Алакөлдегі әділетсіздік

Құрметті Бейбіт Өксікбайұлы!
Өткен жылы Алакөл ауданы, Ырғайты ауылдық округінің бір топ тұрғыны хабарласып, өздерінің неше жүздеп, алды мыңдап мал өсіріп отырғанын, бірақ ондаған жылдан бері қытау, жайлаулық жер теліміне зар болып келе жатқандарын айтып, көмек сұраған болатын. Ұғыса келсем, олардың бәрішеттен көшіп келіп, осы өңірге қоныстанған қандастарымыз екен. Бәрі Қазақстан азаматтығын алып, өз жандарын өздері бағып келе жатқан еңбекқор жандар болып шықты.
Иә, мен жиырма жылдан астам уақыттан көші-қон саясатымен тынбай айналысып келе жатқан жігітпін. Көші-қон үрдісін реттеуге арналған заңдар мен нормативтік құжаттарға елеулі өзгерістер мен толықтырулар енуіне ықпал еткен тәжірибелі маманмын. Ұлы көшті екі реткі ауыр қатерден – 2013 Тимур Құлыбаев пен Кәрім Мәсімовтың, 2022 жылы Аида Балаеваның қастандығынан аман алып қалған белсендімін.
Тіпті, өзім де кезінде Қытайдан оралғанмын...
Мен ешқашан оппозионер де, оппозициялық топтарда да болған емеспін.
Бірақ, екі билік тұсында да атқарушы билік пен заң шығарушы органдардың жіберген қателіктерін айтып, оларды аяусыз сынайтыным рас.
Мен бұл әрекетімді Президентімізге жасаған көмегім деп есептеймін. Мен Қасым-Жомарт Кемелұлының бірден-бір қолдаушысымын...
Сондықтан өте жақсы білемін, шеттен оралған ағайындар, әсіресе Қытай мен Маңғолиядан келген ағайындарымыз өте еңбекқор, өзін-өзі жұмыспен қамтуға жетілген. Олар қаблеттеріне қарай жұмыс жасап, еңбектеріне қарай ақы алу қайғидасын өте жақсы меңгерген. Біреуге қол жайюжы, Үкіметке масыл болды білмейді.
Мен олардың мұндай жақсы қасиетін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде консультант болып алты жыл қызмет еткен кезімде тіпті де анық байқадым.
Қазақстанда оларды қинайтын екі-ақ нәрсе бар.
Оның біріншісі, құжаттанудағы қолдан жасалған кедергілер, екіншісі шаруашылық жүргізуге қажетті Жер телімдерінің жергілікті билік жағанан өз уағында берілмеуі.
Құдайға шүкір, Тимур Құлыбаев пен Кәрім Мәсімовтың ықпалымен заң арқылы жасалған құжаттанудағы кедергілер бұрынғыдан азайды.
Ал, Жер телімін алуға қатысты түйіндер көбеймесе, азаймай тұр.
Бір өкінішті жері, шеттен оралған ағайындардың осы еңбекқорлығы мен пысықтығының арқасында жүздеп, мыңдап мал өсіргені, байлыққа қол жеткізгені кейбір жоғары билік өкілдері мен жергілікті әкім-қаралардың көзіне сүйел болып қадалуда, көкірегіне шемен болып байлануда екенін де мен жақсы білемін.
Бұл – нағыз ақымақтардың, санасыздардың әрекеті!
Ақылды басшы бұлай болмайды!
Қайта, ондай еңбекқор азаматтардың проблемасын бірінші кезекте шешіп, оларды халыққа үлгі ретінде көрсетіп, дәріптеп отыруға тиіс қой...
Сөйтіп, Ырғайты ауылдық округі тұрғындарының сол өтінішін айтып, Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдиновтың атына арнайы хат жазғам. Алакөлге демалу ға барғанда, жерге мұқтаж болып келе жатқан ауыл тұрғындарының төрт-бесеуін ертіп барып, Алмас Сапарғалиұлының өзімен де кездескем.
Сонда көрдім, Алмас Абдинов алдына келген адамдармен дұрыстап сөйлесудің өзін білмейтін басшы екен. Мен ертіп барған азаматтарға дауыс көтеріп, тәп бір жау көргендей тіксінген болатын.
Одан да сорақысы, жерге байланысты картасы осыдан он жыл бұрынғы күйінде екен. Билік ауысып, Ата Заң екі рет өзгеріп, Жер кодексіне елеулі өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенімен, Ырғайты ауылдық округінің Жер картасы баяғы қалпында қалыпты.
Сөйтіп, бұл ауданның әкімінен түңіліп қайтқан жайым бар...
Міне, содан бері бір жыл өтті, жүздеп, мыңдап мал өсірген сол Ырғайты ауылдық округі тұрғындарының Жер телімі әлі шешілген жоқ!
Енді ол аз болғандай, жақында Ақтүбек ауылының бір топ азаматы хабарласып, өздерінің Алакөл аудандық Жер бөлімінде өткен конкрусқа қатысқанын Жер телімін алу үшін қатысқандарын, комиссия тарапынан әділетсіздікке тап болғандарын жеткізді.
Олардың айтуынша, 2025 жылғы 28 сәуір, сағат 10:00-де комиссия жерге қатысты конкурс өткізген.
Нәтижесінде, тек, «Аlakol-Press» аудандық қоғамдық -саяси газетінің бас редакторы Алмат Есенбеков әрбірін жүз мың теңгеден жасаған бизнес-жоспарларының иелері ғана аталған конкурста конкурс өткізген комиссияның 100% қолдауына ие болып, жеңіске жетіпті.
Ал, қалған 25, 50 мың теңгеге өзге маманға жасатқан және конкурсқа қатысушы үміткерлердің өздері дайындаған бизнес-жоспарларырының барлығы өтпей қалыпты.
Конкурс өтердің алдында Ақтүбек ауылының әкімі Мұрат Ахметов үгіт-нәсихат жүргізіп, Алакөл аудандық қоғамдық -саяси газетінің бас редакторы -Алмас Есенбековке әрбірін жүз мың теңгеден жасаған бизнес-жоспары бар үміткерлердің конкурстан сүрінбей өтетінін айтқан көрінеді. Тіпті, адамдарын жіберіп, әйтпесе конкурстан ұтпайсыңдар деп, қорқытқан секілді.
Бұл келеңсіздік туралы маған сол конкурстан өтпей қалған азаматтардың өздері айтты.
Ал, әділетсіздікке ұшырадық деген Ақтүбек ауылы тұрғындарының бизнес-жоспарларын арзан бағаға жасап берген Арнұр Тоқанұлы деген азаматпен де сөйлестім.
Арнұр Тоқанұлы осыған дейін «Ата Мекен» касіпкерлер палатасында сегіз жыл бойы бизнес-жоспарлар жасап келген тәжірибелі маман болып шықты. Қазір өзі жеке жұмыс жасап жүр екен. «Менің жасаған ешбір бизнес-жоспарларым қайтқан емес, бәрі өтті, кленттерім ренжіген емес, нәтижелері жақсы...» дейді.
Егер, Ақтүбек ауылының әкімі Мұрат Ахметов дәріптеген «Аlakol-Press» аудандық қоғамдық -саяси газетінің бас редакторы Алмат Есенбеков әрбірін жүз мың теңгеден жасаған бизнес-жоспарларының иелері ғана аталған конкурста жеңіске жетіп, өзге маманға бизнес-жоспар жасатқан азаматтар конкурста өтпей қалса, онда бұл – біріншіден, нарық заңына қайшы, екіншіден мының астарында сыбайласқан жемқорлық әрекеті болуы мүмкін!
Әділетсіздікке ұшырдық деген Ақтүбек ауылы тұрғындары Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап түсірген видиомәлімдемесін менің әлеуметтік желідегі парақшама жүктеп қоюымды өтінген соң, олардың бұл қайырлуын өзімнің «TikTok» желісіндегі парақшама іліп қойдым https://vm.tiktok.com/ZMSLbo1AQ/ .
Сол видиомәлімдеменің астына жазылған пікірлерге қарап отырсам, пікір қалдырған азаматтардың түгелге жуығы әділетсіздікке ұшырдық деген Ақтүбек ауылы тұрғындарын қолдап, конкурстың әділ өтпегенін айтып отыр. Сол пікірлердің арасынан «@Sanshar: Конкурс әділ өтпеді.Жеңімпаз конкурс хатшысының ағасы,ауыл әкімінің анасы,туыстарымен бөліп алды...» деген сөзді де көзім шалды.
Бұл енді анықтауды талап ететін сөз!
