Сұхбат: Қазақ анимациясының ең басты 3 мәселесі...

Қазақ анимациясы кешеуілдеп дамып келе жатыр. Кемшін түстары жеткілікті. Мұндағы ең басты кедергі неде? Осы төңірегінде елордамызда анимациялық кинорежиссер, Қазақстан анимациялық киностудиялар Қауымдастығының басшысы Жәнібек Нұрбекұлымен арнайы сұхбат алудың сәті енді түсті.
Ақтоты БАЛҒАБАЙ: - Жәнібек мырза, анимация саласына қалай келдіңіз? Бүгінгі сұхбатымызды шығармашылық жолыңыздан бастасақ.
Жәнібек ОРАЗАЛЫ: - Алматыда Өнер академиясында оқығанбыз 2004 жылдан 2009 жылға дейін. 2009 жылы Астанаға келдік содан бері осындамыз. 2009 жылы алғаш “Астана фильмі” жастар киностудиясы деп құрғанбыз. Көбінесе сол “Қазақфильмге”, “Балапан” телеарнасына анимациялық фильмдер жасаумен айналысамыз. Елордадағы ең алғашқы анимациялық студиямыз деп мақтанышпен айта аламыз. Басында қаншама қиындықтар болды. Ол бір анимация саласына мүлде көңіл бөлінбейтін заман болды. Алайда, табандылықтың арқасында бүгінгі таңда жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Біз “Астана фильмі” кілең қысқаметражды фильмдер, “Балапан” телеарнасына арнап сериалдар істеп келдік. Атауы: «Нартәуекел». Оны да жайдан-жай қойған жоқпыз. Бұны 2019 жылы түсірсем деген ой, жоспарым болды. Бастапқыда “Ғарышкер бала Тоқтар” деп атаған едік. Неге Тоқтар деп сауал тастағандар шықты. Ол кезде Тоқтар ағамызды көп ұната бермейтін заман болды ғой. Атын өзгертсеңдер деген де талаптар болды. Көңілге келетін нәрселер кездесті. Соңында осы «Адам: нартәуекел» дегенге тоқтадық. Бұл толықметражды фильмнің басты ерекшелігі екі компания бірігіп жасап жатырмыз және Қазақстандағы алғашқы жеке коммерциялық қаржыға жасалынып жатқан 98 минуттық толықметражды мультфильм.
2020 жылдың соңында мен аталмыш жобаны өз қаржыма бастап кеттім. Сөйтіп бір жыл жасадық. Командамен бірге күндіз-түні трейлерің істедік. Бәрімізге қызықты жоба көрінді, біраз қаржымды құртсам да, мәз болып жүрдік бәріміз о күшті шықты деп. 2019 жылды идея мен сценарийге арнадық. 2020 жылы бастадық қой жобаны, Сол 2020 жылы жобаны ұлттық киноны қолдау орталығына бердім, 2021 жылы да бердім өтпеді. Сосын қой бұлай болмас деп өзіміз бастап, кірісіп кеттік. 34 минутың жасап болғанбыз, трейлер болды, бәріміз балаша мәзбіз. Содан 2022 жылы арнайы Президент тапсырмасымен “Қазақ Анимация” деген құрылды. “Союз мультфильмов” сияқты ғой Алматыдағы. Ол кезде жаңадан құрылған кезі, бұрыннан бар бірақ мемлекет қаржы бөлетін болып соған жетекші қылып жіберді мені. Сөйтіп сол жақта 2 жыл жұмыс жасадым. Сол кезде біраз нәрселерді нақты түсіндік. Қазақ анимацияның неліктен еркін дами алмау себебін баса-баса ұқтым. Негізі анығында бұған дейін біз өзі анимация саласында 2004-тен бері жүрміз. 