Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Аймақ 2798 0 пікір 18 Наурыз, 2025 сағат 15:02

Әкім: Көкшетау - аристон қаласы деп атап кеткенбіз

Сурет: Erbolat Muhamedjan Youtube арнасынан алынды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов журналист Ерболат Мұхамеджанның Jibek Joly телеарнасындағы авторлық УӘДЕ жобасына қатысып, Ақмола облысындағы бірқатар мәселелер туралы сұрақтарға жауап берді.  

Әкімнің айтуынша Көкшетауда жылу электр орталығының (ЖЭС) құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.  

«Бұл жұмыс басталды. Біздің тарапымыздан жер беру мәселесін, дайындық мәселесін біз бастап кеттік. Енді осы жазда құрылысы басталады деп тосудамыз. Көкшетауда тек жылуға емес, электр қуатына да тапшылық бар. Көкшетау қаласы жылу электр станциясы жоқ Қазақстандағы жалғыз облыс орталығы болуы мүмкін. ЖЭС жоқ. Ыстық су құбырмен бармайды» - деді облыс әкімі.  

Аймақ басшысының айтуынша, ЖЭС құрылысы толық аяқталғаннан кейін ғана қала тұрғындарына ыстық су беріледі: 

«Көкшетау – «Аристон қаласы» деп кеткенбіз. Қазір халық амалсыздан «Аристонды» пайдаланып отыр. Ал сарапшылардың айтуынша, бұл екі есе энергия шығынын талап етеді. Көкшетауда ыстық су тек ЖЭС салынғаннан кейін ғана болады. ЖЭС-ті салу құрылысына министрлік жауапты. Біз әкімшілік ретінде инфрақұрылымды, ыстық су беретін құбырларды дайындауымыз қажет» - деді Марат Ахметжанов.  

Сұхбатқа сілтеме:

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 853
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2247
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 572
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 548