Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Көкмұнар 331 0 пікір 13 Мамыр, 2025 сағат 12:50

Қазақстан идеологиясының негіздері

Сурет: Abai.kz мұрағатынан алынды.

Ұлттың даму жолын көрсетіп, оның мақсатына жету жолында біріктіретін интеллектуальдық және рухани азығы оның Ұлттық идеясы. Егер ол ұлт мемлекетқұрушы болса, онда оның идеясы сол мемлекеттің идеологиясына айналады. Қазіргі кезеңдегі қазақ халқының немесе Қазақстанның ұлттық идеясы қандай деген сұрақ алдымен оның ұлт болып қалыптасуында шешуші рөл атқаратын зиялыларын мазалауда.

1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Тәуелсіз Қазақстанды өзіне мүшелікке қабылдарда, «авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет...» деген анықтама берген.

Тәуелсіздік жылдары ұлттық идея аясында Рухани жаңғыру, «Қазақстан-2050» сияқты шикізат экономикасына негізделген әртүрлі бағдарламалардың елді дамыған мемлекеттер қатарына қоса алмайтыны белгілі болды.

2022 жылы Президенттің Қазақстан халқына жолдауындағы даму қарқыны шикізаттан он есе тез, әрі сонша есе тиімді және энергия үнемдеуі 6-7 есе аз - білім, ғылым, инновациялық технологияның негізінде адам капиталын дамытып инновациялық экономикаға көшу және әділетті қоғам құруға бағытталған «Жаңа Қазақстан» бағдарламасын жарияланды.

«Жаңа Қазақстан» елдің білім, ғылым, технология мен экономиканы, әлеуметтік және құқық салаларын яғни қоғамды өркениетті елдер стандарттарына көшіріп, Қазақстанды дамыған мемлекеттер қатарына қосатын жоба.

Қазақстан бұл мақсаттарға «бірлік, әділет, даму» ұстанымдарын іске асыру арқылы жетеді.

Ол алдымен қазақ пен Қазақстан қоғамы мен түркі халықтарының бірлігі және халықаралық саяси-экономикалық қатынасты елді дамыту мақсатында шешу болып табылады.

Өткен ғасырдағы Қазақстанның дербес республика болуымен тұспа-тұс келетін алашордалықтардың ілімдері, оның ішінде Мыржақып Дулатұлының «Оян қазағынан» басталған ұрандары заманында ұлттық идеяның рөлін атқарып, қазақтың урбанизациялануында маңызды рөл атқарғанымен, басқа ұлттардың қыздарына үйленген сол кездегі зиялылар тобына қазақ толық сенбеген болар, жалпы ермеді.

Одан кейінгі ұлттық сананы оятуға ерекше әсер еткен Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы. Ондағы, «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен...» деген жолдары қазақ тағдырын анықтаған оның өмірінің философиясы болса, ол Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім...» деген Ұлы даланың ұлы тұлғаларының текті рухын «Мен қазақпын» деп жаңғыртып, ұлттық идеяның жаңа бағытын көрсетті...

1970-1980жж шыққан І.Есенберлиннің «Көшпенділер» және «Алмас қылыш» туындылары ұлттың тарихи жады мен санасын оятуда ерекше рөл атқарды.

Кезінде Мұстафа Кемаль, «Егер бізде бір ұлы роман, не картина пайда болса ұлтымыз түгелдей өзгерер еді...» деді. Бізде, заман талабына сай бір ұлы туындының болмауынан ұлттық идея аяғын сенімді баспаған сәбидің кейпінде қалуда. 30 жыл күткенмен өнер мен әдебиетте рухты сілкіндіріп, сананы оятатын тұшымды дүние пайда болмады. Мүмкін ондай туынды бұл ғасырда пайда болмас?!

ХХІ ғасырда қоғамды дамытатын негізгі сала білім, ғылым және біздегі шикізат экономикасынан он есе жоғары қарқынды дамитын инновациялық технология. Автордың 2008-2009 жылдары шыққан «Қазақ идеясы» және «Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы» (Г.Бельгердің алғысөзімен шыққан) монографияларын зиялы қауым мен қоғам жақсы қабылдағанымен ресми билік оны қабылдауға дайын болмады. Оған тәуелсіздік жылдары биліктің ұлттық идеологияны қалыптастырудың орнына «америкалық ұлт боламыз», «біз 130 диаспорадан тұратын (яғни қазақ деген ұлт жоқ) мемлекетпіз», «қазақта шегара немесе мемлекет болмаған», «Қазақстанның тарихы 1991 жылдан басталады» т.б. солақай саясаттың кесірі де тиді.

Жалпы алғанда тәуелсіздік кездегі авторитарлық режимге қарағанда 15-19ғғ. Қазақ хандығындағы әскери демократиялық саяси жүйе әлдеқайда прогрессивті болды.

«Жаңа Қазақстандағы» реформаторлық жаңа жүйе Президенттен бастап Қазақстанның барлық азаматтарынан тең құқылы бірлік, білім мен технологияны игерудегі жастардың жаппай жігерлілігі, ортақ мақсат пен әділетті қоғам үшін коррупция, трайболизм, діни экстремизм т.б. келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресті талап етеді.

Бұл бағдарламаның Халықаралық Адам институты (ХАИ), Әлемдік инновациялық Қор (WIF, 3500 атақты ғалымдар, оның ішінде ТОП-500 және 87 Нобель лауреаттары), әлемнің ТОП-50 технологиялық компаниясы, батыстың 30 банкімен серіктес Швейцарияның қаржы Қоры, ҚР ЖОО мен ҒЗИ дайындаған «Адам капиталын комплексті дамыту және инновациялық экономикаға көшу» жобасы («Жоба») негізгі екі саладан тұрады:

1. Адам капиталын (АК) комплексті дамыту БҰҰ бекіткен негізгі үш бағыт (өмір бойы оқу мен білім деңгейі, денсаулық пен өмір ұзақтығы және тұрмыс деңгейі), 54 критерийден тұрады. Халықаралық Адам институтының (ХАИ) АК дамыту жобасы 2011ж Үкіметтің салааралық ғылыми-техникалық Кеңесте қабылданып, 2017-2018жж Президенттің Қазақстан халқына жолдауларына кірді. АК таусылмайтын, әрі 3,5-4,0 есе болып қайтарылатын капитал;

2. Тиімділігі мен даму қарқыны шикізаттан орташа он есе артық, энергия шығыны 6-7 есе кем, 17 басымды сала бойынша инновациялық экономикаға көшу елдің қарқынды дамуын үдетіп, 2037-2040жж дамыған елдер қатарына қосылуын қамтамасыз етеді. Бұл жобаның тұжырымдамасы барлық министрлік, облыс әкімдері, Ұлттық компанияларда жан-жақты талқыланып қолдау тапты (600-ден астам хат келді).

«Жобаны» іске асыру мақсатында Кремний даласы мен жоғарғы білім мен ғылым деңгейін барлық елдегі ЖОО қашықтықтан оқыту арқылы бір уақытта 80-100 жылға дамытатын Технологиялық университет (ТУ) ашылуда. ТУ методикасымен оқылатын 87-90% ЖОО-да 50% шетелдік студенттер оқиды. 2031-2032жж Кремний даласы мен ТУ бюджетке түсетін қаржы мұнайгаздан түсетіннен 2,2-2,5 есе, 2035-2036жж 4,5 еседей артық болады.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама елдегі барлық кенорындарын отандық компаниелердің игеруі мен олардың барлық тендерларға қатысуы, елдегі барлық шетелдік компаниялардың 51% акцияларын Үкіметке беруі (Сингапур, Малайзия, Оңт Корея осы жолмен 125-135 орындардан екі-үш жылда дамыған 30 ел қатарына кірді) және шетке заңсыз шығарылған капитал мен мүлікті қайтару жатады.

Т. Рузвельттің, «Ұлттық байлық оның шикізатымен өлшенбейді, оны қалай пайдаланумен өлшенеді» дегені, әділетті қоғам орнатудағы шешімін табуға тиіс үлкен мәселенің бірі.

Осы жолдардың авторының ұсынуымен 1996ж Алматыда өткен «Қазақстан мемлекеттілігінің эволюциясы» халықаралық Ғылыми конференцияда ғылыми тұрғыдан алғаш тәуелсіз Қазақстанда (ІХғ. Күлтегін мен Тоныкөк жариялап он екі ғасыр ұмыт қалып) талқыланған «Мәңгілік Ел», 2014ж БҰҰ Бас штабында (Нью-Йорк) 133 елдің Елшілерінің қатысуымен өткен конференцияда («Алаш» ҒЗО Бас директоры, проф. Х.М. Ғабжәлелов) тұсаукесері жасалған «Қазақстан-Мәңгі Ел» идеясы, Қазақ мемлекетінің ұлттық идеясының стратегиялық бағдарламасы болып қалады.