2004-жылдан бері қауымдастық құрғанбыз. Қауымдастықта жетекші болып жұмыс істедім. Халықаралық кинофестиваль өткізгеніміз бар. Соның бәрін көре-көре, қорытып-қорытып келіп ең соңында бір көз жеткен нәрсе мемлекеттен, бюджеттен ақша күтіп отырып істеу қиындау екен, егер сапалы дүние жасаймын десең. Мемлекет тапсырысын орындап береесің ғой, қаржы бөлгенімен, уақыт жағынан қысады олар қатты. Қайдағы шығармашылық еркіндік, шығармашылық өз жайында қалады, әсіресе, телеарналарда эфирді толтыру керек қой әйтеуір бірдеңе қылып. Уақыт көктемде бересің, нәтижесі күзде шығады деген сияқты. Сол нәрселер құртады екен сапаны. Содан кейін біз өзіміз бастап істеп кеттік амал жоқ. Мен Алматыға қазақ анимацияға жетекші болып кеткеннен кейін 2 жылда кәдімгідей студияларды көрдік әрқайсысын аралап шықтық. Шетелдерге шықтық көрдік, көзіміз ашылды. Өзіміздің мүмкіндігімізге сендік, сенім пайда болды. Көп өзгеріс керек деген шешімге тоқтапдық. Әлгі мәз болып жүрген 2021 жылғы керемет шыққан дүниемізге көңіліміз толмай қалды, өтірік ұят нәрсе екен дедік. Анау бақандай 34 минутты қоқысқа тастадық. Оған 30 миллионнан аса кеткен өз қалтаңнан, қаншама еңбек, ащы тер бәрі кеткен. Соның бәрін қидық, көз жұмып тастадық, 0-ден бастадық. Сол себепті, “Адам: нартәуекел” деп қойдық. Көрейік не болса о болсын деп амал еттік. Бірақ бала Тоқтар, Тоқтар болып қалады да. Ғарышкер ол бала. Содан сценарийді бәрін қайтадан жазғызды, қайтадан кірісіп енді істеп нәтижесі шыға бастады. Мамаңдардың да біздегі сапасы, деңгейі өскен, енді оң-терісімізді білеміз, техниканың мүмкіндіктерің білеміз. Сөйтіп сценарийіміз 80 минут болды. 80 минуттық толықметражды фильмді жасаймыз деп Өнер қырандарыңдағы Мадияр өзіміздің досымыз бірге оқыған. Өнер қырандары мен “Астана фильм” студиясы бірігіп жасадық. Ол кезде менің жанымдағы достарым, командадағы көрдіңіз ғой жігіттер жұмыс жасап жатты ғой, соларға біз биыл аяқтаймыз дегенбіз. Өткен жылы 2024 жылы 10 июнь күні бастадық біссміллә деп. Міне содан қазірге дейін, мінекей сәуірде 10 ай болды ғой. Осы апта аяқтаймыз анимациясын. Ал енді 80 минут жасаған кезде қайтадан жаңадан жасадық қой трейлерді. Қытайда “Жібек жолы” халықаралық кинофестивалі болды, соған мен бардым. Режиссерлармен кездесіп, сөйлесіп олар да қызықты бірден. Біз күтпедік Қазақстанда бұндай сапа бар деп. Оларға айттым мен “Қытайдың кинотеатрларыңда көрсетуге мүмкіндік бар ма?” деп. Олар айтты “Бірінші рет көрдік, сапа деңгейінен күмәніміз жоқ” деді. Мазмұн жағынан аман болса, егер саясаттан алыс, қоғамға кері ықпал ететін дүниелер болмаса болды ғой оларға, біз енді одан тазамыз. Екіншіден, ол бір ұлттың ғана, бір адамның ғана тақырыбы емес, ол 2300-2400-ші жылдарда өзге ғаламшарда болып жатқан оқиғалар, бас кейіпкер адамзаттан Тоқтар, әкесі, шешесі үшеуі. Қалғанының бәрі өзге ғаламшарлық балалар, өзге планеталар. Сосын ол жағынан проблема жоқ және олардың айтқан тағы бір талабы, бізде фильм 80 минут еді ғой. Қытайдың кинотеатрында болу үшін ең кемінде 90 минуттық болуы керек. 