Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
Алаң 243 0 пікір 15 Сәуір, 2025 сағат 14:15

Жыл басынан бері 21,400 киік қырылған

Сурет: Егемен Қазақстан гәзетінен алынды.

Биыл көктемде 21 400 киік қырылған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, киіктердің жаппай қырылуына жұқпалы ауру емес, табиғи себептер әсер еткен.

«Бұл – табиғи құбылыс. Киіктердің өмір сүру ұзақтығы – орта есеппен 4-5 жыл. Кейбірі 8-10 жылға дейін өмір сүргенімен, қартайған, ауру-сырқау, әлсіз киіктер қыстың қатал жағдайына төтеп бере алмайды. Биыл өлекселер Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ұлытау және Қарағанды облыстарынан табылды. Жалпы саны – 21 400. Соның ішінде ең көбі – 15 мыңға жуық киік Ұлытау облысынан анықталды. Ветеринарлық сараптама қорытындысы бойынша ешқандай қауіпті жұқпалы ауру табылған жоқ», – деді Нысанбаев Үкімет отырысынан соң өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, киік санының артуы да бұл көріністі көзге анық байқатып отып. Бұрын да әр қыстан кейін белгілі бір бөлігі тіршілік ете алмай, табиғи сұрыпталу болатын.

«Киіктердің аналық бөлігінің 10 пайызы жыл сайын табиғи түрде қырылып отырады. Ал желтоқсанда күйекке түскен аталықтары да әлсіреп, қыстан өте алмауы мүмкін. Биыл киік саны көп болғандықтан, бұл табиғи өлім көзге қатты көрініп отыр», – деді министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1942
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4756
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3907