Жұма, 30 Мамыр 2025
Бәрекелді! 743 0 пікір 29 Мамыр, 2025 сағат 16:09

«Ұлттар ұйыстырған үйлесім ордасы»

Коллаж: Abai.kz

Алматы - миллиондардың алып үйі. Қала төрінде түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері тізе қосып, бейбіт тіршілік кешуде. Әр көшесінде тарих пен тағылымның ізі сайрап жатыр. Бұл - бірлігі жарасқан елдің айнасы, көркем жарасыммен үндескен шаһардың шынайы келбеті.

Бүгінде Алматы - тек экономикалық емес, мәдени - гуманитарлық өмірдің де жүрегі. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті биліктің жүйелі жұмысының арқасында қалада этносаралық келісім жоғары деңгейде сақталып келеді. Статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда Алматы қаласының жалпы халқы - 2 292 055 адам. Оның ішінде:

Қазақтар – 1 471 393 адам (64,2%)

Орыстар – 429 898 адам (18,7%)

Ұйғырлар – 122 390 адам (5,3%)

Корейлер – 39 211 адам (1,7%)

Татарлар – 31 435 адам (1,4%)

Басқа да этностардың үлесі – шамамен 2%

Осы сан алуан этностардың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын қаланың әр ауданынан байқауға болады. Мәселен, Наурызбай ауданында 23 562 ұйғыр, Әуезов ауданында 21 712 дүнген, ал Алмалы ауданында 1 914 басқа ұлт өкілі тұрады. Бұл деректер – этностардың шоғырлана отырып, өзара достық пен түсіністікті күнделікті өмірде жүзеге асырып отырғанының дәлелі.

Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің пікірін білген болатынбыз:

Сурет: Қазақстан халқы Ассамблеясының Баспасөз қызметінен алынды.

Рустам Қайрыев - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Қазақстанның ұйғыр жастары одағы"РҚБ төрағасы.

-Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы бірлік пен тұрақтылық моделі басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты тиімді?

- Қазақстандағы жалпыұлттық бірлікті нығайту тәжірибесін көптеген елдер зерттеп жатқанын ескерсек, бұл модельдің тиімділігі жоғары деңгейде деп нық айтуға болады. Кешегі күні ғана мен Франциядан оралдым, ол жаққа Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы құрамында бардым. Сапар аясында, Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай еліміздің моделі мен “Ассамблея жастары” жастар қанатының жалпыұлттық бірлікті, ұлтаралық келісімді нығайту жолындағы қызметіне арналған арнайы таныстырылым өтті.

Аталған шараға ЮНЕСКО-ға мүше 50-ден астам елдің тұрақты өкілдіктерінің дипломаттары қатысты. Шетелдік әріптестерімізге біз ең алдымен Ассамблеяның рөлі, оның Конституциялық мәртебесі, Ассамблея атынан Парламентте қызмет атқарып жүрген депутаттардың жұмысы, еліміздегі 1 000-нан астам этномәдени бірлестіктер, 4 500-ден аса қоғамдық құрылымдар және барлық өңірлерде жұмыс істейтін 32 Достық үйі туралы толық ақпарат бердік.

Сондай-ақ, жастардың әлеуметтік, шығармашылық және креативті белсенділігін арттыруға бағытталған бастамаларды дамытуда “Ассамблея жастары” республикалық жастар ұйымының тәжірибесі жеке таныстырылды. Сонымен қатар, «Ассамблея жастары» ұйымының ЮНЕСКО-ның Ғаламдық жастар қауымдастығына қосылуы бойынша соңғы келіссөздер жүргізілді.

«Ассамблея жастары» - Қазақстаннан аталған халықаралық қауымдастыққа ресми түрде қабылданған алғашқы жастар ұйымы болмақ. Мұның бәрі - біздің жалпыұлттық бірлік моделімізге деген шынайы қызығушылықтың дәлелі. Сондықтан да бұл бағыттағы салыстыру нәтижесі - айқын.

-Ассамблеяның Алматы қаласындағы рөлі нақты қандай жобалар арқылы көрініс табуда?

-Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы тек бір этнос өкілдерінің мәдениетін дамыту сияқты міндеттермен шектеліп қоймайды. Қазіргі таңда Ассамблея жалпыұлттық міндеттерді атқарып, ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Мысалы, бізде түрлі жобалар бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы - қайырымдылық саласындағы жетекші ұйымдардың бірі екені белгілі. Бұл бағытта «Мейірімділік керуені», «Мыналғыс» және басқа да көптеген жобалар жүзеге асырылуда, олардың аясында аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі. Бұл істердің барлығы мемлекеттік қаржы есебінен емес, Ассамблея меценаттарының, этномәдени бірлестік өкілдерінің қолдауымен атқарылады.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жастар ұйымының кәсіби бағдар беру бойынша да жобалары бар. Мысалы, «Алдағы 5-10-15 жылда Қазақстанда сұранысқа ие 50 мамандық» жобасы аясында біз 8000-нан астам оқушыға кәсіби бағыт-бағдар бердік. Бұл арқылы олар болашақта қоғамға қажет мамандықтарды дұрыс таңдай алады.

Бұдан бөлек, біз креативті индустрияны дамыту бойынша да жобалар іске асырып жатырмыз. Соның бірі - «Қазақстан жастары. Креатив елшісі» деп аталатын жоба. Бұл жоба аясында біз студенттер мен барлық ниет білдірушілерге креативті ойлауды дамыту бойынша тегін білім береміз.

Сондай-ақ бізде экологиялық бастамалар да бар. Мысалы, «Рақмет, Жерана», «Рақмет, туған жер», «Батарейканы тапсыр - Жердің саулығын сақта» сияқты акциялар жүзеге асырылуда. Бұл жобалар батарейкаларды утилизациялау мақсатында өткізіледі, өйткені көшеге тасталған бір ғана батарейка топырақ пен суға үлкен зиян келтіреді.

Бізде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жобалар да бар. Бұл - Ел Президенті тарапынан бірнеше рет ерекше атап өтілген өте қызықты жобалар. Мысалы, бұрын жұмыс істеген «Берлік клубы» сияқты жобалар және басқа да көптеген бастамалар.

Сонымен қатар, бізде әскери-патриоттық тәрбие бағытында да жобалар бар. Біздің «Қасиет ПАРЭС» жобамыз аясында біз тарихи-мәдени мұраны жастар арасында насихаттап келеміз. Жалпы алғанда, бізде осындай жобалар бар. Яғни, дұрыс түсінуіңіз үшін айта кетейін, қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жұмысын тек этнос өкілдерімен ғана шектемейді. Бүгінде Ассамблея барлық қазақстандықтарды біріктіреді. Ал біз, яғни Ассамблея жанындағы жастар орталығы, еліміздің бүкіл жастарын біріктіру бағытында жұмыс істейміз.

Сурет: Қазақстан халқы Ассамблеясының Баспасөз қызметінен алынды.

Алладин Мұстафаев - Саясаттанушы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "BERBANG"Қазақстан күрдтері қауымдастығының вице-төрағасы.

-Алматы қаласындағы этносаралық келісімнің қазіргі жағдайын қалай бағалар едіңіз?

-Біз анық түсінуіміз керек - Алматы қаласы елдегі ең көпұлтты қала болып қала береді. Бұл қалада жүзден астам этнос өкілдері тұрады, дәл осы Алматы қаласында. Жалпы ахуал - бейбіт деуге болады. Алматыдағы ұлтаралық келісімді бүгінгі күні тұрақты деп сипаттауға болады, бірақ ол тұрақты қолдауды қажет етеді.

Иә, ол тұрақты қолдау мен қатысуды қажет етеді. Жалпы алғанда, әрине, бейбіт және төзімді ахуал сақталып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан аумағында тұратын этностар мен мәдениеттердің өзара әрекеттесу жүйесі жақсы жолға қойылған. Алайда тұрақтылық - бұл бір орында тұрып қалатын жағдай емес, ол үнемі жүргізілетін жұмыстың нәтижесі. Яғни, бұл бағытта тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмысы.

