Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025
Айбын 470 0 пікір 21 Мамыр, 2025 сағат 12:50

Қазақтың өмірі - спорт, спорты - өмір!

Сурет: автордың жеке мұрағатынан

 

 

 

Ақын Әбдібек Әбдіманап ҚХР Күнес ауданында дүниеге келген. Шынжаң Өнеркәсіп иниститутын тауысқан. 1997 - жылы елге оралған. Үзақ жылдар Қытайда шығатын "Мектеп дене тәрбиесі" журналында қызмет еткен. "Жыр - мұнара" жинағы жарық көрген. "Адуынгер", "Мезгіл әуендері" бірлескен жинақтарға өлеңдері енген. Ел іші және халықаралық мүшәйралардың жеңімпазы.

Төменде оқырмандарға азаматтық позициясы айқын ақынның өршіл жырларын ұсынып отырмыз:

Майданға сәлем қазақтан

1

Көрген жоқсың Зелешжан арып бір күн,

Байден — қару,мен — жырдан тарықтырдым.

Орыстарға бәрі бір болғанымен ,

Көктен түскен маңызы, мәні ерекше ,

Үкраин халқы үшін жарық нұрдың .

 

Жауыз Путин, қан құмар құла қасқа-ай !

Күллі әлемнің сөзіне құлақ аспай .

Шапқыншылық жасадың өз көршіңе ,

Ал Зелеш, сен кеудеңді оққа төсеп ,

Қорғап жүрсің еліңді тұра қашпай .

 

Қажыр керек халыққа, төзім керек .

Бақытты едім жата алса сөзім демеп.

Жеңесіңдер тоқтама тек қана алға !

Оқшантайға оқ салып беру үшін ,

Керек болсам жетер ем өзім кенет.

2

Жеңдік қой жауды арман не Үкір ..,

Болмасын тіл-көз түу ,түуде ,түкір.

Жүргенмен майдан сен жақта Зелеш,

Қолдады қазақ құдайға шүкір.

 

Сен шықтың алға ерді ұлы халқың ,

Көрсетті бізге ерліктің салтын .

Автомат үстап майданда жүрді ,

Аруы ,шіркін екен ғой алтын!

 

Жау шапса елге жата ма тектің ,

Оқ осып жатты жүзін сол көктің .

Жалынды қыздар ерлігін көріп ,

«Әттең-ай, әттең жиырма бес!»— деппін.

 

Сұм соғыс талай жаншыды бізді ,

Өткердік шепте тамшылы күзді .

Қанша ақын жырға қосты екен кеше ,

Әлия менен Мәншүгімізді .

 

Қиуаз апам көк жүзін шарлап ,

Бомбылап қайтқан жауларын барлап.

«Келді әне “түнгі сайтаны” тағы»,—

Деп жылап фашист жататын зарлап .

 

Жау тисе келіп ,билесін қалай ,

Әскери форма кимесін қалай .

Осындай ерлік көрсеткен қызды ,

Сүйсініп жүрек ,сүймесін қалай?!

Зелеш, менің ,Зелешім,Зелен батыр,

Ойлап па едік шығар деп сенен батыр,

Ал, Путлер, құрдымға кеткенің бе?

Қара теңіз тұбінде кемең жатыр.

 

Зелеш, менің Зеленім «сайқымазақ»,

Төбеңде тұр күн күліп, Ай сығалап

Тағдырласпыз сендермен ежелден- ақ,

Жатпасақ та білесің айтып азап.

 

Келмесе де Ресей басып кіріп,

Бізге өктем сөйлейді тасып, күліп.

Міңгірлейді амал не біздікілер,

Төменшіктеп желкесін қасып тұрып.

 

Алған жоқсың сөзімді қате тыңдай,

Оғымыз да жоқ біздің ататындай.

Хаймарысын кім берсін сенімім жоқ,

Әне сол іс жаныма бататындай.

 

Алып шықтың бізді сол қиындықтан,

Бір жан болса сен дер ем күйімді ұққан.

Абыржып та, алаңдап енді қайттік?

Деп қойылған сауалға миым быққан.

 

Қорқақ елме деп қалма,дұрыс түсін,

Қарусызбын, болмаса құрыш-күшім.

Үміт отым жылтылдап жаным кірді,

Басып алдың орыстың Курсксін .