«Ұлттық идея мемлекеттің иммунитеті» деген ұстанымды қолдайтын проф. М.Тоқашбаевтың (Байділда) 1926ж Қазақ Автономиялық республикасының, 1936ж Қазақ кеңестік социалистік республикасының, 1978ж Ата заңда, 1991ж тәуелсіздікті жариялаған Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңда және 1993ж Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясындағы «Қазақ халқының өзін-өзі билеу құқығын мойындай отырып, мемлекет құраушы қазақ халқының еркін білдіре отырып, Қазақстан Республикасы құрылды» деген халықаралық нормалардың барлығына сай ұстаным Қазақстан Конституциясының негізі болу керек дегені орынды ұсыныс. Ондай ұстанымы жоқ Конституция халықаралық нормаларға сүйенген, елдегі тұрақтылықты сақтай алатын құжат бола алмайды?!

Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық өзгерістерден кейін Қазақстан барлық нормаларға сай моноұлтты мемлекетке айналды. Алдағы уақыттағы қоғамның тұрақты дамуы қазақтың тілі, дәстүрі, мәдениетіне негізделуі керек яғни қазақ халқы қоғамды біріктіретін эпицентр, барлық диаспоралардың басын қосатын магнит рөлін атқарады. Америка үндістері өздерінің құрып кету себебін, «...біз келімсектердің барлығына жақсы болып көрінгеннен» дейді.

Қазақ тілінің мемлекетке қажеттілін арттырып, оны интеллектуальды ұлт қалыптастыратын тілге айналдыру, оны жаңа жолмен дамытуды қажет етуде. Ол:

* Әлемнің әр тілдегі (ағылшын, француз, жапон...) он университетінде қазақ тілі мен әдебиетінің кафедраларын ашып, сол тілдермен бәсекелестік жағдайда тіл мен әдебиетті жан-жақты (маман мен методикалар дайындау...) дамыту;

* 2011ж ХАИ ұсынған ғылым, технология, өнер, мәдениет салаларындағы әлемнің 4000 кітап, оның ішінде 500 түркі халықтарынікі, 50 жорнал т.б. қазақшаға аудару;

* Бала-бақша мен бастауыш мектептерде сананы ерте дамытатын Монтессори (АҚШ-та 300 астам Нобель лауреаттары мен 20 шықты президенттер тәрбиеленген) т.б. методикаларды ендіру;

* Алдымен аралас, одан кейін басқа тілдегі мектептерді ұлттық-интеллектуальдық мектептерге айналдыру;

* Қазтесті барлық мемлекеттік қызметкерлерге міндеттеу.

 Түркі (қазақ) өркениетінің тарихи-этникалық мәселесі

Жалпы адамзат тарихын алатын болсақ оның негізін салған түркілер құрған өркениеттер екенін көреміз.  Тарихшылардың арасындағы «б.д.д. үш мыңжылдықтың арғы жағында түркілерден басқа ешкім болмаған» дегенді ғылым әлі де дәлелдей жатар?! Ғылымда қазіргі дәлелденгені, ол көне түркілердің осыдан 25-30 мың жыл бұрыннан басталатын Америка құрлығына барған кезден белгілі тарихы (Всемирная хронология..., Русь. Народ майя).

Сол құрлықтағы сикуа, кетчуа, атабаск, аймара т.б. ондаған түркітілдес тайпалардың ацтек, ольмек, майя, инк өркениеттерін құрғаны дәлелденді. Америкадағы үндістер мен түркі халықтарының арасында 400-ден астам сөздердің мағыналарының бірдей екені (Мысалы, Венесуэланың астанасы Қарақас, қазақта көп ән «ахаудан» басталса, Ахау Майяның Құдайының аты, Канададағы Атабаск көлі мен наваходағы атабаск үнділерінің тілі мен Франциядағы Баскілер тілдерінің арасындағы байланыс қандай?!...), астрономияға негізделген күнтізбелері мен киімдеріндегі ою-өрнектің бір екені т.б. көптеген ұқсастықтар дәлелденді (Ахметов Ә., Каримуллин т.б.).

Түркизмдер сонымен қатар Герман, Скандинав (олар өздерін Орта Азиядан барғанбыз дейді), ағылшын тілдерінде кеңінен тараса, хинди тілінде түркімен бірдей 400-ден астам сөздер бар... Орыс тіліндегі мемлекетқұрушы сөздердің жартысына жуығы түркінікі. Радлов т.б. ғалымдар қазақ тілінің 2,5 млн сөзден тұратынын көрсетіп, оның саны орыс, эстон, фламан тілдерінің қосындысынан көп дейді.

Осы жолдардың авторының соңғы зерттеулері көне түркілердің Африка құрлығында кеңінен тарағанын көрсетеді. Қойсан тілінде сөйлейтін жер бетіндегі ең көне тайпалар - гуттентот пен бушмендер монғолаидтар. Олар мен түркілердің арасында 8 түрлі ұқсастықтар бар. Олар Африканың Оңтүстік аймағында орналасқан. Соңғы зерттеулер қазіргі халықтардың ортақ бабасы Адам осыдан 150-170 мың жыл шамасында сол жерден шыққанын дәлелдеді. Оның ұрпақтары б.д.д. 110-1200 мың жыл бұрын Африкадан Аравия түбегі арқылы Еуразия құрлығына көшкен. Норвегияның атақты жиһангері Тур Хейердал өзінің «Кон тики» атты кітабында Конгода лақ және тана тайпаларының өкілдерін көргенін жазады. Түркінің бұл екі тайпасының атында Конго т.б. елдерде өзен, қала, аэропорт ... аттары бар. Қойсан тілінде «қап-қара» т.б. ондаған түркі сөздері кездеседі. Нил өзенінің бір сағасы «Ақоба» деп аталса, солтүстік Африка елдерінде Ел (Эл) деген елдімекендер ондап кездеседі. Ал, Мароккодағы «Таңжер» порты, «Ақадыр» санаторийі, «Қозбақ» қорғандары... көне түркілер Екі өзен арасы мен Жерорта теңізінің айналасын б.д.д. 2700-2500жж жаулағаннан кейін пайда болған. Шумер мемлекетін (Құдайы Тәңір, мемлекет басшысы Білгеміш (Гельгамеш) (Крамер т.б.), Микен, Крит, Ханнан немесе Финикий (құдайлары Ел, Елім...), Мидия мемлекетін құрған Мәди Тарғытай-Қолақсайлардың немересі, Ертедегі Грекияның ғұламалары- Пифагор, Анаксагор... скиф (гректер түркілерді скиф, парсылар сақ деген), Египетте қайта өрлеу басталып, Хеопс т.б. ұлы пирамидалар салына бастап, бидай өсіру елдің негізгі табыс көзіне айналған кезде, егін өсіретін құдай етіп Осиристі бекітті (қаз., не түркіше «Өсіру»).

2017ж Макс Планк институты (Max Plank Institute for the Science of Human History) мен Тюбинген университетінің ғалымдары жастары 3500-ден 1500 жыл аралығындағы 90 египет мумиясының геномын қалпына келтірді. Сараптама олардың түркі және біразының оңтүстік Еуропадан (Израиль, Иордания, Сирия, Ливань, Грузия және Абхазия) екенін анықтады. Шумерде салынған Ур, Урук, Самара т.б. қалалар Ор (Орск), Орал, Самара... темір өндірген түркі жерінен барған алты қала. Фараондардың Ассирияға жазған хаттарынан олардың  түркінің теміріне зәру болғанын көреміз.

Италияның бұрынғы халқы этрустардың бір құдайы Тұран және онда Тарғытайдың моласының табылуы, сонымен қатар Римнің негізін салған Ромул өзінің шежіресін түркілердің бабасы Нұх пайғамбардың ұлы Иафеттен (Иафес) бастауы және Юлий Цезарьдан (б.д.д. ІІғ.) - Неронға (б.д.д. ІІғ.) дейінгі императорлардың тегінде «Kaisar яғни Қызыр» деп жазылуы олардың тектерінің түркі екенін көрсетеді.