Бүгінгі таңда біз үшін эксклюзивті әлеуметтік және мәдени жобаларды дамыту маңызды. Бұл да Қазақстан халқы Ассамблеясының бағытына кіреді. Ұлтаралық диалог пен жастар бастамаларын қолдау - аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл да Ассамблеяның атқаратын жұмыстарының бірі. Әсіресе әлеуметтік желілер мен елдегі көші-қон үдерісінің өсуі жағдайында ықтимал тәуекелдерге дер кезінде жауап беру қажет.

Біз осының бәрімен айналысып келеміз - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері. Сондықтан Алматы бүгінгі күні ұлтаралық татулықтың оң үлгісін көрсетіп отыр. Бірақ бұл тепе-теңдікті нығайту үшін қоғам, ең алдымен мемлекет пен этномәдени бірлестіктер бірлесе жұмыс істеуі керек. Мұнда бәрі өзара байланысты және кешенді түрде жүзеге асырылады.

Бұл туралы, әрине, көп айтуға болады. Бүгінде біз шетелдік елдерге қандай үлгі көрсетіп отырғанымыз жайында көп айтуға болады. Тіпті ЮНЕСКО бізді өз тәжірибемізбен бөлісуге шақырған болатын - бұл өз алдына үлкен көрсеткіш.

Алматы — қонақжай қала. Мұнда адамдар бір-бірін ұлтына қарамастан жақсы көреді. Бүгінде түрлі этнос өкілдері: «біз» — дейді, мейлі ол қазақтар болсын, түріктер, кәрістер, орыстар немесе басқа ұлт өкілдері болсын. Міне, дәл осы — біздің бірлігіміздің негізі. Біздің қоғамымыздың күші де - осында.

-Алматы үлгісі Қазақстанның өзге аймақтарында қалай тиімді қолданылуы мүмкін? Алматыны “қазақстандық бірлік моделінің өзегі” деп атауға негіз бар ма?

- Әрине, Алматының халықаралық келісім үлгісі Қазақстанның басқа өңірлерінде де тиімді қолданылуы мүмкін. Және ол қазіргі таңда қолданылып та жатыр. Бірқатар негізгі ерекшеліктері бар. Бұл – институционалдық негіз. Алматыда этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу жүйесі жақсы жолға қойылған. Достық үйлері жұмыс істейді, Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді қызмет атқаруда. Бұл тәжірибені, әрине, кеңейтуге болады, егер кейбір өңірлерде мұндай жүйе әлі болмаса.

Тағы бір ерекшелік – бұл қалалық орта. Мегаполис жағдайында мәдениетаралық диалог, инклюзивті білім беру, жастар бастамалары сияқты жобалар табысты іске асырылуда. Бұл жобалардың түр-түрін шағын және орта қалаларға, ауылдық жерлерге бейімдеуге болады.

Сондай-ақ, дағдарыс жағдайында әрекет ету тәжірибесі де бар. Алматыда шиеленістерді бейбіт жолмен шешу тәжірибесі қалыптасқан. Бұл – миграция, экономикалық қиындықтар жағдайында да байқалды. Мұндай тәжірибе әсіресе шекаралық және әлеуметтік тұрғыдан осал өңірлер үшін аса құнды.

Ал енді Қазақстандық бірлік моделінің өзегі ретіндегі Алматының мәртебесіне келер болсақ – бұл негізделген тұжырым. Алматы тарихи тұрғыдан алғанда тек мәдени және экономикалық астана ғана емес, сондай-ақ бейбіт қатар өмір сүрудің алаңы. Мұнда халқы ең көп әрі құрамы ең әртүрлі қала. Бұл қала бүкіл елге қолданылатын үлгілердің тәжірибе алаңы – интеграцияның сәтті іске асқан зертханасы десек те болады. Сондықтан    Алматыны Қазақстандық бірлік моделінің өзегі деп атау орынды әрі қисынды. Мұны әрбір кезеңде айқын көруге болады.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 3005
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4750