 

Сермейтін жан емессің бос құлашын,

Жау аспанын оқтарың осқыласын.

Басын алып ,отқа ора Путлердің,

Тоқтамысша кешегі Москвасын.

3

 

Зелеш, өлең жазбай қалдым сен жайлы,

Түсінік жоқ білем сенде мен жайлы.

Халық сені, хан Путинді қолдап жүр,

Білмек болсаң сен біздегі мән-жайды.

 

Оған бола кінәлама халқымды,

Кешегі өр бабаларым алтын-ды.

Жау мұқалтып кеткен біздің жігерді,

Содан болар емеспіз тым қарқынды.

 

Қыра-қыра бізді өсірмей тастаған,

Қорғаншақпыз, сала алмаймыз асқақ ән.

Жағымпазбыз жалтақтаймыз жан-жаққа,

Жасқанамыз көз алартса басқадан.

 

Біле білсең осы біздің түріміз,

Сатамыз көп, бірімізді-біріміз.

«Ап» деп асап, жей саламыз билікке,

Жеткеніміз шетімізден ұрымыз.

 

Жатыр міне біздің елді су алып,

Жеген — желім, Ішкеніміз — у, анық.

Аузымыздан жырып жиған жылуды,

Бір сұмырай жеп кетіпті қуанып.

 

Не күтесің түк көрмеген кісіден,

Азулыға көп таланған күшік ем.

Тұтастық жоқ шар болаттай құйылған,

Халық болдық оңай ірір ішінен.

 

Шайтан емен, үміт үзбен ертеңнен,

Шөп те қаулап шықпаушы ма ед өртеңнен.

Жастарымыз жасындайын жарқ етер,

Бүгін менің төнген жауға желкемнен.

 

Ал, қазірше сенем, Зелеш, өзіңе,

Теріскен боп қадал жаудың көзіне.

Тыныш жатқан саған барып соқтыққан,

Өз қылығын көрсет сұмның өзіне!

4

Күлекеш болар дейді әйел һары ,

Қиын екен болмаса беттің ары .

Қандасы ,көршісіне басып кірді ,

Сүзеген бұқа сынды содыр сары.

 

Алмас болды бұл күнде саламын көп,

Болып жүр-ем менің де алаңым көп.

Үш ай болды шашылып қалды міне ,

Лепіріп -ед үш күнде аламын деп .

 

Басымызды онымен қосқан Кеден*,

Қамдан,Халқым,жан қалмас бос қамменен,

Жүре бермей несі бар “держава боп,”

Осы екен ғой (асқанға тосқан деген ).

 

Сасытады қанды енді күн ыстығы,

Бейбіттікте — алтын мен күміс құны.

Сол содырдың әулекі кесірінен ,

Ғаламшардың бұзылды тыныштығы .

 

Көріп едің кеше оны ие сынды ,

Жүрме енді лөкілдеп түйе сынды .

Шекараңды ажырат кеш болмасын ,

Төрдегілер тезірек жый есіңді .

 

Намыс болса осы өткір сөзіме өртен,

Болам десең тыңда елді ,өзің еркем.

Халқым демей , тақ десең айтарым жоқ,

Өз түбіңе жетесің өзің ертең !

5

Дала қандай тамаша көктемдегі,

Еске алдырар күндерді өткендегі.

Бейбіт елдің бұздың сен тыныштығын,

О, сұм Путин кім саған кектенбеді?!

 

Ана белді көрінген ары асқанда,

Күнім сынды жалғызым бар аспанда,

Жарым бар-ед. жанын ол қиып кетті.

Жауыз жау кеп жеріме таласқанда .

 

Жетпістесің.

Ол-қыршын,

кектенемін!

Мен де гүлін ашпаған — көктем едім.

Аяиды деп ойлама сені жауыз ,

Көлденеңдеп алдымнан өтпе менің.

 

Бүгін дағы.

Сол көктем,

Сол кең дала.

Қырқылған гүл оқпенен,

Өлген бала.

Көкте дрон, сәт сайын дрылдаған.

Жерде Танкі тіміскіп желген дара.

 

Әкең,ағаң,сүйген жар соғыста өліп,

Бәрлығын да жатқан соң тегіс көміп.