90 минуттан төмен болса болмайды. Сосын амал жоқ қостық. Бірақ келісімшарт бәрін жасап қойғанбыз 50/50. Ол 10 минутты өзіміз еңбектеніп істедік. Сосын 2к-мен істегенбіз, бізде Қазақстанда 2к ғой. Қытай жақ айтты 4к болу керек. Ол біздің жұмысты тағы бір есе ауырлатты. 1 секундта 24 кадр болады. Бізде 5400 кадр болды 80 минут юолғанда. Енді 1 кадрға 10-30 минут, орташасы 20минут кадр. 1 секундта 24 кадр, 30 минуттан келсе 12 сағат кетеді 1 секундты рендерлеу үшін. Оны жай компьютерлер істей алмайды. 4090-4080-нен жоғары сондай болу керек видеокартасы. Сол жағынан қиындықтар болды. Өткенде Мадияр екеуміз біраз іздедік соны. Қазақстанда видеокартаны таппайсың ондай дүниелерді. Енді-енді шығып жатыр ғой біз жаққа келіп. Біз компаниялармен келістік, келіссөздер өткіздік. Бірігіп істейік, сендер қолдаңдар дедік. Қаржы жағынан ол рендер сервердің өзі 100.4млн теңге тұрады. Бізге ең аз дегенде 40млн керек. Ондай шама жоқ бізде, содан соңғы рет Қытай продюсерімен сөйлестік. Қытай жақпен біздің студиямыз бірігіп “Жібек жолының қорғаушысы” деген толықметражды фильм жасайтын болғанбыз. Қытай жақтан сценарий бәрі бекітілді, кейін Қытайдың агентігінің 2 жыл жүгірдік соңынан. Қытай жақтағы анимациялық продюсермен. Енді мақтанышпен айтатын бір нәрсе, ол проектіде Қытай жақтан режиссер «Нджа» деген мультфильм шықты ғой 2-ші маусымы. Ол әлем бойынша ең көп ақша тапқан 5 фильмнің біреуіне кірді. Өте жақсы, 2 млрд-тан асайын деп жатыр жалпы тапқан бюджеті осы қысқа уақыттың ішінде. Соның соңғы кезеңінің режиссері бар, бізге былай-ақ көмектес деп бір ауыз өтіндік. Олар түсінді жағдайды, өнер адамдары ғой. Озық технологияларды солар берді. Басында 56 миллионға істеп береміз деген компания, олардан 5 есе арзанға істеп беретін болып жарайды ақша керек емес деп бастысы еңбегі ақталса осы жердегі адамдардың істеп береміз, көмектесеміз деп сөйтіп жатыр. Рендер базаларың пайдаланып жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен көмек болды бірінші кезекте, сол үшін үлгереміз деген үмітіміз бар Алла қаласа, бәрі дұрыс болса. Мұның бәрін қаһармандық деп те айтуға болады-ау.
Кейде адамның күші-қабілеті қанша жетіп тұрғанмен техникаға тәуелді болатын кездерің болады. Ал техникаң мықты болғанымен, көп санды адамдар ойлайды ғой қазір жаңа технология шығып жатыр, анимация жасау оңай ғой деп. Олай емес. Технология шыққанмен де, бәрібір адамның қабілеті, білімі керек. Екі нәрсе бір-біріне тәуелді бәрібір. Сол енді қазір көңіл-күйіміз тоқ, мәзбіз, шүкір.
Ақтоты БАЛҒАБАЙ: - Қазіргі қазақ анимациясындағы көрерменге берілетін басты құндылықтар мен идеялар қандай? Қай бағытта дамып келеміз?
