Қазақ тілі қалай орыстандырылды?..

Қайым Мұхамедханов: ҚАЗАҚ ТІЛІН ОРЫСТАНДЫРУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
Патша үкіметі 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын жүзеге асыра бастады.
1865 жылы 5 июльде Алексанр II патша қол қойған документте қазақты билеп-төстеудің жаңа ережесін 1867 жылдан іске асыру мәселесі, екінші қазақ халқын келешекте православие дініне кіргізіп, орыстадыру саясатын іске асыруға бағыттады.
Ильминский Николай Иванович (1822- 1891)
1846 ж. Қазан духовная академиясын бітірген.
1858 жылдан 3 жылдай Орынбор шекара Комиссиясында қызмет істеп, миссионерлікке кіріседі.
Орыс алфавиты.
Ахмет Байтұрсынов:
«Қазақ діні шынығып жетпеген, шала мұсылман халық. Мұны мүсылман дінінен христиан дініне аударып жіберу оңай деген пікірмен, патша үкіметі қазақпен ноғай арасына жік салып, екеуін айырғысы келді. Оның үшін қазақ балалары ноғайша оқымай, орысша оқитын боларлық саясат жүргізді. Қазақ балалары үшін школ ашады, ноғайға қазақтың жазу жағынан сорпасы қосылмас үшін араб әріпін қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әріпімен басады...»
Патша үкіметінің осы саясатын қазақ даласында іске асыруға белсене кіріскен адам – миссионер Ильминский болды.
1861 жылы Ильминский профессор атағы беріліп, Орал, Сібір, Еділ бойындағы және қазақ даласындағы отар халықтарды шоқындыру мәселесі тапсырылды.
Ильминский ең алдымен татарларға арналған орыс графикасы негізіндегі жазудың жаңа үлгісін жасап, 1862-1867 жылдар арасында, татар тілінде, миссионерлік талабына сай 7 кітап жазып, оның бәрін де орыс алфавитімен бастырып шығарды.
1872 жылы ол Қазан университетіндегі қызметін тастап, біржолата миссионерлік жолындағы қызметке ауысты. Қазанда миссионерлердің орталығына айналған Духовная семинарияның директоры болды.
Татар ғалымы профессор Әбрар Каримуллин былай дейді: «... Таким образом, подготовка кадров миссионеров перешла в руки самого Ильминского. Здесь готовят кадров – миссионеров для всех районов России (стр.250)
Ильминскийдің қазақтарды шоқындырып, орыстандыру әрекетідегі миссионерлік саясаты: «... Орыстандырудың ең басты радикалды құралы – қазақ тіліне орыс алфавитын еңгізу. Қазақтар орыс алфавитымен жазып отырғанда, ол қазақтарды өзінің шырмауынан шығармай, өзіне тарта береді», – дей келіп, және бір пікір айтады:
«Бұл ойды орыс чиновниктері жүзеге асыруы тіпті кеміспейді деді. Яғни қазақтың өз адамы іске асыру керек. Оны іске асыратын кім болды? Ы. Алтынсарин.
1869 жылы Оқу Ағарту министріне жазған хатында Ильминский былай дейді:
«... Алтынсарин қазақтардың ортасында мектеп ашса, орыс алфавитын сонда қолданса, оны орыс елінің адамдары істетіп отыр дегізбей, өзі ашқан болса... ...Оны орыс басшылықтарының инициативасы деп халық ойламайтын тұрде жүргізсе... Ең әуелі жаңа идея Алтынсаридікі болады», ¬¬– дейді. (Қазан архиві. Ф. 968, 0-1, д-16, 1-2 стр.)
Жасырын қат. Архивта.
