Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Ақмылтық 1266 0 пікір 3 Мамыр, 2025 сағат 14:07

Қазақстан Ресей депутаттарын қара тізімге енгізді!

Коллаж: Abai.kz

Қазақстан билігі ел аумағына көз тігіп, елбұзар сөздер айтқан бірқатар жоғары лауазымды ресейлік шенеунікке Қазақстанға кіруге тыйым салды. Қазақстанда елге кіруге тыйым салынған ресейлік шенеуніктердің және сарапшылардың бейресми «қара тізімі» бар.

Бұл туралы «Deutsche Welle» хабарлады. Бұл тізім туралы Кремльдің бақылауындағы ТМД елдері институтының өкілі, атышулы ресейлік тарихшы Андрей Грозин Қазақстанға келмек болған кезде талқыланды. Қазақстан Грозинді елге кіргізген жоқ. Ресейлік тарихшыны паспорт тексеру үстелінде кері қайтарып, оның «керексіз адам» (нежелательная персона) екенін айтты.

«DW» хабарлауынша, мұндай шешімге ресейлік «сарапшының» даулы мәлімдемелері себеп болған: Ол қазақ халқын кемсітетін сөздер айтып, «Қазақстанда билікке «нацистер» келді» деп мәлімдеген. Грозин Кремльдің Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатқан кезінде айтқан риторикасын Қазақстанға қарата қайталаған.

Ресми емес «қара тізімнің» барын аталған басылымға беймілім дереккөздер растаған. Ал онда ресейлік тарихшы-насихатшы Грозиннен әлдеқайда жоғары лауазымды адамдардың аты-жөні жазылған.

Бұған дейін тізімде ресейлік ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский болған. 2022 жылдың қаңтарында ол Қазақстанды «жасанды мемлекет» деп атап, «көрші елді басып аламыз» деп сөйлеген.

«Қазір бұл бейресми «қара тізімде» Тина Канделаки, Тигран Кеосаян, Александр Дугин, Никита Мендкович, Мемлекеттік Думаның депутаттары Евгений Федоров, Вячеслав Никонов және Петр Толстой сияқты жағымсыз тұлғалар бар. Қазақстанда көргісі келмейтіндердің қатарында Константин Затулин мен Евгений Примаков та бар», - дейді дереккөз.

Бұл адамдардың барлығы Қазақстанға қатысты небір даулы мәлімдемедер жасап, Жириновскийдің үлгісімен Қазақстанға аумақтық талаптар қойған. Тізімдегі ең жоғары лауазымды тұлға - Ресей Мемлекеттік Думасының вице-спикері Петр Толстой.

Петр Толстой өзінің әсіре оңшыл көзқарастарымен танымал және Кремльдің агрессиялық, отаршылдық және экспансионистік саясатын қолдайды. Толстой  Қазақстан қалаларын «бастапқыда орыстікі» (исконно русские) деп атаған.

Ол сондай-ақ, Қазақстанды «Ресей үшін Украинадан кейінгі жаңа проблемаға» айналады» деп сөйлеген. «Егер Путин «үш күнде Киевте» табысқа жетсе, Қазақстан агрессияның келесі құрбаны болуы мүмкін еді деуге елеулі негіздер бар», - деген әлгі Толстой.

Қалай дегенде де, Кремль үгіт-насихаты көрші ұлтқа өшпенділік тудыру арқылы Ресей жұртшылығын мұндай сценарийге белсенді түрде дайындады. Бұл риторика Ресей билігінің 2014 жылдан бері Украинаға қарсы қолданып жүрген саясатымен бірдей. Қазақстанның «жасандылығы», «орыс жерлері», «қорғауды қажет ететін «орыс тілділер» және т. б. туралы өтіріктер осылар.

Қазақстанда Ресейдің үгіт-насихат және арандатушылық саясаты енді қабылданбайды. Сақтық саясаты ішкі шешім ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағы үшін белгі.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 876
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 999
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 967