Дүйсенбі, 7 Сәуір 2025
Күбіртке 168 0 пікір 7 Сәуір, 2025 сағат 14:58

Кішіаралды қалай тұщыландыруға болады?

Сурет: qazaly.kz сайтынан алынды.

Тұщы судың адам өміріндегі маңыздылығы бәрімізге белгілі. Тұщы су кезкелген өркениеттің өмір сүруіндегі ең маңызды матыриалдық құндылық. Тұщы сусыз ешқандай мәдениет немесе қоғам өмір сүре алмайды.

Сондықтан Кішіаралды тұщыландыру Арал өңіріндегі қоғамдық тіршілікті сақтап қалу мен дамытудағы ең маңызды стратегиялық шара болу керек деп ойлаймын. Егер Кішіарал тұщыланса, Арал қаласы мен қоса сол өңірдегі елдімекендер толығымен тұщысумен қамтамасыз етіліп қоймай, Кішіарал маңында егін шаруашылығы, малшаруашылығы, балық шаруашылығы кеңінен дамып, жаңа елдімекендер пайда болып, қызыған өмірге толар еді. Ну орман өсіруге болады. Сонымен қатар Маңғыстау өңірін де Кішіаралдың тұщы суымен қамтамасыз етуге болар еді. Әрине оның ащы судан тұщы суға өтуінен кей ондағы балық түрі жоғалып кетуі мүмкін. Алай да оның орнына тұщы суға тән балық түрлерін көптеп өсіріп жаңа экология қалыптастыруға болады. Бұл тұщы суы тапшы Қазақстан үшін таптырмас орай.

Ал енді оны қалай тұщыландыруға болады? Кезкелген ащы көлді тұщыландыру үшін оның барлық суын тұщы сумен ауыстыруға тура келеді. Ол үшін оған ағып кіретін өзен болу керек. Ол өзеннің суы көлдің бір басынан ағып кіріп екінші басынан ағып шығу керек. Сонда өзен суы көлді толықтай аралап өтеді де ащы су екінші жағынан біртіндеп ағып шығып, жылдар өте көл суы жаңаланып тұщыланады. Кішіаралға ағып кіретін өзен ол Сырдария болып, ол көлдің шығысоңтүстік жағынан ағып кіреді де сол тұстағы сутоспасы арқылы Үлкенаралға ағып шығып кетеді. Яғыни өзен суы көлді толық аралап шыға алмайды. Сондықтан бұл жағдайда Кішіарал суы тұщыланбайды. Оны қалай тұщыландыруға болады?

Кішіаралды тұщыландыру үшін:

  1. Сырдарияның суын сәл солтүстікке таман бұрып Кішіаралдың дәл шығыс жағынан, мүмкін болса Шығыссолтүстік жағынан кіргізу;
  2. Кішіаралдың батысоңтүстік бұрышынан оңтүсткке Үлкенаралға қанал қазып ащы суын Үлкенаралға қарай ағызу;
  3. Қазіргі Кішіарал сутоспасын топырақ дамбы арқылы бітеп оны бійіктетіп ұлғайтып су деңгейін мүмкіндігінше тағы 5-10 метір көтеріп 1970 жылғы деңгейге жеткізіп көл ернеуін Арал қаласына жақындату.

Жоғарыдағы шарттар орындалса Сырдарияның суы Кішіаралды толығымен аралап шыға алады да ащы су көлдің батыс жағынан біртіндеп ағып шығып кетеді де көл суы біртіндеп жаңарып тұщыланады. Кішіарал 10-20 жыл уақытта толығымен тұщыланып болады. Сонымен қатар Кішіаралдың батысынан ағып шыққан су Тұщытеңіз деген көлге құйып одан кейін Үлкенаралға қарай ағып кетеді. Кішіарал тұщыланып болған сон Тұщытеңіз де біртіндеп тұщыланады. Бұндай жағдайда олардың жағалауында егін шаруашылығын жүргізіп дамытуға болады. Қаңырап бос жатқан өңірде елді мекендер пайда болып дами түседі. Маңғыстау үстіртіне насостар арқылы су шығарып, ол өңірді де гүлдендіруге болады. Ну орман өсіруге болады. Сондықтан уақытты жібермей бұл стратегиялық шаруаға ел болып жұмылып қазірден бастап кірісуге шақырамын.

Өркен Тоқтарұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1561
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4291
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3195