Ал біздің қазақ совет ғалымдары не дейді екен:
Алтынсарин «Хрестоматиясының орыс алфавиті негізінде жариялануы да автордың демократиялық көзқарастарының нәтижесі еді. Ыбырай ... орыс алфавитының қазақ тілінің дамуына ... пайдасын тигізетінін орынды болжады, орыс алфавиті діні сөздердің қазақ тіліне ене түсуіне мүмкімдік бермейді, сөйтіп бұл тілдің жат элементтер арқылы бұзылуын болдырмайды деп таныды. Сонымен қатар жастарды бірден орыс алфавиті негізінде сауаттандыру – олардың орыстың тілі мен біліміне үйренүіне көп жеңілдік туғызады деп санады», – дейді, біздің қазіргі ғалымдар (. Ә. Дербисалин. «Қазақ әдебиетінің тарихи», 1961, 270 б.)
Ильминскийдің қысымымен Алтынсаринның амалсіз істеген ісін түсінбеген...
Мұхтар Әуезов қалай түсінген екен: «... Алтынсарин чувствовал двухстороннее давление от церковников и мусульманства. Мусульмане считали, что он хочет крестить казахских детей и клеветали на него, а Ильминский, который офицально помогал ему, был убежденный христианин- миссионер, уверял всех, что через эти школы скорее можно провести свою идею обрусения казахов», – дейді.
Қай пікір, қай қорытынды дұрыс?
Мұхтар мен Ахмет Байтұрсынов бір жерден шығады.
Ильминскийді біздің ғалымдардың қалай құрметтеп, қалай бағалайтынын жақсы білесіздер!
Ал, орыс совет ғалымдары қалай бағалайтынына бір ғана мысал келтірейін.
Ильминскийдің қызметін арнайы зертеген профессор В.М. Горохов «Реакционная школьная политика царизма в отношении татар» деген, 1941 жылы басылып шыққан кітабында мынандай қорытынды жасайды: «Ильминский, педагог-миссионер, последовательный руссификатор, сторонник колонизаторской политики царизма» (37стр.).
1937 жылға дейін біздің «халық жауларымыз» да осылай бағалаған.
Ильминский 1881 жылы П.П. Масловскийге жазған хатында жалпы Россия халқының санасы оянуынан қатты қауіптеніп, әсіресе бұратана халықтардың өкілдері кадет копусында орталық университеттерде оқи бастағанынан үрейленетініп айта келіп, бұл монғолдар басқыншылығынан да қатерлі құбылыс дейді.
Тіпті қарапайым халыққа бастауыш білім беріп, сауат сауатандырудың өзінен де қаүіптеніп, былай дейді: «... в школах грамотности орфография и грамматика совершенно излишни, а для инородческих школ вредно и убийственно», – дейді.
Осы адамды біз қамқорымыз дегенге шейін бардық.
Алекторов, Александр Ефимович (1861-1918)
«Что нужно для обрусения инородцев» (1892, «Астраханский листок» № 207»:
«Бұратана халықтар үшін мектеп орыстандырудың басты құралы» – деген.
Монархист, миссионер.
Ғабит Мүсірепов: «Қазақ халқы А.Е.Алекторовқа үлкен қарыздар» («Қ.Ә», 1977, 18 март).
ҚСЭ, 1 том, 1972, 267 бет.
Мұхтар «Ақын аға» да (1951) «Зор миссионер Алекторов» деген.
Россия империясы өз қол астындағы орыс емес халықтар жөнінде қандай зұлымдық саясат қолданғанын РСДРП-ның X съезінің қарарында ашық айтылған:
«... Бұл халықтар жөніндегі патша үкіметінің саясаты ... олардың арасында қандай да болса мемлекет рухын жою, олардың мәдениетін бүлдіру, тіліне қысым жасау, оларды надандықта ұстау және ақырында оларды мүмкіндігінше орыстандыру саясаты болды» («КПСС партиясы съездерінің, конференцияларының және орталық Комитет пленумдарының қарарлары мен шешімдер». Алматы, 1985, 1-бөлім, 595 бет).
Н. С. Хрущев: «Біз бәріміз неғұрлым тезірек орыс тілінде сөйлесек, соғұрлым комунизмді тезірек орнатамыз» («Правда» 1989, 6 март) деп тастаған ұранының бізді қандай халге әкеп ұрындырғанын білесіздер.
Хрущевтің осындай атадар пікірін одан әрі ушықтырған КПСС ОК-ның секретары Суслов екен.