Англия мемлекетін құрған Артур патша сармат (кіші жүз, табынның бір тармағы)... Осы сияқты Кипр аралы (Алашия), ондағы жалғыз тау-Бешбармак, Еуродақтың парламенттік астанасы Страсбург (Аргынторат) бұлардың бәрі ютубта тұр. Англиядағы «Бретон» деген сөзден бастап 326 топономиканың түбірі түркінікі (проф. Ефремов), Аркаимнан 200 жылдан кейін салынған Стоунхенджді (оларда 18 түрлі ұқсастық бар) ғалымдар түркілер салған дейді.

Исландия аралынан бастап Еуропа құрлығы тұнып тұрған түркизмдер. «Б.д. IVғ. дейін Еуропада ресми түркі тілі болды» дейтін Мұрат Аджидың сөзінің жаны бар (ол Ватиканның кітапханасында зерттеген жалғыз мұсылман).

Қытайдың алғашқы мемлекетін б.д.д. 1700 ж құрған Хуанди мен оның 30 нөкерлері ғұндардың астанасы Ордостан барғанын «Қытайдың Геродоты» Сым-Цянь жазса, алғашқы өркениет Ордостан Гансу, Шенси т.б. қалалар арқылы тарағанын Тьер Де-Шарден археологиялық қазбалар негізінде дәлелдесе, үшпатшалықтан кейінгі (б.д. ІІІ-IVғғ.) өркениетіндегі құмырадағы орнаменттен бастап барлығы түркіден шыққанын фин ғалымы Кастрен және жапон ғалымдары дәлелдеді (Әкім Ж.М., Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы, Алматы, 2008ж.).

Үндістандағы Хараппа өркениеті (б.д.д. ІІІ-ІІ мыңж.) де Орта Азия мен Орал тауынан барған металдардың негізінде дамыды (акад. Черных т.б.).Черных біздің дәуірге дейін Қарғалы, Жезқазғандардан 1,3 млн тоннадай руда кеткенін жазады.

Жоғарыдағы түркінің тарихына қысқа шолудың өзінен, олардың Еуразия, Солтүстік Африка және Америка құрлықтарындағы яғни

қазіргі адамзат өркениеттерінің негізін салғанының дәлелі.

Көне түркілер тек қазіргі адамзат өркениеті ғана емес одан да бұрынғыларына атсалысқанының іздері Тенгриан күнтізбесі, космогониясы мен қазіргі кванттық ғылымдармен ұштасып жатқан ілімдері...:

1. Кез-келген жылы 12 жылдық күнтізбенің басы, не аяғы болатын яғни мәңгі Мүшелден басталатын Тенгриан күнтізбесі (ТК) а). 12х5 =60 жыл адамдар өмірі (уақыты); ә). 60х6=360 аруақтардың уақыты; б). Одан әрмен Құдайлардың уақыты деп бөледі .

Жердің әрбір 72 жылда (12х6=72) Күнге байланысты бір градусқа (гр.) өзгеріп отыруын «процессии құбылысы» дейді. 72х360 =25920:2=12960. Бұл жердегі 360 гр. жер шарының толық өлшемі, 25920 жыл жердің күнге байланысты толық айналу уақыты және «12 мыңж. су тасқыны т.б. апаттар болатын екі цикль» болса,12960 жылда қайталанатын цикль. ТК Күн, Сатурн, Марс т.б. планеталардағы әртүрлі цикльдердің жерге әсерін ескерген және солардың негізінде құрылған. Автордың зерттеулері Тенгриан мәңгі күнтізбесін осыдан 13,6 млрд жыл бұрын пайда болған галактикалар эволюциясындағы заңдылықтарды зерттеуге  болатынын дәлелдеген ғылыми мақалалары Еуропада жарияланды.

2012ж Майя күнтізбесі бойынша осы «12 мыңж.» циклінің қайталанатын уақыты... Ағылшын ғалымдары өткен цикльдің алдында жер бетінде болған 676 млн адамның апаттан бір пайызы аман қалғанын жазады;

2. «0» градус Египет пирамидаларынан басталып, одан 72 гр. кейін Қайлас (Шамбала), келесі 72 гр. Анкгор, келесі 72 гр Пасхи аралы, келесі 72 гр. вертикаль бір градустың бойында жатқан Майя, Ольмек, Ацтек және Инк өркениеттері. Бұл Ұлы ескерткіштердің ортасында яғни әрқайсысынан 36 градус қашықтықта Бермуд үшбұрышы, Курск магнит аномалиясы т.б. қауіпті аймақтар болғанын және өркениеттерді қауіпсіз жерлерге салынғанын көреміз?! Жоғарыда келтірілген және жер бетіндегі басқа Ұлы ескерткіштердің горизонтальды орналасуы Тенгриан коспогониясына сай заңдылықтармен орналасқан көрсетеді;

3. Осыдан үш мың жылдар шамасында пайда болған семиттердің қасиетті кітаптары Таурат, Забурдан бастап, Көне және Жаңа Інжіл, Құран... адам балшықтан пайда болды десе, көне түркі-ғұндар өздерін «Күн сәулесінен пайда болған Ғұнбыз» яғни Күннің ұлымыз деді. Бұл жерде теңізден шыққан тіршілік (соңынан адам да) 200 млн жыл бұрын яғни «балшықтан» пайда болды. Күн 4,5 млрд жыл бұрын пайда болды. Бұл жерде принципиальдық қарсылық жоқ. Мәселе ғылымның даму деңгейінде. Ғұндардың өздерін сәуледен жаралдық дегенін ХХІ ғасырдың ғылымы Галактикадағы жүздеген млрд планеталар мен олардағы өлі және тірі материялардың барлығы сәуледен жаралғанын дәлелдеуде. Адам, көпшілік айтып жүрген «Менделеев таблицасындағы барлық элементтен емес» ғарышта ең көп кездесетін 24 элементтен тұрады. Оның төртеуі- оттек, сутек, көміртек, азот адам денесінің 98% құрайды. (Әкім Ж., т.б. авторлар, Тіршіліктану (Жалпы биология) оқулығы, 1993-2007жж). Ғұндардағы (қазақ) Сәуле, Нұр, Айсәуле, Нұрлы, Нұрболат (осыдан 2100ж бұрын түркілер алған болатты осы күнге дейін ешкім шығарған жоқ), Күнекей, Күнай т.б. ұғымдар қазіргі кванттың баламасы яғни осындай адам мен ұлттың аттары осыдан «12 мыңж.» цикльден бұрын, ғылым мен технологиясының даму деңгейі қазіргі өркениеттерден мыңдаған жылдарға алда болған қоғамда пайда болған. Мысалы, Жапониядағы Күнашар аралының атын көне түркілер шамамен осыдан 30 мың жылдай бұрын Америка құрлығына көшіп бара жатқанда тұрған жерлеріне қойып кеткен. Орта Азия, Алтай, Америкада кездесетін күнбасты адамдар сол дәуірде пайда болды;

4. Осыдан 15 мың жыл бұрын Тынық мұхиттың астына кеткен Му мемлекеті туралы ағылшын әскерінің полковнигі Чартвельд жүйелі зерттеп 2500 артефактілер тапты. Ол, Му жойылғаннан кейін оның орнына қазіргі Қытайдың жерінде Ұлы Ұйғыр мемлекеті пайда болғанын жазады. Қазіргі қытайлар құпия ұстап отырған жүзге жуық пирамидалар (олардың көпшілігі Хеопстан үлкен) сол кезде салынған болу керек.

Чуваштар түркінің көне тайпасы сибурдан (Сібір сибурдан шыққан) тараса, сибурлар Үнді мұхитының астында жатқан адамзаттың төртінші өркениеті лемурлардан шыққан. Сонымен қатар, чуваш, сармат және сақ (скифтердің) популяцияларының амазонкалардан тарағанын дәлелдеу ғылымның алдындағы міндет...

Халықаралық Адам институты жоғарыдағы мәселелерді ғылыми тұрғыдан жүйелеу мақсатында жүз томдық «Әлем тарихындағы түркі өркениеті» жинағын шығаруды жоспарлады.

Ұлттық идея тақырыбын терең зерттеген француздар Франция мемлекеті құрылғанда 180 диаспораны, Үндістан 2800 тілден тұратын халықтарды өздері құрған мемлекеттердің туының астына біріктіріп ұлы елдерге айналды. Біздің бірлік қашан баянды болады?! Қазіргі геосаяси жағдайда түбі бір түркілердің бірлігінсіз 7 республиканың тәуелсіздіктерін сақтап қалуы екіталай. Оның ішінде екі өркениеттің арасындағы, халқы 85 млн Түркия да бар (З.Бзежинский, Великая шахматная доска, 1996). Бұл ұлттық идеяның базалық негізі. Бұл бірлік сақталмай жеке-дара республикалар көршілеріне тәуелді болып қалады. Тәуелділік түптің түбінде отар болуға апаратын жол.    