Қайыр менен мейірге толған жүрек.

Кетеді екен мізбақпас беріш болып.

 

Танк-анау, тұрыс-мынау шөп құшақтап,

Өмір ме,

Өлгенше өту кекті сақтап.

Бейбітшілік кез болса жүрмес пе едім,

Шөпті емес,

Ұрпағымды тек құшақтап.

 

Мен,

Анам,

Жеңгем қалды

Ұрғашымыз.

Кімге керек туыссыз бір басымыз!

Қорғана алмай үйінде өліп жатыр,

Амал қанша құрбы мен құрдасымыз.

 

Шепке аттандым.

Несіне аянамын.

Мені бақыт аяма,

Аяма мұң!

Туған жердің гүлдерін бір иіскеп,

Өлсе арманы бар екен қай ананың ?!

 

Иә,

Иә, ана боп үлгермедім!

Тағдырласым қырқылған гүлдер менің .

Обалымыз жауыз жау сенде болсын !

Жағаласам қалғанша сүлдер, демім!

 

Е. Путин ,ашкөзсің ғой тағым деген.

Халқыңды емес, тағыңды бағым деген,

Үкраин – отан деп, Орыс – сен деп,

Өліп жатыр.

Зор емес бағың менен.

Қазақтың өмірі — спорт, спорты — өмір

 

Үисіндермін,Ғұндармын мен ,Сақтармын,

Тарихпын мен тоқсан тарау,

қатпармын.

Таңбаланып жатырмын мен даламда,

Келіп қара жартастармын, жақпармын.

 

Тәбиғатпен етенемін ежелден ,

Ер жүрекпін, сойым емес ез елден.

Жақыныма жаным байтақ даламдай ,

Жауларыма жебемін мен кезелген.

 

Жолым бұраң, соқпақтарым ирек тым ,

Соқпақ жолмен жүрген біздей билеп кім?

Адамзаттан алғашқы боп шу асау,

Тау тағысы қолға жылқы үйреттім.

 

Бұл кешулер берер жалын, берер  от,

Тамаша ма,

Керемет пе,

Керемет!

Жылқы ұстап ,қымыз татқан бабамды ,

Зерттеп тапқан ғалым Грек Геродот.

 

Сонан бері болды тұлпар қанатым,

Оған мінсем бақ жұлдызым жанатын.

Етін жесем денем қызып ерленіп,

Қымыз ішсем айызым бір қанатын.

 

Кісі тани білеміз біз кіседен,

Дүлділді де парықтаймыз мүшеден.

Сол жылқының құлағымен ойнайды ,

Ұрпағымыз жаңа ғана тісеген.

 

Хиса жазып қалдырыпты бабам бай ,

Сүт сәулесін аз төкпепті маған да ай .

Құлагермен Ақан сері құйғытса ,

Қубас атпен жауға шапқан Қабанбай .

 

Міне менің бай тарихым арыдан ,

Садақ тартсам атқан жебем дарыған.

Шауып келіп ілдім темір теңгені ,

Жерде жатқан сәл-ақ үлкен тарыдан.

 

Мығым болу керек бізде күші ұлдың ,

Жіпке ілген жамбыны атып түсірдім.

Бала кезде қатар тізген асықты,

Сақамменен шыр етізіп ұшырдым.

 

Көшпендіге досы да анық ,

Жау да анық

Сеңдей жөңкіп, бұлттай көшіп аунадық,

Аударыспақ ойынына жаттықтық,

Жауымызды алу үшін аударып.

 

Көкпар тарттым сынап күшін білектің ,

Білек күші — жігіт үшін бір екпін.

Ұрандаса тұмағасын ағытқан,

Тұғырдағы бүркіт сынды дүр еттім!

 

“Қыз қуарым”—ұлттық жеке меншігім,

Бұл жарыстың айтар болсам мен шынын —

Қыз сынайды жан- жақтылы жігітті,

Шықсын оған өзіне-өзі сенсе інің.

 

Біздің қазақ берген серттен тайған ба?!

Сынап алмай қызым құшақ жайған ба ?!

“Қыз қуарда” сыналған қыз жау шапса,

Ерлерімен бірге шыққан майданға.

