Бейсенбі, 3 Сәуір 2025
Қылмыс 487 0 пікір 1 Сәуір, 2025 сағат 20:01

Шерзаттың қазасы бойынша істі Талдықорғандағы сот қарайды

Сурет: liter.kz сайтынан алынды.

Кәмелетке толмаған Шерзат Болатты өлтіру қылмысы бойынша алдын ала сот тыңдауы 10 сәуірде сағат 12-де Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында басталады. Бұл ақпаратты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасына сүйеніп жергілікті басылымдар хабарлады.

Алдын ала тыңдау Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтпек. Ақпаратта ашық сот отырысы қазақ тілінде өтеді деп жазылған. Бұл іс сотқа 12 наурызда түскен.

16 жастағы Шерзат Болат 2024 жылғы 4 қазанда өзінің отбасы жалға алып отырған Талғардағы дүкен маңында қаза болған. Сатып алушылардың бірімен болған даудың аяғы жанжалға ұласып, ол достарын шақырып, суық қару қолданылған. Салдарынан Шерзат мерт болып, оның немере ағасы жараланған.

Осы оқиғадан бір апта өткенде қара жамылған отбасының үйі түгі қалмай өртеніп кеткен, ол түні үйде ешкім болмаған, отбасы мүшелері Шерзаттың атасының үйінде ас беруге дайындалып жатқан. Полиция өрт әдейі қойылған деп хабарлап, ауданда күзетті күшейткен. Оған дейін марқұмның туыстары әкімдік алдына жиналып, тергеуді ашық әрі әділ жүргізуді талап еткен. Наурыз айында Қазақстанның бас прокуратурасы Шерзат Полаттың үйін өртегендер әлі табылмағанын айтты.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 886
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3217
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2211