Айтпақшы, осы Алакөл ауданы әкімдігінің Жер бөлімі өткізген конкурстың бір видиосы қолыма келіп түсті. Нақтылап айтсам, бұл видионы сол Әділетсіздікке ұшырдық деген Ақтүбек ауылы тұрғындары жіберді https://vm.tiktok.com/ZMSLbtCyv/ .
Әділетсіздікке ұшырдық деген Ақтүбек ауылы тұрғындарының айтуына қарағанда, бұл видиода конкурс өткізіп жатқан комиссия мүшелерінің ортасында Ақтүбек ауылының әкімі Мұрат Ахметовтың өзі де отырған көрінеді. «Жай отырған жоқ, конкурсқа қатысқан бір азаматтың 8 наурызда ауылға көмекке алты жүз мың теңгедей сыйлық жасағанын айтады. Комиссия хатшысы ол жігіттің өтінішін дауысқа салғанда, 8 наурызда ауылға көмекке алты жүз мың теңгедей сыйлық жасаған сол азамат сегіз дауыспен жеңімпаз болып жеңіске жетті...»,-дейді Әділетсіздікке ұшырдық деген Ақтүбек ауылы тұрғындарының өкілі Мурат Калиев.
Аталған видиодағы жағдайлар шын болса, онда аудандық Жер бөлімі өткізген конкурс кезінде комиссия құрамында ауыл әкімі неге жүр!
«Ауылға ақшалай сыйлық берген азамат конкурс жеңімпазы болады» деген норма қай заңның нешінші бабында жазылға?!
8 наурызда ауылға көмекке алты жүз мың теңгедей сыйлық жасаған азаматтың ол ақшасын ауыл әкімі қан заңның аясында қандай қор арқалы қабылдады?!!
Менше, Әділетсіздікке ұшырдық деген Ақтүбек ауылы тұрғындары айтқан жоғарыдағы уәж бен мына видиодағы жағдай шын болса, Алакөл аудандық Жер бөлімі жанындағы комиссия өткізген конкрустың әділетсіз өткенін, конкурс барысында Ақтүбек ауылы тұрғындарының құқығының тапталғанын дәлелдеуге осы екі факті-ақ жеткілікті деп ойлаймын!
Құрметті Бейбіт Өксікбайұлы!
Өзіңіз жақсы білесіз, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өткен Жолдауларының бірінде: «Елде қалыптасқан «латифундистердің» тұтас тобы жерді пайдаланбай, «шөп қорыған ит» тәрізді ұстап отыр»,- деген болатын.
Алакөлде болып жатқан жағдайларға қарғанда, Елде қалыптасқан «латифундистерді» былай қойғанда, өзі басқарып отырған ауданның халқына алақандай жер телімін әділетті жолмен дұрыс бөліп беруге өресі жетпейтін «шөп қорыған ит» тәрізді әкімдер де бар екен.
Олардың Сіз басқарып отырған Жетісу облысынан төбе көрсеткені өте өкінішті болып тұр.
Құрметті Бейбіт Өксікбайұлы!
Осыған байланысты, Сізден жоғарыдағы айтылған мәселелер мен сұрақтарды Өз назарыңызға алып, бірінші, Алакөл аудандық Жер бөлімі комиссиясы өткізген конкусты арнайы комиссия жіберіп тексертуңізді;
Екінші, конкурста жеңімпаз болған азаматтардың осыған дейін қанша жер телімі болғанын анықтатуыңызды;
Үшінші, конкурс барысында заң бұзушылықтар анықталса, жауапты тұлғаларды жауапқа тартуыңызды, мына конкурс шешімінің күшін жойып, конкурсты қайта өткізуге пәрмен беруіңізді;
Төртінші, Әділетсіздікке ұшырдық деген Ақтүбек ауылы тұрғындарын Талдықорғанға алдырып, орынбасарларыңыз емес, Өзіңіз жеке қабылдауыңызды, олардың уәждерін өз ауыздарын естуіңізді;
Бесінші, Алакөл аудандық Жер бөлімі жанынан құрылған комиссияның құрамын қайта қарап, комиссия құрмына ауыл тұрғындарының өздері сайлаған азаматтармен қайта жасақтауға ықпал етуңізді сұраймын.
Ескерту: «Ашық хат» БАҚ-қа да жолданды.
Ауыт Мұқибек
Abai.kz