Жұма, 23 Мамыр 2025
Білгенге маржан 264 0 пікір 23 Мамыр, 2025 сағат 11:55

Эдвард Мунктың «Айқайы»

Сурет: wikipedia.org сайтынан алынды.

Мунктың туындысындай 100 жыл бойы «айқайлап» тұрған картина кездесе бермейді. Өнер тарихында мұндай танымалдық «Мона Лизада» ғана бар шығар. Онымен қоймай, жыл өткен сайын оған қатысты жаңа болжамдар мен пікірлер көбейіп, шешімі жоқ жұмбаққа айналып барады. Тіпті, оны «Қарғыс атқан картина» дейтіндер де бар.

Негізгі кейіпкер бейнесінің  құпиясы әлі күнге ашылмай келеді. Суретші оны мақсат етпесе керек. Ол өнерсүйер қауымға алғаш рет 1893 жылдың желтоқсанында Берлинде өткен көрмеде таныстырылған туындыда бейне емес, дыбыстың өзі ғана бар сыңайлы.

Америка метрологиялық қоғамының журналында жарияланған мақалада, Мунктың күнделігіндегі мынадай сөйлемге сілтеме берілген: «Мен серуендеп жүріп қанды қызыл бұлттар мен аспандағы өртті көрдім. Сол күні қатты шаршаған едім, шарбаққа сүйенген күйі қою қара форд пен қала үстіндегі құбылысқа сілейіп қарап тұра бердім. Достарым әлдеқашан ұзап кеткен болатын. Табиғат- Ананың айқайынан денем түршігіп, көңілімді қорқыныш билеп алды».

Өмірінің соңғы 15 жылында суретші жұмыс істей алмады. Оның оң көзінің шырышты ағынынан қан кетуіне байланысты,  көру қабілетінің нашарлауы себеп болды. 1940 жылы нацистік Германия Норвегияны басып алған кезде, Мунктың бойын қайтадан үрей билеп алды. 1944 жылы сол үрей мен айқайдың жетегінде дүниеден озды.

Қолдан- қолға өтіп жүрген, жеке коллекциядағы нұсқасы 2012 дылы 2 мамырда бәссаудаға қойылғанға дейін миллиардер Петтер Олсеннің қорында болған еді. Кейін оны Леон Блэк есімді азамат 119 миллион 922 мың 500 долларға сатып алып, сол жылға дейінгі ең қымбат өнер туындысы ретінде рекорд жаңартқан еді.

ХХ ғасырдың екінші жартысында «Айқай» нағыз «иконалық» кескінге айланды.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2830
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4566