Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Ел іші... 271 0 пікір 29 Сәуір, 2025 сағат 19:59

Қалалық мәслихат депутаттары «Астана Тазалықта»

Сурет: mezgil.kz сайтынан алынды.

Бүгін Астана қалалық маслихатының бір топ депутаттары «Астана Тазалық» мекемесінің жұмысымен танысты. Қала мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Табиғат үстіміздегі жылдың «жұмысшы мамандықтары» жылы екендігін атап өтіп, қаланың бас санитар мекемесінде сол қарапайым жұмысшыларға жасалған жағдайларды көздерімен көру үшін келгендерін айтты.  

Бүгінде 2 мыңнан астам қызметкері бар мекеме, 500-ден астам техникамен жабдықталған. «Астана Тазалық» компаниясы қала көшелерін санитарлық тазалау жұмыстарының басым бөлінде жүргізеді. Кәсіпорын елорданың 207 көшесіне (370 км) қызмет көрсетеді. Мекеме тәулік бойы демалыссыз қызмет істейтіндіктен, ауысыммен жұмыс жасайтындарға барынша жағдай жасалған.

Сурет: mezgil.kz сайтынан алынды.

Іс-шара барысында мекеме басшысы Замир Сагинов негізгі жеті бағытқа тоқталып, жан-жақты баяндап берді.

· Мекеменің соңғы бір жылдағы қаржылық жетістіктері;

· Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жасалып жатқан жұмыстар;

· Автопаркті жаңарту;

· Мекеменің жұмысын арттыру үшін атқарылған жұмыстар;

· Жұмысшы мамандығы жылына орай БАҚ-пен жұмыс;

· Кәсіподақ тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстар;

· Жаңа технологияларды еңгізу және қызмет сапасын арттыруға бағытталған жобалар.

Елордамызды шаңнан құтқару басты мәселелердің бірі, - деді Замир Сагинов.

Құрылысы қарқынды дамып келе жатқан Астанада бұл оңай шаруа емес. Жұмысқа да кедергі болмай, қаланы лас топырақтан арылту бағытында бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2536
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5458
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4758