Жәнібек ОРАЗАЛЫ: - Ақтоты ханым, енді қазіргі қазақ анимациясы деген кезде, 2022 жылы ашылған қазақ анимациясының шығармашылық бірлестігін айтамыз ғой, әлгі Алматыдағы қазақ фильмнің ішіндегі. Ол біздің қара шаңырағымыз. Әмен Қайдар атамыз 1965 жылы, сол жерде атақты "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген тұңғыш қазақ мультфильмін сол жерде бастаған. Бүкіл анимация саласындағы бүгінгі ардагер аға-апаларымыз бәрі де сол жерден өсіп-өніп шыққан еді. Осы бір киелі шаңырақта отырған басшылық 2019 жылы Орынборға барған кезде мемлекеттік тапсырыс бойынша келісімшартқа қол қойылған еді қысқа метражды пилоттық анимациялар жасалынады деп. Енді бірінші жылы біз барлық салаға мүмкіндік бердік. Қазақстанда 20 анимациялық студиялар қаржыландыру алды. Әртүрлі тақырып болды. Сосын 2020 жылға келген кезде біз ол жерде толық метражды шығаруға құқық жоқ, сериал шығаруға құқық жоқ. Мамандармен келіспей, ақылдаспай істеген қате қадамдар да болған екен. Сол шектеулерден құтылу жолы ретінде альманах шығардық. Түркі тілдес елдерге ортақ аңыз-ертегілер негізінде деп альманахқа 5-5 минуттан сол аңыздарға байланысты қысқаметражды мультфильмдерді енгіздік. Сондай қадамдарға да бардық. Жалпы бүгінгі таңда өзі анимация саласын қаржыландыратын үш бағыт бар: 1. Қазақ анимациясы. 2. Балапан телеарнасы. 3. Ұлттық киноны қолдау орталығы.
Оларда негізгі қойылатын бағыт, әлеуметтік тақырыптар сосын тарихи тақырыптар. Сол екі тақырып болғандықтан, шектеу көбірек болады, шеңбер ішінде болады. Бірақ соған қол жеткізудің өзі өте үлкен жол, азап былайша айтқанда. Соңғы кезде Балапан телеарнасын да жақсы-жақсы үрдістер болып жатыр ғой. Сериал жасап, сериалды толықметражға өзгертіп, кинотеатрларға қойып қадамдар жасап жатыр. Бұл-жақсы жағы. Ал жаман жағы да бар, “Балапан” телеарнасы ол көктемде бидай егесің ғой, күзде орып алу керекпіз деген талаппен жүреді тек. Шығармашылыққа өте қысқа уақыт беріледі, қаржы жағы да аз өте. Ондай жерде сапа талап ету өте қиын. Өте мықты дүние шығуы үшін бірінші кезекте уақыт болуы керек екінші кезекте жеткілікті қаржы болу керек. Әдетте анимация неге қымбат деп жатады ғой ешқандай адам күші емес тек рендер жасау үшін компьютерлік технологияны жасау үшін 56 млн теңгені арендаға төлеуіміз керек болды. Өте қыруар ақша кететін жақтары бар әлемдік сапаға шығу үшін. Мысал үшін «Сәби» деген болды, қандай жақсы жоба. Мағынасы да, мазмұны да, сапасы да жақсы. “Күн іздеген Күнекей” деген де болды. Қыз балалар тақырыбында, миф аңыздар негізінде жақсы тақырыптар болатын. Жақсы жобалар жоқ емес.
Тәрбиелік-танымдық бағдарламаларға қарағанда баланы үнемі ақыл айтатын жобалардан гөрі ойнап-күлген, еркін, жалт-жұлт еткен тақырыптар көбірек қызықтырады. Мысалы «Аю аю тұршы» деген ән, бұл жерде анимациясы өте әлсіз. Жаңадан бастап үйреніп жүргендер істеген. Бірақ, қаралымы неше миллион 80-100 млн қаралым жинаған. Бұл қуантады және де Балапан телеарнасы сапасыз дүниені жібермейді. Қазіргі анимациялық кино мамандарынан бөлек актерлармен біріккен жаңа бір толқын шығуы керек. Әсіресе блогерлер қатысу керек, жарнама тез кетеді ғой.
Бізде Қазақстанда қаншама бағдарламалар бар, мемлекетке тікелей бағынышты. Сол жақтарда санамақ болсын, жаңылтпаштар болсын, ойын-тақпақтар болсын соны арнайы бір қалыпқа түсіруге бір жүйеленген топтамасы болуы керек. Бір кешенді жоба керек.
Ақтоты БАЛҒАБАЙ: - Жылдар бойы сіз жетекшілік еткен анимациялық жобалар балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне қалай әсер етеді деп ойлайсыз? Тәрбиелік-танымдық мәні қандай?
Жәнібек ОРАЗАЛЫ: - Тоты, бұл енді былай ғой, біз бұдан бұрын 2009 жылы құрылдық та, «Аңшы» деген мультфильм жасадық, 15 минуттық. Ол сол кездегі 2010 жылғы ең үздік анимациялық филмдердің бірі болды. Халықаралық кинофестивальдерден де жүлде алды. Ол кезде маркетинг, реклама деген дамымаған заман. Сонын өзіңде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ол «Астана фильм студиясы» үшін бойтұмар жұмыс болды әрі ең алғашқы жұмысы. Одан кейін кездерде де көптеген қысқа мульфильмдер жасалды. “Қызықты энциклопедия”, “Ғарышкер бала”, “Күн іздегенен күнекей” болсын. Арнайы бағыттары бар өзінің, қызығатын көрермендері бар. Ал енді анимациялық студия ретінде, маман ретінде істеп жатқан жобамыз, «Адам: Нартәуекел» деген. Бұл енді өз қаржымызға күндіз-түні істеп жатқан жұмысымыз. Алда экраннан көреміз. Бағасын халық айтады Алла қаласа, кинотеатрларға шыққан кезде ел болып көресіздер.
Ұлттық киноны қолдау орталығы жасасын, кім жасаса да мейлі, мемлекет қаржысымен шығарылған кез келген анимациялық жобаларда бірінші кезекте өзіндік міндеттер, құндылықтар болуы керек, тәрбиелік мағына болуы керек, ұлттық салт-дәстүр ғұрып әдеттерге бағытталған ұлттық туынды болуы керек. Отанымызға пайдасы тисін болды.
Ақтоты БАЛҒАБАЙ: - Жәнібек мырза, сіздің ұжымның толықметражды жаңа мультфильмі жарық көргелгелі жатыр екен. Қандай аудиторияға арналған және негізгі идеясы қандай? Жаңа жобаларыңыздан не күтеміз? Жалпы, несімен ерекше?
Жәнібек ОРАЗАЛЫ: - Біздікі енді отбасылық 90 минуттық толық анимациялық фильм. Бұл жерде ең басты көтеретін тақырып отбасы құңдылығы, әке мен баланың махаббаты, қазаққа тән әкеге тағзым, құрмет деген нәрсе. Бұл бірінші маусымы, екінші маусымда ана мен баланың махаббаты көрсетіледі. Бәріміздің мектеп кезде сүйіп оқыған аңыздарымыз болды, сонын ішінде «Ертөстік» қатты әсер етті. Христофер Колумб бар ғой әлемді ашқан, осы екі идеяны алдым да сосын бұнда ғарышкер бала Тоқтар өзге ғаламшарларда жолығады, сол жерде балаларды кездестіреді. Олардың ата-аналарының бәрі құлдықта, соларды құтқару үшін ғаламды құтқару қадамына барады. Негізгі сол әке мен баланың махаббаты, сонымен бірге балалар арасында достықты, бірлікті, адалдықты, адамдықты насихаттайды. Қазір қоғамымызда насихатталуы керек ең негізгі қасиеттер осы.