Бальзактың шагрен терісі

Оноре де Бальзактың «Шагрен терісі» романында Ұлы даланың кепкен шагрен (құлан) терісі сияқты семіп бара жатқанын жазады. Романда оны татар даласы дейді. ХІХ ғасырда Ресей империясының отарына айналған түркі халықтарының болашақ тағдырын дәл тапқан ұлы жазушының романдағы көріпкелдігі ХХІ ғасырда тарыдай шашыраған 48 түркі халықтарының тағдырына айналуда.

Түркілер ірілі-ұсақты жүзден астам мемлекет құрған. Оның ішінде Еуропадағы ғұн мемлекеті, Ұлы түрк қағанаттары, Алтын Орда, Ұлы моғол мемлекеті, Осман империясы т.б. ірі мемлекеттер құрған түркілердің ұсақтанып, басқа халықтардың отарына айналуының себебі неде?

Оның негізгі себептері:

  • Басындда әртүрлі ру-тайпалардан құрылған түркілерде бірліктің болмауы яғни Мөде сияқты (б.д.д. ІІ ғасыр) ұлы қолбасшы ғұнның 24 тайпасын, Білге қаған (б.д. VI ғ.) 20 тайпасын біріктіріп құрған мемлекеттердің ыдырауына билікке таласқан тайпааралық соғыстар мен қуаңшылық - жұттар болды. Ондай көшпенді тайпалардың Одағында өндіруші шаруашылығы болмағандықтан (барлық күнкөріс бағатын малдың өнімі болды) яғни өздерін азық-түлікпен қамтамасыз ету әсіресе қуаңшылық-жұт (мал бір жұттық) жылдары қиын болды. Тойнби, «өндіруші шаруашылығы жоқ көшпенділер өзінше өркениет құра алмайды, олардың болашағы болмайтынын» жазған;
  • түркілер бір тіл мен бір дінге негізделген бір мемлекет құра алмады. Олардағы біріккен мемлекеттен гөрі әртүрлі ру-тайпаның мүддесі биік тұрды. Ондай жерде бірін-бірі сатып кету жиі болатын. Мысалы, б.д.д. ІІ ғасырда Қытай Қызыр бабаның ұрпақтары «Ұлы иозы»-кедерлердің (Гесер, Кердері) 400 жылдық бодандығынан құтылу үшін оның сыртындағы ғұндарды пайдаланды. Одақтасы ғұндармен бірге 17 жыл соғыста «Ұлы иозыларды» жеңгеннен кейін, енді ғұндарды талқандау үшін оның сыртындағы үйсіндерді одақтас етті. Осындай бірін-бірі шүберекке (жібек) сатқан түркі тайпалары тоз-тоз болып жеңіліп, қаңғырып кетті. Олардың бір бөлігі «Жиделі Байсанда» (қазіргі Ферғана жері) бес ғасырдай естерін жинап, көбейгеннен кейін, б.д. 552ж Білге қаған бастап Ұлы түрк (ол кезде «і» әрпі болмады) қағанатын құрды.

Түрк қағанаттарының ыдырауына да оны құраған тайпалар себеп болды. Алдымен оны жаулаған ұйғырлар өз қағанатын құрса, оларды жеңген қырғыздар өз қағанаттарын құрғанымен, олар өзара соғыстарда кезіндегі ұлы қағанаттың түбіне жетіп, Күлтегін мен Тоныкөк жариялаған «Мәңгі Ел» идеясы олар жаздырған аңғар тастарда 1200 жылға ұмыт болып қалды.

1370-1405 жылдары Ақсақ Темірдің Осман империясының қолбасшысы Баязит әскерін жеңуі, одан кейін Тоқтамыс әскерін талқандауы Алтын Орданың күйреп, орыс мемлекетінің күшейуінде шешуші рөл атқарды. Түркі халықтары мен мемлекеттерінің әлсіреп, жойылуына Ақсақ Темір «ерекше рөл атқарды» және соның кезінде Еуразияда  қалыптасқан геосаяси жүйе ХХІ ғасырда көп өзгерген жоқ. Түркі халықтарының тағдыры үшін ру-тайпаға бөлініп, өзара жауласқан түркіден асқан зиян болған жоқ.

1717 жылы билігі әлсіреген Тәукені хандықтан кетіріп, оның орнына «жер мен жесір дауын шешуден аспаған» үш би билікті бөліп алғанымен, олардың артынан ел мен әскер ермеді. Ел ыдырап, жоңғарлармен екі ғасыр соғыста жеңілмеген қазақ 1723ж «Ақтабан шұбырынды» кезінде 1/3 жуығынан айырылып, Қаратаудан кірген жоңғарлар жолында кездескен елді қиратып Еділден бір шықты...

1970-1980жж «ҚазМУ-дың құқық факультетіне түсетін жүз баланың тоқсаны ұлы жүзден, жетеуі орта... үшеуі кіші жүзден деген квота болған» деп жазады Известия газеті 1987ж. ақпандағы нөмірінде.

2000 жылдары Ұзынағаш ауылындағы ортақ зиратта «қайтыс болған қандасты жерлесе жергілікті ағайындар ол жер қазақ, не мұсылманның емес, бір рудың қорымы» деп, көмілген мәйтті қазып алып зираттың сыртына жерлеуге мәжбүр болған. Бұл, екі дүниеде де бастары қосылмайтындардың тірлігі.

Трайболизм - ол миға сіңген санадағы обыр немесе кейбір биологиялық түрлерде (құмырсқа, егеуқұйрықтарда...) кездесетін ажалдың шеңбері. Құмырсқа өздігінен жол тауып жүрмейді. Ол алдындағы құмырсқаның артынан жүріп отырады. Егер алдыңғысы тіке жүрмей бұрылып кетсе, оның артындағылардың барлығы сол шеңберді айналып, зорығып өлгенше жүре береді. Осындай шеңбердің диаметрі бірнеше шақырымға жеткен кездер болған... Бұл, сана емес, инстинктіге сүйенген түрдің трагедиясы. Оның трайболизмге қандай қатысы бар?! Елді ру-тайпаға бөлетіндердің инстинктісі бойынша, олар үшін өмірдің тірегі өркениетті ұлт болып ұйысу немесе мемлекет құру емес, сол рудың айналасынан аспайды. Оған мысал, Судан мен Эфиопия арасындағы ондаған жылға созылған тайпааралық және мемлекетке қарсы соғыстар трайболизмнің бір түрі.

Бұрын әртүрлі тайпаға бөлінген түркілердегі теріс дәстүр, бүгінде қазақтарда сақталуда. 1991 жылы казактар БҚО мен Атырау облыстарын (Қарашығанақ, Теңгіз т.б. елдегі 80% мұнайгаз кенорындарымен) бөліп алып қыркүйек айында автономия құрамыз дегенде, оған республикалық «Азат» қозғалысы кедергі болып елдің тұтастығын сақтап қалды. Сол кезде «Азат» қозғалысының жігерімен бір шеті Днепрден бастап, Қап тауы, Қазақстан, Алтай... Байкалға дейінгі халықтар бірігіп казактарға қарсы халықаралық коалиция құрды. Сондағы ел тұтастығын сақтаймыз деп күресіп жүргеніміз М.Шолоховтың «қазақ пен казак бір халық. Тарихты білу керек...» дейтін тарихы мен тектерін ұмытқан казактар яғни өзімізге жау болған қандас-туыстарың. Түркінің ыдырауынан тек казактар ғана пайда болған жоқ. 1770 жылдары Алтын Орданың мұрагері ноғай халқын жер бетінен жоқ қылған Суворов (Досмамбет жырау сол жылдары «Азаудың Стамбұлдан несі кем...» дейтін ноғайдың бас қаласының бірі Азаудың (Азов) қазір ізі де жоқ екеніне кім сенеді?! Қазіргі 16 млн тұрғыны бар Стамбұл әлемде өзінің ерекше орыны бар полис болса, Азау дегенді Досмамбеттен кейін ешкім білмейді), Сібір хандығын құлатып Көшімді өлтірген және сол арқылы Ресейдің Сібірден... Қиыр Шығысқа дейін жаулауына жол ашқан Ермак, башқұрттың екі қабат әйелдерін жаппай өлтірумен айналысқан Тевкелеев... барлығының тегі түркілер. «Бөлінгенді бөрі жейді...»;

- АҚШ социологы С.Тулмин түркілер мемлекетті басқаратын жүйе қалыптастыра алмағанын жазады. Оған Алтын Ордада бір жылда 8 хан ауысып, «қан сасыған хан ордасына айналып жатқаны» немесе Ұлы Моғол шахтарының тағдырлары мысал бола алады.

