Жұма, 21 Ақпан 2025
Анық-қанығы 574 3 пікір 20 Ақпан, 2025 сағат 15:41

БҚО Бөкей ордасы ауданында "белгісіз аппарат" табылды

Сурет: cmn.kz сайтынан алынды.

Жергілікті полиция ақпаратты растап, тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Просто журналистика" арнасы жергілікті тұрғынға сүйене отырып, құлаған аппараттың суретін жариялады. Оның бұл аумаққа қалай түскені белгісіз.

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың сөзінше, дрон Қазақстанның әскерилеріне тапсырылған. Ауыл ресейлік Капустин Яр полигонына жақын жатыр.

Журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы әлеуметтік желідегі парақшасында құлаған дрон ресейлік "Орлан-10" моделіне ұқсайды деп жазды. Оның сөзінше, бірқатар ресейлік және жергілікті медиа аппарат француздық SAGEM компаниясы жасаған Crecerelle барлау дронына ұқсайды деп айтса да, ашық дереккөздерден құлаған аппаратқа ұқсайтын моделін таппаған.

Abai.kz

3 пікір