Ақтоты БАЛҒАБАЙ: - Жуырда Президент Құрылтайда атап өткен "Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапары" мультфильміне сіздің қатысыңыз бар ма? Анимациялық режиссер ретінде қандай баға бересіз, не айтасыз?
Жәнібек ОРАЗАЛЫ: - Біріншіден, мен әлі көре алған жоқпын өкінішке орай. Күндіз-түні жұмыстамыз, студияда. Тікелей қатысымыз жоқ, бірақ 2022 жылы қазақ анимацияға жетекші болып барған кезімде «Idea» деген студия алғаш сол қазақ анимациясында дебюттық жұмыстары жеке қысқаметражды. Алғашқы тұсауың сол қазақ анимациясында кесілді демекшімін ғой. Енді бұл жерде бір асығыстық бар, амал жоқ енді “Балапан” телеарнасында. Сериал қылып жасап, сериалдан барып толықметражды мультфильм жасау деген нәрсе біраз қиындау. Ондай қадамға амалдың жоқтығынан барады-ау. Екінші жағынан, айтқанымдай Балапан телеарнасының қаржылылық жағы мен уақыт шектеуі деген тұсын ескеруіміз керек. Ол жерде уау дейтін бір керемет дүние шығару қиынға соғады. Сондықтан да, “Шоқан Уәлиханов” тақырыбы, мысал үшін Сұлтан Бейбарыс, Абылай хан, Жошы хан деген бірден көз жұмып кіріп кететін тақырыптар емес деп ойлаймын.
Ақтоты БАЛҒАБАЙ: - Ұрпақ тәрбиесіндегі қазіргі телеарналардың рөлі қандай?
Жәнібек ОРАЗАЛЫ: - Бізде дәл бүгінге дейін айтып келдік қой, ел болам десең экраныңды түзе деп. Телевизордың ықпалы өте зор болды. Әсіресе, ауылдағы балалар үшін. Ал дәл бүгінгі таңда ол қалып бара жатқан сияқты. Көбі ұялы телефон, интернетке кіріп кетті ғой, ал енді ол телевизор тек 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу үшін. Ата-анасы жұмысың істеп алайын деп өтіріктен телевизорды қоса салады, телефоның ұстатпау үшін. Сөйткен кездерде бәрібір ықпал ететін сияқты қалай дегенмен. Телеарналар дәл баланың қажет еткен дүниесің бере ала ма? Бұл да үлкен сұрақ, Ақтоты Ханым. Ол 24 сағат қой телеарна, эфир дегендеріңіз. Ал соның 10 минут па, 15 минуты ма, таза балаға арналуы мүмкін енді. Ал ол қай кезде көрсетілуде!? Дәл сол 5 жасқа дейінгі балаға керек дүние таңертең қойыла ма, түсте қойыла ма, кешке қойыла ма? Сондықтан айналып кетіп интернетке тәуелді, ұялы телефонның ықпалы басым болып шыға келеді ғой, соңында тағы. Осы детальдерге де Үкімет, Министрліктеріміз мән берсін. Тілек осы.
Ақтоты БАЛҒАБАЙ: - Жәнібек Нұрбекұлы, сұхбатыңыз үшін алғыс. Ойланып қалдым, мәдениет, өнер, медиа саласында осындай өзекті, өткір мәселелер әлі де ашық күйінде жатыр екен ғой назардан тыс. Анимация мәселесін көтергеніңіз үшін рақмет.
Жәнібек ОРАЗАЛЫ: - Ақтоты ханым, журналист ретінде, Қазақстан азаматы ретінде, отандық анимация саласына көңіл бөліп, зерттеп жүргеніңізге шын алғысымды білдіре кетейін, мен де өз кезегімде.
Abai.kz