа кетеді!

Жаңа буын оқулықтары және қоғамтану мен саясаттану бойынша жаңа курстар.

Студенттердің денсаулығына қамқорлық жасау (тіпті университеттік футболды дамыту және артық салмақпен күрес шаралары да қарастырылған!).

Фундаменталды және пәнаралық ғылымдағы серпіліс. Ғылым жарияланымдар санына емес, енгізілген нәтижелердің тиімділігіне қарай бағаланады.

Шетелдік оқытушылар мен зерттеушілерді барынша тарту. Шетелдік жетекші ғылыми-техникалық университеттердің Қытайда колледждер ашуын ынталандыру.

Білім беруді қаржыландыру – ЖІӨ-нің кемінде 4%-ы.

Автордан: Біздің қазақстандық ғалымдар көтеруі тиіс өте өзекті тақырып екен. Кейінгі жазбаларда осы тақырыпқа арнайы тоқталатын шығармын.....

Әзірге, осыдан ой түйе беріңіздер.

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

8 пікір