Тулмин айтатын жүйе қалыптаспауының негізгі себебі, олардағы белгілі ру-тайпаға негізделген биліктегі кландардың бастарының қосылмауынан немесе екі қошқардың бас бір қазанға симайтынынан. Алтын Орда ыдырағанда Русьтің үш ғасыр патша әулеті болған Романовтар (түркіше тегі Темірбайлар), түркінің туған жиені И.Грозныйлар, түркілерді отарлау үшін құрылған Касимовка қаласы (Қасымов, Ораз-Мұхамед (М.Мағауиннің «Аласапыранындағы» бас кейіпкер)... т.б. ) ру-тайпадан арылып және тектерін ұмытқандар үлкен империя құруға атсалысты. Орыс патшалығын  құрған негізінен түркілер мен угро-финдер (Л.Гумилев). Бұл Алтын Ордадағы бастары бірікпейтін ру-тайпалық қатынастан Ресейдегі ұлттық (нация) сананың айтықшылығын көрсетеді. Себебі, сол Романов династиясын құрғандар, Ресейдің түркілерді отарлау саясатын белсенді жүргізген Касимов, Ораз-Мұхамед, Қадырғали Жалаири (1690 жылдан бастап Мәскеуде үйқамақта болды) т.б. өз еріктерімен барғандар. Себебі, Алтын Орданың қазіргі сөзбен айтқанда авторитарлық билігі ыдырағанда бұрын орыс-орманнан жинаған мол салықтан айырылған далада аласапыран басталды. Алтын Орданың орнында пайда болған Қырым, Ноғай, Астрахан, Маңғыт, Сібір, Қазан т.б.  хандықтар заманындағы өзін-өзі қорғай алатын толыққанды мемлекеттер бола алмады және өзара одақ құруға ақылдары жетпеді. 1558ж Грозный Қазанды жаулағаннан кейін Қырым ханының Москваны өртеуі бірліктің тірлігі емес, бірлікке ешқандай пайдасы жоқ, кешіккен ашу-кекті шығару еді. Қорытындысында, кезінде Алтын Орда хандарының табандарын сүйіп (олар мешіт, шіркеу тұрғызбаған тәңіршілдер болды) салық төлегендер, енді бастары бірікпеген түркілерді отар қылуда. Мысалы, 2025ж шыққан Татарстанның тарихында татар халқы туралы ештеңе жазылмаған.

Қазіргі түркінің 7 республикасы да бастары қосылып толыққанды одақ құруға қол жеткізе алмауда?!

Қазақ дәстүрінде қызды «қонақ», «қыз жат жұрттық», одан туған «жиен басқа рудың тұқымы», «жиен ел болмас...» деген теріс ұғымдар ғасырлар бойы санаға сіңіп кеткен. «Дәстүрдің естісі бар, есері бар» болса елу жылда жаңаратын елде оның заман мен тарих сынынан өткен естілерін қалдырып, қалғандарынан құтылмаса, соңғысы ұлт пен қоғамды біріктіруге кедергі, елдің дамуына тұсау болуда. Қорытындысында қызы бір жақ, жиені екінші жақ... тарам-тарам болып бастары бірікпей дамымай қалған қауым, төрт құбыласы тең ұлт болып қалыптаспайды немесе мықты мемлекет құра алмайды. Көшпенділік кездегі бар мүлікті бірер арбаға сиғызып, қысы-жазы малдың артынан көшкен (ғалымдар адайлардың жыл сайын 2800-3000 км көшіп жүретінін айтады) ел үнемді (рационалды) өмір сүруге бейімделген. Оның ішінде бала тууды да шектеп, қызды 13 жастан кейін тұрмысқа беретін болған. Тоныкөк ІХғ. түркілердің қытайдан елу еседей аз екенін айтады.

ХХІ ғасырда қазақтан басқа халықтардың ешқайсысы, мүмкін біз білмейтін Африка, Океанияның жабайы тайпаларында немесе шариғатқа сүйеніп 9 жасар қызды тұрмысқа беретін Ираннан басқалары қызды жат жұрттық деп санамайды.

Себебі, сол «жат жұрттық» ұғымы қыз бала ес білгеннен бастап оның санасында тағдырын айқындайтын код болып қалады. Олар өз тағдыры мен бақытын өзі өскен ұядан емес, басқа жер, басқа елден іздейді... Басқа елдер миллиардтан астам адамды біріктіріп отырса, біз қазіргі 20 млн қазақтың жартысынан астамын «жат жұрттық» етіп бөліп тастап отырмыз?! Ол біреулерге жай ұғым болғанымен, басына түскен адамға тағдыр! 12-18 жасар қазақ қыздары суицидтен әлемде бірінші орында болуының негізгі себебі осында және «қызға қырық жерден тиым» деген тәрбиеге жат дәстүрде жатыр. Он жылдан астам соғыста сегіз млннан астам босқынға ұшыраған Сирия халқының жағдайы тап біздегідей мүшкіл емес яғни «біздегі қайғылы жағдайдың себебі (суицид) сыртқы фактор емес, ғасырлар бойы санаға сіңген есер дәстүрде?!

Түркі мемлекеттері шетелге қыздар тұрмысқа шығатын болса, күйеу жағынан мемлекетке $50-80 мың төлеуді міндеттеген. Қазақстанда осы уақытқа дейін бұл мәселе мүлдем қаралмаған. Соның салдарынан Ресей, Түркия, Австралияда... біреуі жоғарғы қабаттан құлаған т.б. әртүрлі себеппен мезгілсіз қайтыс болған қазақ қыздары сұраусыз қалды. Бізге шетке тұрмысқа шығатын қызға $70-80 мың төлейтін заң шығару керек және ол заңда шетелде қазақ қызынан туған баланы қазақ деп жаздыруды заңдастыру жолын қарау керек. Ол, орта жасы 28-дегі яғни осындай «мың жылда бір болатын» құбылысты қазақ санын өсіру үшін тиіімді пайдалану қажет. «Қыз жат жұрттық»... деген ұғым алдымен өз тұқымын жыныстық негізде бөлу яғни табиғат заңына қайшы құбылыс болса, ол кең көлемде алғанда ұлтты екіге бөлетін жабайы қоғамның теріс ұғымы.

Шеттетілген қыздан туған баланы қазақ жиен яғни ол басқа ру немесе халықтың тұқымы дейді. Сол жиендер деген кім?! Ел ішінде оларды бір жағынан «немереге тең туысымыз» десе, екінші жағынан «ол басқа рудың немесе елдің тұқымы» деп бөледі және қазіргі шежіре бойынша алғашқысы жәй көңілді алдарқату болса, екіншісі яғни жиенді басқаның тұқымы деп бөлу барлық қазақ мойындайтын заңдастырылған, текті бөліп яғни ұлт болашағына балта шабатын ұғым.

Бұл жерде оқырман Ұлдана Молдабаеваның, «Менің ойымша қыздың баласын жиен деп бөлетіндер Жаратушы Иемен ісі жоқтар! Біреуге ұлдан көбейіп, көркею бұйырса, біреулерге қыздан өсіп-өну бұйырған. Ұлдікі болсын, қыздікі болсын, немере, шөбере...!» дегені Жаратушыға да, ғылымға да сай ұғым.

Саны қазақтардай ғана еврейлер барлық пайғамбарларды семиттерден шыққан деп, қасиетті кітаптарда өздерін басқалардан жоғары деп жаздырып және Кабала т.б. аңыз-әлемдеріне сендіріп, әлемді аузына қаратып отырса, қазақтар (түркілер) сол Інжіл, Құрандарда пайғамбарлардың ұстазы яғни Құдайға теңеген Тәңірдің ұлы Қызыр баба, үндіеуропалықтардың қасиетті кітабы Авестада Құдай деп атаған Сармат бике, Кете бикелердің қадірін білмеген құдайсыз елде ие де, кие де болмайды. Киесіз елге бақ қонбайды. Қазіргі Ұлттық идея дегеніміз осы кие болар!

- Қазақтың (қыпшақ) қызынан туғанның бірі Қазан татарлары, башқұрт, чуваш, сонымен қатар түркілерге туыстас угро-фин халықтары - мордва (Мари Эл), удмурт, коми т.б. бодан қылып, татарларды шоқындырған яғни түркінің (қазақтың) жауы болған оның туған жиені яғни анасы қыпшақ Иван Грозный, адмирал Колчак, атаман Корнилов, революционер В. Куйбышев т.б. Осындайлардың ешқайсысы қазақты аяған жоқ. «Жиен ел болмас» деген осындайдан шыққан.

