Қытай «Жұлдызды соғысқа» дайындалуда

Қытай ғарышта өз мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жерсеріктер арасында жерге жақын орбитада «әуе ұрыстарын» жүргізе бастады, деп хабарлады АҚШ ғарыш операциялары бастығының орынбасары генерал Майкл Гетлейн.
Оның айтуынша, ҚХР мен Ресей ғарыш технологиялары саласындағы АҚШ үстемдігіндегі технологиялық алшақтықты қысқарта бастауда.
АҚШ ғарыш күштерінің мәліметтері бойынша, сейсенбі күні Арлингтондағы «McAleese» қорғаныс бағдарламаларының конференциясында орбитада «бір-бірінің айналасында синхронды және бақыланатын маневр жасаушы бес нысан» байқалды.
Бұны біз «ғарыштағы әуе ұрыстары» деп атаймыз. Гетлейн, бұл операциялардың белгілі болуы коммерциялық қолжетімді ақпараттың көмегімен тіркелгенін нақтылай келе: «Қытай орбитадағы ғарыштық операцияларды бірнеше спутниктердің өзара іс-қимылымен орындау тактикасын, әдістері мен шараларын пысықтау үстінде», - деді.
Ғарыш күштерінің өкілі сілтеме жасаған «әуе ұрыстары» оқиғасы 2024 жылы Shiyan-24° C және Shijian-6 05A/B эксперименттік спутниктердің қатысуымен және жердің төмен орбитасында жүргізілген қытайлық маневрлер сериясымен байланысты.
CNN-нің жазуынша, мұндай технологиялар Қытайға жерсеріктерін жоюға немесе оларды істен шығаруға, сондай-ақ, қарластарының қарулы күштердің зымырандарды ұшыруын біліп, қайда екенін тауып һәм олардың өзара байланысын үзуге немесе істейтін іс-әрекеттерін тоқатуға мүмкіндік береді. Мұндай әрекеттер банк операцияларынан бастап жедел жәрдем шақыруға дейін жаһандық навигациялық жүйелерге зиян келтіруі де әбден мүмкін.
Өзіне қойылған Қытай мен Ресей туралы сауалға жауап бере отырып, Гетлейн бұл елдер «ерекше» мүмкіндіктерді дамытқанын атап өтті. Мысал ретінде ол спутниктік сигналдарды бұзу үшін кедергілер қою құралдарын пайдалануды, барлау спутниктерінің лазерлермен сәулелік шағылыстыру мүмкіндігін, сондай-ақ спутникті басып алуға және оны басқа орбитаға ауыстыруға байланысты маневрлерді атады. Ол мұны ұзақ уақыттағы, тіпті бүкіл тарихтағы «ең күрделі стратегиялық жағдай» деп ойбайға басты. «Бұрын біздің жақын әріптестерімізбен арамызда негізінен АҚШ-тың технологиялық прогресіне байланысты алшақтық болған... Бүгінгі күні бұл алшақтық айтарлықтай қысқарды», - деді ол.
Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында ғарыштағы қауіпсіздік жобасы директорының орынбасары Клейтон Своуп: «Басқа жерсеріктермен қатар маневр жасау «ғарышқа қарсы қаруды әзірлеудің» дәлелі болуы мүмкін», - деді.
Оның айтуынша, басқа жерсерігінің жақындасуы «сіз оны басып ала аласыз, оған тор құрып немесе снарядпен атқылайсыз, не болмаса, лазер немесе кедергілер генераторы сияқты энергетикалық қаруды пайдалануыңыз мүмкін» дегенді білдіреді. Бірақ мұндай маневрлер жанармай құю немесе техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ нысандарды суретке түсіру үшін де пайдаланылуы мүмкін, деп атап өтті сарапшы. Оның айтуынша, Қытай «күрделі маневрлерді жүргізу қабілетін көрсететін спутниктердің санын қарыштап арттырып келеді».
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz