Сенбі, 19 Сәуір 2025
Ақмылтық 1164 0 пікір 17 Сәуір, 2025 сағат 12:08

Қалдық пен бензин Ханшайымы – Әлия...

Сурет: ratel.kz сайтынан алынды.

Abai.kz редакциясы осыған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қос қызының бизнес пен саясаттағы соқпақтары жайлы материалдар жариялаған еді.

Бірінші: Тақтан түссе де, аттан түспеген Дариға...

Екінші: Ханшайым Динараның қой терісін жамылған қасқыр бизнесі

Бүгін бұрынғы президенттің тағы бір қызы – Әлия Назарбаева жайында кішігірім материал ұсынбақпыз...


Қалдық пен бензин Ханшайымы – Әлияның әзірше жұртқа белгілі екі тайтаңы: Біздің сайт бұған дейін Назарбаевтың басынан бағы ұшқан екі қызы жайында біраз дүниелерді оқырман талқысына тарту етіп үлгерді. Бірақ оқырмандарымыз көкейінде «Әлия сонда «судан ақ, сүттен таза ма» деген түйткілді ой қалатыны жасырын емес.

Кез келген елдің билігін ұзақ жыл ұстаған билеушінің қыздары өз ұлтының нағыз патиорты болуға тиіс. Бірақ Кәрімов пен Назарбаевтың қыздары бұл қалыптасқан бағзы стереотипті бұзды.  Иә, Өзбекстанда – Гульнара мен Лола, Қазақстанда – Дариға, Динара һәм Әлия жалғанды жалпағынан басып жүрді...

«Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтыладының» кері ең әуелі Ислам әкәнің қыздарының басына түсті. Ал Назарбаевтың қыздарына шаң жуымай, ойхой дүние, мамыржай күй кешті. Олай болуына бір жағы тәжтажалдың да пайдасы тиді.

Әлияның әпкелерінен ерекшілігі – байға тигіштігімен аты шықты. Әуелі әкесінің тілін алып, әуелеттік некеге отырып, жұртты тақтан тайдырған қырғыз билеушісінің келіні атанып, Айдар Ақаевпен бас құрады. Кейін тағы екі рет қалыңдық көйлегін киіп, 2002 және 2015 жылдары бетін аштырды. Соңғы күйеулеріне үш қыз бен бір ұл сүйдіріп, көп балалы ана атанды.

Тек 2024 жылы ғана кәсіпкерлер – Медғат Қалиев пен Нұрлан Бимурзин журналистерге өздеріне және олардың бизнесіне 20 жылдан астам уақыт бұрын не болғанын айтып беруге бел буды. Атап айтқанда, елдегі ірі жанармай құю стансалары мен мұнай базаларының бірі болған «Азия» ҚТК-ны рейдерлік басып алу туралы тұңғыш рет сөз болып, Әлияның есімі жария етілді. Бизнесмендердің айтуынша, 2002 жылы компанияны Қазақстанның тұңғыш президентінің кіші қызы Әлия Назарбаева қолына түсірген. Әлия екі әпкесіндей емес, қай жерден қалай қағуды һәм пайдасы шаш етек бизнесті қалай тартып алуды Рахат жездесінен артық меңгерді.

Әлия ханшайым бой көрсетен екінші эпизод – қалдық өндіруге байланысты. Яғни, «ӨКМ операторына» қатысты.

«ӨКМ операторы» немен айналысты? ҚР-дағы «ӨКМ операторы» кәдеге жарату төлемдерін жинау бойынша айрықша құқыққа ие болды: ақша тікелей «ӨКМ операторының» шотына аударылып отырды. Содан кейін компания оларды бөледі. «ӨКМ операторы» қоқысты бөлек жинау инфрақұрылымын құрып, кәдеге жарату төлемдерінің бір бөлігін отандық автоөндірушілерге және қоршаған ортаны бұзатын автоқаптарды, қаптамаларды, пайдаланылған майларды және басқа да қалдықтарды «аннигиляциялайтын» компанияларға беруі тиіс еді.

«ӨКМ операторы» ЖШС-нің бірінші құрылтайшысы Әлия Назарбаева болды. 2022 жылғы қаңтарда «ӨКМ операторы» ЖШС активтері мемлекет меншігіне берілді.

«Әлия Назарбаева мені қарғыбаулы иттей ұстады», - деді сотта «ӨКМ операторының» экс-директоры. 2022 жылғы 28 қаңтарда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.

Сотталушылар орындығында бұл екеуімен бірге бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және «ӨКМ операторы» экс-бас директоры, Украина азаматы Светлана Коротенко болды.

«ӨКМ Операторы» ЖШС 2015 жылғы 23 қарашада жалғыз қатысушы - Әлия Назарбаеваның шешімімен құрылды, ол да нақты құрылтайшы болып табылады.

Кәсіпкерлігі әпкелерінен асқан Әлия қазақ жадысында әзірше жұрт білетін осындай бизнес сайқалдығымен қалып отырған жайы бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2035
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4892
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4092