Жиендер ел болып, қазақ мүддесіне қызмет етіп, Қазақстанды өз отаным деп санау үшін, оны бөлмей, өз бауыр етіңдей етіп тәрбиелеу керек. Олай болмағанда қазақ пен түркінің түбіне шеттетілген жиендер жетіп жатқан жоқ па?!

Қазақтағы «Алты алаш», «жігіттің үш жұрты болады» дегені де Асан қайғының «нармая сирек айыр көп...» дегеннің бір түрі. Ол, «оның бір жұрты аққу, екіншісі шортан, үшіншісі шаян»... деген мағынаны білдіреді. Бұндай жағдайда (1,4 млрдтан астам халқы бар Үндістан бір ұлт болғанда, «түбі бір түркінің ұрпағы алтыға бөлініп» «жігіт» дегенің «мігітке» айналып көбіне бастары қосылмайтын берекетсіз қоғамның орнына ана тілі яғни Отаны етіп төртінші немесе жетінші жақты таңдайды?! Біздің мәңгүрт деп жүргеніміз осындайлар. Қазақта бір тіл, бір ел-жұрт яғни алаш біреу, жігіттің бір жұрты қазақ болғанда ғана ол бір ұлт, біртұтас мемлекет құрады;

- Бұл жерде кезінде отарлаушылардың бұратана халықты тиімді басқару үшін алдымен қыздарға (болашақ аналар ана тілдерін білмесе, оның балалары да білмей өседі деген есеппен ашылған) арналған орыс мектептері, бүгінде аралас мектепке айналғанымен қазақ тілін білмейтіндердің немесе білгісі келмейтін бұратана ұрпақтың ортасы болуда. Ондай ұрпақ интеллектуальдық ұлт құрудан гөрі, ұлт мүддесін сатуға бейім тұрады. Сондықтан, ол мектептер ұлттық-интеллектуальдық мектептерге айналдыру керек. Мысалы, тәуелсіздік жылдары қазақ руларының ДНҚ генеологиясын зерттеу яғни олардың ішінен айырмашылық, не әр руға тән ерекшеліктер іздеп, оларды бөлу кең етек алуда. Әлемнің генетик-ғалымдары адамзат Адам мен Евадан тарағанын яғни жер бетіндегі адамдар бір ата-ананың ұрпағы дегенді дәлелдеп жатса, біздің дүмшелер ҚР Жоғарғы білім және ғылым министрлігі арқылы алынған қаржыға қазақты бөлу жолдарын яғни трайболизмді қолдаумен айналысуда. Мәңгүрттердің тірлігі осындай болады. Мәңгүрттік иесіз үйдегі тарақан сияқты, оның қайдан пайда болатынын білмейсің, бірақ ол айналада яғни барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер, оқу орындары, базар т.б. қаптап жүр. Бұл құлдықтан арылмаған қоғамның психологиясы.

Соның салдарынан ақпараттық кеңістіктегі мемлекеттік тілдің таралуы бес пайыздан аспай отыр. Сонда бұл қандай тәуелсіздік? Ойланатын мәселе көп, бірақ ойланып қалғып отыратын уақыт жоқ! Тәуелсіздік кезіндегі 30 жылдағы күрестің жартысы сол ескі билікпен күреске кетті. Ол:

- 1991 жылғы «Азат» қозғалысының екі мұнайлы өңірді елден бөліп әкетуге қарсы жеңіспен аяқталған күресі;

- 1993ж. Елде екі мемлекеттік тіл болу керек деген Конгресс партиясын жаптыру (оның орнына 1994ж. Ассамблея құрылды);

- 1994ж 94 кәсіпкердің екі мемлекеттік тілді қолдаған хаты және онымен күрес;

- 1996 жылғы Ұлттық Академияның жабылуына қарсы күрес;

- 1996-2005жж. оппозиционерлердің өлімі (2024ж Нұрқаділов ғана Президент жарлығымен ақталды);

- «Қазақстанның тарихы 1991 жылдан басталады» деген ұлтты діңгегінен айыруға бағытталған солақай саясат, қалаймақан шешімнің салдарынан ЖОО-да жабылған қазақтың көне және ортағасырлық тарих кафедраларын ашу бүгінгі күнннің міндеті;

- 2010-2011жж Қазақстанда 130 ұлт бар (яғни мемлекет құрушы қазақ ұлты жоқ) деген «Доктрина... бағдарламасымен» күрес;

- 2009-2016жж Қытайға 1,7 млн га жер беруге қарсы күрес (2021ж Президенттің шешімімен жер жалға берілмейді және сатылмайды)...

- Мемлекеттің негізгі атрибуттары, орден-медальдары оның негізін салған Жәнібек-Керей, адамзаттың ұстазы Аль-Фараби, ғарыштағы жұлдыздың аты берілген ғалым Сәтбаев т.б. емес «Барыс», «Қыран», «Айбын»... аталуы бізде адамды бағалаудан гөрі жабайылар қоғамындағы зооморфтық сана басым екенін көрсетеді. Онда да мыңдаған жылдар бойғы түркінің байрағына айналып, рухының негізі болған, Сүйінбайдың, «Көкбөрі менің байрағым, Байрағым еске түскенде, Қозып кетер қайдағым...» деген жырындағы 62 тамырды шымырлатып, қалғыған рухты оятатын, Тәңірден (Көк Аспан-Көк Бөрі) түскен жолдарды естен шығару үшін қазаққа Еуразия мен Америкаға кеңінен тараған Көк бөрінің орнына, Іле Алатауында ғана сақталған, Қызыл кітаптағы жойылудың алдында, бір рудың таңбасы саналатын ирбисті (барс) ұсынып, Бальзактың шагрен терісін шақырады?!

- Тәуелсіздік жылдарындағы қоғамға кеңінен тараған коррупция елді аздыруда. Коррупцияның қайнар көзі Үкімет, құқық органдары, соттар...

«Жаңа Қазақстан» іске асу яғни халық пен билік арасында сенім орнап, олар бір мақсат үшін күресу үшін алдымен жоғарыда жіберген кемшіліктерді түзету қажет. Ал, бүгінде ел Президенттің жанына топтасып ел болашағы үшін құлшынып күресудің орнына, қоғамның біраз бөлігі немқұрайлылық пен сенімсіздік таннытуда. Оның бір себебі, негізінен биліктің ұлт тағдырын сиырқұйымшақтандырып, сыртқы шовинистік күштердің марионеткасына айналуынан болуда.

Жалпы осы тәуелсіздік жылдары қазаққа ана тіл, жер, жерасты байлығы, ұлттық өнер мен мәдениет, мемлекеттік мүдде... сияқты маңызды мәселелерді өзінен басқа ешкімге сенуге болмайтынын көрсетті!

Қазақтың «Әкемді алған құдайға да сенбеймін» дегені осындайға айтылған болар?! 

Шежіре:

- Қазіргі ғылымнан түркілердің 32-35 мың жылдық тарихы белгілі болса, оның алдындағы тарихы жан-жақты зерттеуді талап етеді. Методикалық тұрғыдан 300-320 жылдық кезеңге дұрыс жауап бере алатын қазақтың шежіресі бүгінгі тарихтың талабына сай еместігін 1991 жылдан бергі дайындалған ру-тайпалардың шежірелерінің тарихи құндылығы жоқ еңбек екенінен көреміз. Шежіренің негізгі міндеті бір әулеттің қысқаша тарихын түсіндіру. Оны елдің тарихына пайдаланғандағы теріс қорытындысы оқырманды адастырады.

Сондықтан, «Алаш» ҒЗО дайындалған «Қазақтың этникалық тарихы» академиялық 40 томдығының авторлары шежірені бір әулеттің қысқа уақыттағы тарихи очеркі немесе қосымша әдіс ретінде қарады.

Сонымен қатар шежірелердің негізгі кемшіліктері, олар қазақты біріктіретін емес, қызды немесе ұлттың жартысынан астамын жат жұрттық етіп бөлетін, тарих көрсеткендей ұлттың болашағына балта шабатын (жоғарыдағы Грозный, Колчактар...) әдіс болып қалуда. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің шежіресінде, оның 57-ші бабасы Мұхамед пайғамбар (ғ.с.) дейді. Оны жан-жақты зерттелген деп айтуға болмайды?!

