Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Түркі әлемі 206 0 пікір 29 Сәуір, 2025 сағат 16:20

Түрік мәдениетінің цифрлық трансформациясы

Сурет: Түркі мәдениеті және мұрасы қорынан алынды.

Өзбекстанның Хива қаласында Өзбекстан Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Халықаралық Бақсы фестивалі өтті. Фестиваль аясында өткен «ІІ Түркі дүниесі мәдениет форумы» шеңберінде «Түркі мәдениетінің цифрлық трансформациясы» тақырыбында сессия ұйымдастырылды.

«Әдебиет және өнер» порталының хабарлауынша, сессия Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігі (TİKA) бірлесіп ұйымдастырды.

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының жоба менеджері Нури Аксуның модераторлығымен өткен сессияда мәдени мұра мен цифрландыру саласындағы халықаралық беделге ие мамандар бас қосты. Нури Аксу өз сөзінде TİKA мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар туралы баяндап, тараптар арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумға сүйене отырып, 2025 жылға жоспарланған бірлескен жобалар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, ол «Мажарстандағы түркі мұрасын цифрландыру» жобасына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар Нури Аксу аталған сессияның да тікелей TİKA мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова сессияға қатысып, қатысушылардың баяндамаларын тыңдап, оларды құттықтады.

Сессия барысында Түрік сәулет зерттеулері орталығының Бас хатшысы Хасан Февзи Чүген сөз сөйлеп, Балқандағы түркі сәулет мұрасын қалпына келтіру және цифрландыру жобалары туралы баяндады. Ол өз баяндамасында Балқан түбегі мен Түркістан аймағындағы түрлі мұра нысандары туралы айтып, TİKA-ның қолдауымен қалпына келтірілген Гүл Баба кесенесі мен музейі, сондай-ақ Сербиядағы Махмұд Паша моншасы сияқты жобаларға да тоқталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2512
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5438
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4727