Орталық Комитетінің Политбюро мүшесі болған Шелест жолдас 1989 жылы айтып берді. («Аргументы и факты» газетінің №2, стр. 5-6): «... Он (Суслов) очень настаивал на быстрейшем слиянии наций, их языков и культур»
Белгілі жазушы, «Дружба народов» журналының редакторы Баруздин былай дейді: «... Они начались со времени Сталина, который всячески форсировал процесс слияние наций и народностей. Хотел он того или не хотел, но в определенной мере это вело к руссификации» («Дружба народов» 1988, №12, 226 стр.), деп жазды.
Ал, Ильминский сияқты әйгілі миссионер Остроумов бұдан 85 жыл бұрын, 1904 жылы Түркістан мұғалімдер семинарисының 25 жылдық мерекесінде жасаған баяндамасында:
«Русско-государственные задачи и стремления нашего отечества по отношению к инородцам состоят в обрусении. … Еще другая задача – способствовать слиянию киргиз (казах – Қ. М.) с русскими в один целый политическо-государственный организм», – деген.
(Остроумов Николай Петрович. Отчет Туркестанской учительской семинарии за 25 лет её существования. Ташкент, 1904, стр. 25).
Сталин мен миссионер Остроумовтың пікірінде, сөзінде ешбір айырма жоқ...
Қазақ мектептері...
Қайта құру жариялының заманы болмаса, осылай сөйлеп тұрар ма едік? Бүгін «Қазақ тілі қоғамың» құру құрлытайы боларма еді?
Совет елінде халықтың ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазуын өзгертеу мәселесі Ленин қайтыс болған сон қызу қолға алынды.
Араб алфавиті латынға көшетін болды. Латын «... Бүкіл әлемдік коммунистік қоғамнын алфавиті» деген пікір таратылды.
Ахмет Байтұрсынов:
«Европа жұртымен бірдей болу мақсатымен аламыз десек, алу қиын болған себепті орыстар аяқ баспай отырғанды біз сол мақсатпен істейміз деп айтудың қанша орны барлығын сөйлеп, көп сөз қылмасақ та болар» – деп.
Ұрда жық милау белсенділер не деді?
«Еңбекші Қазақ» газетінің 1931 жылы 25 майдағы үндеүінде :
«... Жаңа әліпті білмеймін дейтін қызметшілер – жаңа әліптің жасырын жауы деп саналып сотқа тартылсын» – деп жазды. Сол газеттін сол 1931 жылғы 24 июльдегі санында Бахтияр деген ақынсымақтың «Жаңа әліп жолында» деген өлеңінде:
Арабша, жаңа әліпші
Екі жақ боп тартысты:
Ахмет, Елдес, Мұхтарлар
Арабқа жұмсап бар күшті, деп шатпырақтады.
Әрине, олар үстем болды. Ахмет, Мұхтарлар тұрмеде жатты. Латын алфавиті жеңіп шықты.
1940 жылы халықтың қалауы бойынша деген желеумен латын алфавитын тастатып, орыс алфавитіне көшірді.
Философия ғылымының докторы Г.Батин 1989 жылы «Новая время» журналының 18 санындағы мақаласында былай деп жазды:
«Сталинские репресссии обрели такой масштаб, что во многих регионах была истреблена национальная интеллегенция, которая являлась носительницей исторической памяти народа. В Азербайджане, в Казахстане, в Молдавии традиционный алфавит был заменен кириллицей. Корни культуры, державшейся на многовековой традиции, были подрезаны» (стр. 25).
Ахмет Байтұрсынов бұдан 75 жыл бұрын, 1914 жылы былай деген екен:
«Хүкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың жазу-сызуы, тілі, діні бір болу. Россия қол астында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бәрі тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке одан артық іс болмас». («Қазақ», 1914, 9 май).
Қайым Мұхамедханов,
Семей қаласы. «Қазақ тілі қоғамның» ұйымнын құру құрылтайында сөйлеген сөз. Абай театры. 18 қантар, 1990 ж.
Abai.kz