Сейсенбі, 27 Мамыр 2025
Жаңалықтар 535 0 пікір 26 Мамыр, 2025 сағат 15:28

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

Сурет: Pixabay.com сайтынан алынды.

Қазақстанда мамыр айының соңғы күндері суық ауа райымен жалғасады.

Ел аумағында найзағаймен жауын-шашын әкелген циклоннан кейін енді солтүстіктен антициклон ығыса бастайды. Бұл құбылыс батыс аймақтарда жауын-шашынның тоқтауына, ал солтүстік өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болмақ.

Синоптиктердің болжауынша, түнгі уақытта аяз күтіледі:

25 мамырда – Батыс Қазақстан облысында;
25 мамырда – Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында;
26 мамырда – Павлодар облысында.
Аяздың күші түнде -1...-3°C аралығында болуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, ыстық жаз солтүстік өңірлерге әлі де жетпей жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2960
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4694