Қазақ бидайының көсегесі қашан көгереді?

Біз бидайды көбіне тек ұн деп білеміз. Бірақ макарон өнімдері арқылы әлемдік нарықты жаулауды сөз етпейміз.
Неге? Бидай өнімдерін өзімізде өндіретін цехтар, құрал-жабдықтар шығару инвестиция тартқан кезде тарс естен шығып жатады. Және ішің ашитыны – Солтүстік облыстардағы астықтың қар астына қалып жатқаны.
Қазақ қазір:
Жіп тәрізділер: вермишель, спагетти;
Түтікшелі: макарондар, рожки;
Фигуралы: ракушки;
Лента тәрізді: кеспе мен жайманы т.б. күнделікті тұтынады.
Түрік ағайындар макарон өнімдерінің секторы өндіріс бойынша әлемде үшінші және экспорт бойынша екінші орында. Бұл елде биыл пайдалануға берілетін инвестицияларды есептемегенде, сектордың жылдық өндірістік қуаты 3 миллион тоннаны құрайды. Оның 1,5 миллион тоннасы экспортқа шығарылады. Ішкі нарықтағы осы жексенбідегі тұтыну көлемі 650 мың тоннаны құрайды. Қалған 850 мың тонна өндірістік қуаттылықтың артығын құрайды.
Әлемдік нарық әлімжеттілікке құрылған. Ол тек күштіні ғана сыйлайды. Қазақ нарықта күшті болуы үшін не істеуі керек? Өзімізде барды экспортқа шығаратын құрал-жабдықты өзімізде өндіруді жолға қою керек.
Abai.kz