АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы ушықты. Қазақстан қайтпек?

Ақ үй қожайыны Трамптың сәуірдің 2-сі күні әлемнің 180 елін қамтығын жаңа тарифтік жоспарын жариялағаны белгілі. Оның кері әсерінен қорыққан көптеген елдер АҚШ үкіметімен келіссөз жүргізуге ұзын-сонар кезекке тұруда. Алды келіпте жатыр. Қазіргі күнге дейін илікпеген Қытай билігі ғана қалды.
Трамптың жаңа кедендік салығына қарсы коммунистік Қытай билігі сәуірдің төртінде қатқыл жауап қайтарды. АҚШ тауарларына 34 пайыздық тариф белгіледі. Оған ашуланған Трамп: «Қытай билігі сәуірдің 9-на дейін ол тарифті алып тастамаса, жыл басынан бергі қытайға салынған тарифті тағыда 50 пайызға көтеремін, барлық келіссөзді тоқтатамын!» деп айбат шекті.
Оған пікір білдірген Қытайдың АҚШ тағы өкілі: «Үркітіп-қорқыту, қысым жасаумен мәселе шешілмейді. Біз заң аясында өз мүддемізді қорғауға құқылымыз», - деді.
Көріп отырғанымыздай, Трамп бастаған жаңа тарифтік соғыс – АҚШ-тан кейінгі әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытаймен бұрыннан басталған сауда соғысының шырқау шегі болайын деп тұр.
Қытай басшысының «адамзат тағдырының бір тұлғалануы», «батыстың әлсіреп, шығыстың күш алып келе жатқаны» туралы соңғы кезде жаһандық ареналарда жиі айтып келе жатқаны белгілі. Экономикалық жақта әсіресе, АҚШ долларының монополиялық жүйесіне қарсы нақты әрекеттерге барып келе жатқаны ақиқат. Оның нақты көрінісі ретінде сауда әріптестерімен юанмен есеп айырысу, цифрлық ақшаны дамыту қатарлы бастамаларын атауға болады. БРИКС сияқты саясиланған қауымдастықтар арқылы АҚШ долларына балама ұсыну, сол арқылы Қытай юанына доллардың орынын бастыру, сөйтіп доллардың қаржылық үстемдігін бір жолата әлсіретуді көздейтіні, әлемдің экономиканы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағысы келетіні айдай анық.
Ақ үйге қайта келген Трамптың екінші дүниежүзілік соғыстан кейін орныққан еркін экономикалық сауда жүйесін қайта құруды, Американың мүддесіне ыңғайлап алуды мақсат еткен соңғы нақты қадамы – Қытай тарабының ұзақ жылғы жоспарын әшкереге шығаруға түрткі болып отыр. Экономикасы қуатты Еуроодақ, Жапония, Үндістан Трампқа қатты кете алмай, тарифке монйынсұнатындарын айтып отырғанда, Қытай билігінің Трампқа қатаң жауап қайтаруының астарында сол шындық жатыр.
Қытай тарабы Трамп алдынғы кезек президентігі кезінде оның сауда соғысының дәмін татты. Келесісіне тыңғылықты дайындалды. Байден билігі кезінде, АҚШ пен арадағы чип соғысына қарамай, әлемдегі сирек металлдар қоспасын өңдейтін басты елге айналып үлгерді. Украина мен Ресей соғысынан да көп тәжірибе жинады. Еуропа мен АҚШ-тың әлеуетін көрді. Санкциясының қаншалық күші бар екенін бағамдады. Сондықтан батыс басылымдары Трамптың өзінің басты сауда одақтастарын да аямаған кезекті сауда соғысы «Қытайға тиімді, жеңіс қытай жағында болады» деп болжам айтуда.
Ресей мен Қытайдың ортасында орналасқан Қазақстан экономикасы, жүйеден теңгесі тағыда жаңа сынаққа тап келейін деп тұр. Қытай тарабы Трамптың айтқанын орындамай, межелі уақытта тарифті алап тастамаса, екі алып экономиканың арасындағы жаңа сауда соғысы шарықтау шегіне жетейін деп тұр. Ол кезде Қытай тарабы Трамптың еселенген тарифтеріне қарсы тұру үшін ұлттық валютасының долларға шаққандағы бағамын түсіруге мәжбүр болады. Ол өз кезегінде экономикасы Қытайға байланған Ресей мен бізге де әсер етеді.
Одан бөлек, бұл жолы бұл жолы Трамп Қазақстанға 27 пайыз тариф белгіледі. Келесі жолы Қытайға көтергенде, бізге де көтеруі мүмкін. Трамп Қытайдың айналасындағы елдерге өндірісін көшіріп, сол арқылы АҚШ нарығына еркін жол тауып отырғанын жақсы біліп отыр. 70 адам ғана тұратын айдаладағы белгісіз аралға да тариф белгілеуі соның көрінісі, қытайлардың жолын кесу екен.
Abai.kz