 

Тігілмеген бұл қазақта ту қашан,

Болат білек балуан да мен бура сан,

Алып ұрам аруақтансам, ал жылқым ,

Бермес бәйге қиқуласаң, шуласаң .

 

Созбаламай айтсам сөздің төтесін,

Біздің жылқы – бөлек жылқы, жеке шың.

Көздеріне кетті кеше көрсетіп,

Араптардың жылқысына көкесін.

 

Түспегенбіз міне осылай аттан біз ,

Саяткерлік жолын еттік мақтан біз.

Бүркіт салып, жүйрік құмай тазымен,

Қырдың қызыл түлкілерін қаққанбыз.

 

Көшпенділер Спортына қанықпыз ,

Ол дегенде намысты біз найзағайға жаныппыз.

Әлмисақтан өмірі — спорт, спорты —

Өмір болып келе жатқан халықпыз.

Ерлік дастаны

Білмейсің ғой шығарын қайдан бүлік,

Бүлік шықса бастыру жәй заңдылық .

Ата-бабам далада мына байтақ ,

Өткені жоқ тек қана сайран құрып.

 

Елін,жерін қорғады ұрпағым деп,

Күрескен жоқ хан, сүлтан бір тағым деп,

Достасқанға құшағын айқара ашты ,

Қастасқанмен алысты құртамын деп.

 

Бізді де жау мың арбап, жүз алдады ,

Тәутекедей сақ болдық құзардағы.

Тоғызыншы жері бар Қазағымның ,

Кімнің көзі айтшы оған қызармады ?

 

Туған жердің тым ыстық тауы маған ,

Таптап кетем тап берсе жауы маған .

Алдай алмай қаптады қалың қолмен,

«Бермесең... ендеше кеп шауып алам».

 

Күші бізден қазақтың кем деп біліп,

Кетті талай жау бізге дендеп кіріп.

«Мал-жаныма садаға, жан-арыма»,

Деп біріктік жасамай немкеттілік.

 

Жерді осылай қызғыштай қорып келем,

Желкесіне жауымның қонып, төнем.

Сондай тұста жарыққа шықса керек,

Тұтас ел боп біріккен “жорық” деген.

 

Тұтас тұлға бар сарбаз жауға шапқан ,

Қорқуы шарт сендегі жау жасақтан.

Айбынмен кір майданға дауылпаздап,

Шатырлаған өрт сынды қауға шапқан.

 

Жауапты бол жандағы жолдасыңа,

Қатаң бойсын біртұтас қолбасыға.

Орналастыр қолыңды бөліп, бөліп

Шабуыл ,Оңбасы мен Солбасыға.

 

Алдынғы шеп іріксін аттың басын ,

Оң басы мен Сол басы тақымдасын,

Қорғанысқа қойған шеп жау артынан,

Ұрымтал тұстан шығып жақындасын.

 

Қасқырға оңай тұрған қой иіріліп ,

Түлкі ыржыңдар қақпанда жиі күліп.

Жан-жағынан қоршап ал андыздатпай,

Даладағы құйындай үйіріліп.

 

Жау келмейді ешқашан қастамасқа,

Беріктігің — жеңесің тастан асса,

Болу керек қол басы Қабанбайдай ,

Әр жорықтың жоспары басқа-басқа.

 

Жау да сенің жол бермес асуыңа,

Қардың суы сеп өзен тасуына.

Бір бүйірден жауға да жол беру шарт,

Сенен ығып , шегініп қашуына.

 

Халық өмір сүреді көктемекке,

Мөлшерлемей шамаңды өктем өтпе.

Кей жорықтар шығынды есепке алып,

Батырларын шығарған жекпе-жекке.

 

Жәй бір сайыс болмаған жекпе-жектер,

Жекпе- жекке шыққанды көптен өткер,

Тағдыры тұр артында бар халықтың,

Бұл майданды ендеше кекпен өткер.

 

Еленеді төксең сен еліңе тер,

Белбеу кетер балуанда белің кетер.

Жорықтағы мынандай жекпе- жекте,

Мүлт кетсең тұтас бір елің кетер.

 

Ұлдарым — ер,қыздарым — керім еді,

Солар менің асқарым, белім еді.

Ерлігі мен өрлігі міне осындай,

Жауға шапқан жорықта көрінеді.

Әбдібек Әбдіманап

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2773
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4508