Ресей билігі соғысты майшелпекке айналдырды

Ақша жоқ, бірақ Медведевте миллиард доллар бар
Ресейдің бұрынғы президенті және «Единая Россия» көшбасшысы Дмитрий Медведевпен байланысты 15 қор соғыс басталғаннан кейін шоттардағы ақша санын күрт арттырып, өткен жылдың соңында 86 млрд рубль ($1,08 млрд) жинады, деп жазады «Настоящее время».
Олардың ішінде: «Дар», «Соцгоспроект», «Градислава», «Невский», «Янтарный край», «Инициатива», «Развитие и инициатива», «Наша правда» және т.б. қорлары бар.
Егер 2022 жылға дейін қорларға жылына 2-8 млрд рубль түссе, 2023 жылы жарна сомасы 50 млрд рубльден, ал 2024 жылы 70 млрд рубльден асқан.
Қорлар өздерінің қалай қайрымдылық жасап жатқандары жайында жақ ашпайды. Бұған дейін оларды олигархтар мен «Газпромбанк» қаржыландырған еді. Қорлардан түскен ақша Медведевтің түрлі жеке бастамаларына тартылып келеді.
2023 жылдың наурызында «Единая Россия» көшбасшысының бастамасымен ресейлік армияны қолдау үшін «Наша правда» қоры тіркелген болатын. Ол дрондарды, түнгі көру аспаптарын, көздеуіштер мен медициналық жабдықтарды жеткізеді. Екі жыл ішінде «Наша правда» 2,4 млрд рубль ($30,4 млн) жұмсады.
Бұл қор тек әскерилерге ғана көмектесіп қоймай, Медведевтің жерін екі танкерден ондаған мың тонна мазут төгілгеннен кейін Анападағы экологиялық апаттың зардаптарынан сақтап қалды.
2025 жылғы наурызда қор зардап шеккен аймаққа төгілуді жоюға арналған жабдықтарды жеткізді. Анапа түбінде Медведевтің «Скалистый берег» жүзімдіктері мен шарап зауыты орналасқан 10 гектарға жуық аумақта жаңа жылжымайтын мүлік нысандары салынып жатыр.
Бірақ Медведевтің бауырына басқан иеліктері бір мұнымен шектелмейді. Қорлар оған басқа да жобаларды бақылауға көмектеседі: Плесьдегі, Сочидегі және Рублевкадағы резиденциялар, Балтық теңізінің жағалауындағы Калининградтағы 16 га, Комарово кентіндегі екі қабатты коттедж және Санкт-Петербург маңындағы үй, Краснодар өлкесіндегі 5 га астам жүзімдіктер және бірнеше яхтаны ұтап тұруға да септеседі.
Сондай-ақ Медведевтің бейресми холдингінде «Арктик Инвест» инвестициялық компаниясы мен family office пайда болды. Ол активтер 30 млрд рубльден ($380 млн) асатын 15 кәсіпорынды басқарады.
2024 жылы фирма Санкт-Петербург мейрамханасындағы үлесті және тойлар мен мерекелерді ұйымдастыратын «Клуб 2» фирмасының 75% пакетін сатып алды, деп хабарлайды «Настоящее время».
Осындай-да «Соғыс – қисапсыз баюдың жалғыз жолы» деген шығыстың мақалы ойға оралады.
Abai.kz