Бейсенбі, 15 Мамыр 2025
Анық-қанығы 243 0 пікір 15 Мамыр, 2025 сағат 14:01

Украина-Ресей келіссөзі Путинсіз өтеді...

Сурет: сайт мұрағатынан алынды.

Кеше Ресей президенті Путин бүгін Стамбұлда басталатын Украина мен Ресей келіссөзіне байланысты кеңес өткізді. Жиыннан кейін келіссөзге қатысатын Ресей өкілдерінің құрамы белгілі болды. Олар: Ресей президентінің кеңесшісі Владимир Мединиский, Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин, Ресей қарулы күштері бас штабының басқармасының жетекшісі Игорь Костюков қатарлылар.

Көріп отырғанымыздай ресми тізімде Путин түгілі Лавров та, Юрий Ушаков та жоқ. Әлем жұрты келіссөзге Путин қатысса өзгеріс болатынына, соғыс тоқтайтынына үміт артқан еді. Араб елдерін аралап жүрген АҚШ президенті Трамп та Путин келіссөзге келсе, өзінің де Түркияға аялдайтынын айтқан еді. Тізімді көрген соң ол да Түркияға келмейтінін мәлімдеді. АҚШ тарабынан келіссөзді АҚШ Мемлекет істер хатшысы Рубио, Трамптың арнайы өкілі Уиткофф, Украина мен Ресей мәселесі жөніндегі өкілі Кит Келлог бақылайды.

Бүгін таңертең Путиннің баспасөз хатшысы Песков кездесудің Түркия президенті Ердоғанның Стамбулдағы резиденциясында өтетінін хабарлады. Зеленскийдің кеше түнде Түркияға аттанғаны мәлім болған еді.

Сарапшылар Ресей құрамының деңгейіне қарап, келіссөзден үлкен нәтиже шықпайтынын болжап отыр. Ресей құрамын бастап баратын Мединский 2022 жылы Ердоғанның арағайындығымен өткен келіссөзге де жетекші болған еді. Ол жолғы келіссөзде Украинаның НАТО-ға мүше болмауы, Еуропа елдерінің Киевке әскери көмегін дереу тоқтатуы сияқты талаптар айтылған-ды. Украина ол талаптардан бас тартқан. Осы жолғы келіссөзде сол ескі әуенмен өтеді деп болжануда.

Соны білгендей Еуропа елдері кеше Ресейге қарсы 17-ші реткі санкциясын жариялады. Онда Ресейдің санкциядан жалтаратын, көлеңкедегі 200 мұнай таситын кемесіне, 30 әскери өндіріспен байланысы бар компанияға, 70 жеке және заңды тұлғаларға шектеу енгізілген.

Мамырдың 13-і күні Қытайда сапарда жүрген Бразилия президенті Лула да Путин мен Зеленскийді Стамбұлда бетпе-бет кездесуге шақырып, Қытай басшысымен бірге "Қытай мен Бразилияның Украина мәселесі жөніндегі бірлескен мәлімдемесін" жариялап, екі ел басшысын тіке кездесіп, соғысты бір жолата тоқтатуға үндеді. Нақты жағдай көрсеткендей Ақ басшысы Трамптың да, Путиннің одақтастарының да күткен үміті ақталмайтыны мәлім болды. Кремль қожайыны тағы да түлкібұлаңға басты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2638
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4305