- КСРО кезінде Қазақстан ЖОО тарихшы-ғалымдар емес, тарихшы-педагогтар ғана дайындағандықтан бұл салада шешілмеген мәселе көп. Оған, деректану саласының дамымауы, сүйектің негізінде мүсінді қалпына келтіру, ДНҚ-генеология лабораторияларының жоқтығы т.б.

Шежіредегі кемшіліктер және тарихтағы методиканың жетілмеуінен ел белгілі тұлғалардың (мысалы Шыңғысхан) қай ұлтқа жататынын анықтай алмай дал болуда. Шыңғысхан, не басқа тұлға болсын, бұл жердегі мәселе мынада. Ру-тайпаның өзін алып қараса, олардың көпшілігін тек қазаққа ғана емес түркі, монғол, араб, тіпті угро-финдерде кездеседі. Сондықтан, мысалы қыпшақ, қият т.б. яғни ру ол тек ғана қазақ екен деген жалған ұғым. Оларды бір ұғым деп қараған оқырмандар шатасуда. Қыпшақ тайпасы қазақ, қырғыз, башқұрт... Сирияда, тілі угро-финге жататын Венгрияға дейін тараған. Венгриядағы қыпшақтар, ХІІІғ Қотан ханмен барған 60 мың әскердің ұрпақтары. 33 рудан тұратын қоңыраттың 30-31 руы, найманның 85-90% жуығы Өзбекстанда, қалғаны Қазақстанда, біразы Қытайда тұрады. Тамалар башқұрттарда, Украинада бар. Сол сияқты Х ғасырда қарақалпақ жерінде Қият атты қаласы болған қияттар моңғолдарда да бар. Ал, моңғолдар да түркілер сияқты көне ғұндардың ұрпағы. Түркі мен монғолдардың тілдері біздің дәуірдің басында ажырағанын проф. Поппе т.б. дәлелдеді. Енисейден табылған көне түркі руникасын алғаш оқыған Даниялық профессор Томсен алдымен монғолдың «Тангри» сөзін анықтайды. Мүшелдегі маймыл деп жүрген мешін жылы монғолша шоқжұлдыз Үркерді білдіреді. Егер біз түркілер мен монғолдарды ғұнның ұрпағы деп тарихи шындықты орнына келтірсек Шыңғыс хан туралы ешқандай талас болмайды.

Халықтың қанын судай ағызып Бұхара халқының жартысын, Үргенштің 70% жойып, өзі халықтың қаһарынан қорыққаннан моласын жасырған Шыңғыс хан немесе Хорезмді жермен-жексен етіп, орнына жүгері ектіріп, адамның бас сүйегінен пирамида тұрғызған Ақсақ Темір т.б. яғни «азиялық диспотизмді» дәріптейтін бүгінгі қазақ либералды демократиялық дамыған мемлекет құрудан гөрі, «сакральды яғни үңгірдегі Қазақстан», трайболизм, өз тұқымын жат санау, жеке басқа табынып авторитарлық режимді немесе диктаторларды пір тұтуға бейім тұрады. Қазақ, осындай «өркениеттің адасуынан арылып», оған бет бұрғанда ғана елде жағдай түзеледі.

«Қыз жат жұрттық» деп қызды және одан тараған ұрпақ-жиенді басқа рудың тұқымы деп шежіреге кіргізбеу де,- ұрпақты, текті, ұлтты руға бөліп, біртұтас мемлекет құруға кедергі болатын ғасырлар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе. Оны ұлттық дәстүр дейтін болсаң, ол оның естісі емес, есері. Шежіре тарих ғылымының мәселесін шешпейді. Егер ол қоғамға қажет болса, онда генетика ғылымына сай оған ұл мен қызды және оның ұрпақтарын осы уақытқа дейінгі ру-тайпаға бөлмей, адамзаттың тегі бір адамнан тараған екенін мойындайтын ғылыми методика және елді біріктіретін ғылымға ұштасқан дәстүр ретінде пайдалану керек. Онда шежіреде руға бөлу болмайды, барлығы қазақ. Жалпы, қазақстандықтардың барлығы өздерін қазақпыз деп, қоғам бір ұлт (нацияға) айналғанда яғни оның мүшелері бір ұлт ретінде бір тілде сөйлеп, бір мақсатқа ұмтылып, дамыған ел бақытты қоғам құрады.

2020 жылы челендж жүргізген 10-12 Үкімет мүшелері (интернетте тұр) «қазақтың моральдық деңгейі орыстың (түрмедегі) мұжығынан төмен, қазақтың жауы қазақ, қазақ еңбек етпейтін кезбе, қазақтың айуандай қасиеті жоқ т.б. Қара сөздегі қазақты қаралаған ондаған тезисті үзіп алып республикалық телеарна, радиодан жариялады.

Сонда бұл челендждің мақсаты не?! Ол 2019 жылы бұрынғы билік отставкаға кеткеннен кейінгі, оны сынаған халыққа жауап деп қарау керек.

Ал, осы Қара сөз қазақтың рухани қорына жататын дүние болса, онда оны қазақты кемсіту, рухын жаншып, сағын сындару үшін бұрынғы билік пен отарлаушылар неге жүйелі пайдаланады? Ондағы «орыстан үйрену үшін бар малыңды сал...» т.б. қазақтың жерін бөліп алып, оны отарлауды мақсат ететін сыртқы күштер пайдалануда. Осыны қазақ ойланды ма?

Сонымен қатар, «осындай акциялардың болуы» билік пен халықтың арасында бірлік пен өзара сыйластықтың болмауын, ел мүддесі үшін бірге күресуге дайын еместігін көрсетеді?!

Президент соңғы Құрылтайда осы мәселеге жан-жақты тоқталып зиялы қауым мен қоғамды бірлік пен ынтымаққа шақырды. Бірақ ғасырлар бойы миға сіңген трайболизм сияқты обырды жеңу үшін үгіт жеткіліксіз. Оған Үндістан тәуелсіздігін алғаннан кейін Гандидің 2800 тілден яғни халықтан тұратын қоғамды біріктірген немесе Ататүрктің Түркияның барлық халқын түрік деп атаған (Осман янышарларының (әскер) небәрі он пайызы түрік болған) нақты саясат яғни мемлекеттік идеология немесе «Құдайдың қамшысы» қажет.

Қазақстандықтар, бұл мәселені шешіп, «Жаңа Қазақстанды» іске асыру Президенттің тарихи миссиясы деп түсінеді және ол мәселелерді шешуді жан-жақты қолдайды.   

Вахабизм (салафизм) елде ресми тіркелеген 3725 секталардың бірегейі. Оны бұрынғы билік тікелей қолдап республикалық телеарна ашып берді.

2022 жылы Сауд Арабиясы королінің шешімімен мемлекет, оның халықаралық беделін түсіріп, дамуына кедергі болып келген радикалдық ұйым вахабизмге тиым салды. Біздің биліктің жігерсіздігінен бұл ұйым жастардың миларын улап, мемлекетке қауіп төндіретінін Мәжіліс депутаттары бірнеше рет көтерді. Вахабизм (салафизм) уағызшыларының рөлі соңғы жылдары түрмелерде күш алып барады.

Жалпы, әлемдік дін Исламға және оның қазақтар ұстанған сунниттің Ханафи масхабын өркениет деп қарау керек. Сонымен қатар, академик Бартольд Исламды қабылдаған халықтардың тарихта басқа дінге өтпегенін жазады яғни бұл дін отаршылдар мен т.б. сыртқы күштерден сақтайды.

Ал, вахабизм таза Исламға жатпайды яғни ол елдің рухани азығы немесе өркениет емес, ол К.Маркс айтатын «опиум». Жастар естерін жинап, ондайдан аулақ болу керек. Оны ХІХ ғасырдың соңында Осман империясын құлату үшін ағылшындар құрған, Мәшһүр-Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ «Діні бар да, ұлты жоқ, Сақалы бар да, мұрты жоқ. Теке сақал, қырма мұрт, Ел түбіне сол жетер» дейтін радикалдық ұйым. Мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұндай ұйымдарға жай үгіт емес, тиым салдыру қажет.

Қазақ түрме салмаған. Қазір, түрмедегілердің үлесі жөнінен Қазақстан әлемде алғашқы ондықтарға (бұрын үшінші орында болатын) кіретін жандармериялық елдердің қатарында. Солардың көпшілігі құқық орындары мен соттардың «шаш ал, десе бас алатын» немесе біразы нақақ жаламен және қателесіп сотталғандар. Түрмеде отырғандардың 80-90% 30 жасқа дейінгі еңбек етіп елге пайда келтіретін, демографиялық мәселені шешетін және ұлттың жас патриоттары. Мейрамдар сайын 80-90-дағыларға, тіпті «қоғамдық әйелдерге» (Исламның анықтамасы) дейін орден-медальдар таратқанша амнистия т.б. жеңілдіктермен түрмедегілердің санын шенеуніктердікі сияқты алғашында 4-5 есеге қысқарту керек (Халықаралық құқық органдарының ұсынысы).

