Жұма, 25 Сәуір 2025
Қылмыс 793 0 пікір 15 Сәуір, 2025 сағат 17:02

Аудандық білім бөлімінің басшылары және 8 бухгалтер сотталды

Сурет: el.kz сайтынан алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижесінде Түркістан облысында жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті.

Сарыағаш аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшылары Б. Майриховқа, Н. Усипбековке, Д. Акатовқа және 8 бухгалтерге қатысты үкім шығарды.

Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы ретінде аудару арқылы 550 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Акатов пен Майрихов 7 жылға, Усипбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен бухгалтерлер бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазаларға сотталды.

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Жымқыру тәуекелдерін азайту мақсатында барлық дерлік өңірлерде тәуекелдерді басқару жүйелері бар бухгалтерлік бағдарламаларға бірыңғай техникалық талаптар көзделген, олар жоғары жалақы мен «Өлі жандарды» есептей отырып, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, «Бұлтты бухгалтерия» жобасы іске асырылуда, ол бухгалтерлік есептің барлық жүйелерін орталықтандыруды және мемлекеттік органдардың, оның ішінде қазынашылықтың дерекқорларымен интеграциялауды көздейді.

Жоба бюджетті жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем құжатына жалған деректерді енгізу тәуекелдерін және басқа да қаржылық бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отырады. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексеріледі.

Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық департаменттері ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жалақыны негізсіз аудару тұрғысынан төлемдерді камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Барлық күдікті операциялар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, білім басқармасына және аударым жасаған ұйымның өзіне талдау жасау үшін түседі.

Бұл барлық күдікті операцияларды бақылауға және құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Ақшалай төлемдерді алушылардың дербес деректерінің дұрыстығына төлем құжаттарын автоматты тексеру тетігін енгізу инновациялардың бірі болып табылады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Жол картасының 9-тармағын іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесін интеграциялау жүргізілді

Мәселен, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Жол картасының 9-тармағын іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесін Әділет министрлігінің жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау жүргізілді. Енді мұғалімдерге төленетін барлық төлемдер - жалақы, іссапар, сыйлықақылар және демалыс ақысы ЖСН және ТАӘ бойынша ресми деректерге сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі.

Қосымша, екінші деңгейдегі банктер ЖСН бойынша түскен төлемдерді банк шотының деректерімен салыстырады. Бұл үшінші тұлғаның банктік шоты қазіргі жұмысшының атымен көрсетілген кезде жалған мәліметтер бойынша қаражат аудару мүмкіндігін толығымен жояды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2241
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5145
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4416