Украина Ресейге зорлықпен алып кеткен 20 мың сәбилерінің барлығының қай жерде екенінің есебін алып, оларды елге қайтару үшін БҰҰ т.б. халықаралық ұйымдарды ұйымдастырып жатса, біздің билік пен қоғам шетке сатылған 25 мың қазақтың сәбилерінің қайда екенін білмейді және оларды іздеуге мүдделі емес?! Себебі, ол сәбилер заңсыз сатылған яғни ел болашағына қарсы істелген қылмыс! Қазақтың сәбилері Үкіметке керек болмағанымен, оларды тауып, реті келсе сол жүрген жерлерінде Қазақстанмен байланысты үзбейтін жағдай жасауға қоғамдық ұйымдар Қауымдастық құруда;

БҰҰ мамандарының деректері бойынша отбасы зорлығының 2012-2019 жылдар арасындағы өсуі 78%-ға жетіп елде жылына 400-ден астам қыз-келіншек өліп жатады. Ананы өлтіру, ол ұлтты өлтірумен бірдей. Себебі ұлттың мәңгі болашағы аналардың қолында. «Бас жарылса бөрік ішінде...» деп қылмысты жасыру отбасы-семья институтын әлсіретіп, ажырасуды көбейтіп, демографиялық дағдарыстың негізі болуда. Адамның интеллектісі оның қыз-келіншекке арақатынасымен анықталатын болса, ал оларды қорғайтын жігіттердің тірлігі анау болса, онда заңды күшейтуден басқа шара қалмайды!

Семьяны сақтау мен ата-анамен арақытынасты жақсы ұстауда түріктердің жақсы тәжірибесі бар. Олар бірігіп 3-5 қабат үй салып алады да бір қабатта ата-анасы, басқаларында ұл-қыздары семьяларымен тұрады. Балаларды ортақ тәрбиелейтін ондай отбастарында біздегідей шешілмейтін келін мен ене мәселелері, жастардың ажырасуы... сирек, ағайын арасында татулық пен ата-ананы силау берік болады. Оларда қыз бен күйеу бала қыздың әке-шешесімен бірге тұруға болмайды деп біздегідей бөлмегендіктен олардың ұл-қыздары отбасын құрғаннан кейін жан-жаққа кетпей негізінен әке-шешесінің жанында болады. Ата-әжеден тәрбие алған немере де ұлттық дәстүрді сақтап өседі. Бұл урбанизацияны тиімді пайдаланудың үлгісі;

Ал, бізде қоғам дамыған сайын семьядағы ажырасудың көбеюі, суицидтен 12-18 жасар қыздардың әлемде ең көп өмірмен қоштасуы, осы дерттен қазақтардың әлемде төртінші орын алуы... уақыт өткен сайын біздегі әлеуметтік, рухани, психологиялық мәселелердің шешімін таппай күрделеніп бара жатқанын көрсетеді?! Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік деңгейде бағдарлама қабылданып тиісті қаржы бөліну керек;

Жылына 36-41 мыңдай азаматтарымыз, негізінен жоғары білімді инженер, дәрігер, мұғалім мамандар шетелге қоныс аударуы маман жетіспеуі мәселеін ушықтыруда. Мәселе, сол мамандардың бейбіт елден соғыс жүріп жатқан жерге кетуінде және Ресейдегі қазақтардың елге келудің орнына өз еріктерімен Украинаны жаулауға барып, сонда саналы түрде қаза табуында?! Соңғы 60 жылда ана тілдерінде не бір ән, не бір күй шығармаған Ресейдегі қандастар жыл өткен сайын мәңгүрттеніп ел мен ана тілден алыстауда...

1980 жылдардың аяғында Мәскеуде бір топ аспиранттар бастап, Қазақстанның тұрақты өкілдігінің (Басшысы С. Әбділдин) қолдауымен сонда оқып жатқан 47 мың қазақтың студенттері мен аспиранттарына екі қауымдастық ашқан едік. Қазір сол қауымдастықтардың Ресейдің 42 субъектісінде бөлімдері жыл сайын «Наурыз», Тәуелсіздік күні т.б. шараларды өткізіп тұрады. 2010-2012жж қоғамдық ұйымдар РФ қазақтары шоғырланған бес облыста қазақ бала-бақшаларын, мектептер мен қазақ университеттерінің филиалдарын ашу мәселесін көтергенде РФ Үкіметі, оның орнына Петербордан бастап Үркітке дейінгі аймақта қазақ тілін оқитын 37 топ ашқан еді. Бірақ, біз бүгін ол шаралардың негізгі мәселені шешпегенін көріп отырмыз...

Әрбір ұлт өздерінің мәдениеттерін халықаралық деңгейде тарату мақсатында әлем мойындаған ұлы ойшылдарының аттарын пайдалануда. Мысалы, Қытайда Конфуций (Қытайды жаулаған ғұндардың екінші буынының ұрпағы), Үндістанда Будда-шакья (Орта Азиядан кеткен сақтардың ұрпағы), немістерде Гете... Түркі халықтарында осындай миссияны абыроймен атқаратын бірден-бір тұлға, «адамзаттың екінші ұстазы» Әль-Фараби. Оны Еуропа мен Ресейдің шіркеулерінде 7 ғасыр бойы Августин, Аквинскийлер секілді қасиетті санаса, О.Шпенглер Гегель мен Канттардан жоғары қойған...

Осы уақытқа дейін маңызын жоймаған Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегі мемлекет қайраткерлері, саясаткерлер мен Президенттердің әлі де талай ұрпағын елді әділетті басқаруға тәрбиелейтін құнды дүние болмақ.

Жоғарыдағы, «қазақ руға бөлінбейді, рудан тұрады», қыздың жат жұрттық болуы, «қыздан туған жиен басқа рудың, не басқа елдің тұқымы» болып, тарих көрсеткендей жиендердің өз жауың болып жататыны (енді екінші Грозный келсе түгел түркінің жағдайы қиындауы мүмкін), «Алаштың алтау, жігіттің үш жұрты болатыны»... кезінде санаға сіңген есер дәстүрдің уақытында түзетілмей, елді сорлатып отырғанын жоғарыда келтірілген 2200 жылдан бергі түркі, одан кейін қазақтың тарихы дәлелдеуде. Ұлт үшін тарихтың сабағынан асқан ақиқат болмайды. Бірлігі мықты ел ғана тарихтың сынынан мүдірмей өтеді. Ал, одан өте алмағандар тоз-тоз болып жойылады...

Жұбан Молдағалиев әкем «біз не көрмедік, Сасай тауын да көргенбіз... деп отыратын. Сөйтсе, Сасай тауы деген біздің ауылдан 40 шақырым жердегі төбе екен» дейді. Бұл, жас буын ата-бабасынан озып және олардан қалған асыл мұра - дәстүрі мен мәдениетін дамытып, заман талабына сай болғанда ғана жаңарған ел, бәсекелес қоғам мен дамыған мемлекет құра алады.

Жоғарыдағы дәстүрлер қазақ көшпенді өмір сүрген кезде яғни сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты санының көбеюіне мүдделі емес, отбасының өзін ұл баланы өз тұқымым, қызды жат жұрттықтан... бастап, рудың әрқайсысын, мысалы 33 ата қоңырат, 12 ата Байұлы..., ал жүздерді жүздеген, ұлтты мыңдаған бөлшекке бөліп тастап отырып біз қалай бір ұлт, бір мемлекет боламыз?! Осы уақытқа дейін шешімі табылмаған бұл диллеманы оң шешу жолы ұлттық идеяның негізінде дайындалған мемлекетті біріктіретін идеологияны іске асыру.  Еуроодақ Түркінің 6 республикасына олар Солтүстік Кипрдегі Түрік республикасын мойындамаған жағдайда $12 млрд грант бөлетінін жариялады. Түркі елдерінің басшылары жібекке сатылған бұрынғы қағандардың тірлігін қайталайды ма, әлде бірліктерін сақтай алар ма екен?!

Жанұзақ Әкім,

биолог-ғалым, Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары мен Халықаралық КОНКОРД (Фр.) Академияларының корр. мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2343
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4007