Сенбі, 14 Маусым 2025
Ақмылтық 683 0 пікір 13 Маусым, 2025 сағат 14:33

Мигранттар мәселесі: Мәскеу мен Ташкент дауы ушықты

Сурет: aktualno.uz сайтынан алынды.

Қырымға қатысты Ресейге санкция салынғанаға дейін, яғни, 2014 жылғы шілдеде 11,4 млн  шетелдік еңбек күші болды. Дмитрий Козактың мәлімдемесі бойынша 2013 жылдың 9 айында Мәскеу мен Мәскеу облысына 3,3 миллионға жуық шетелдік еңбек мигранттары келген екен. Ресей ФМС бағалауы бойынша, 2014 жылдың басындағы жағдай бойынша Мәскеуде 1 млн шетелдік еңбек мигранттары заңсыз жүрсе, заңды түрде жұмыс істегендері бар болғаны – 400 мыңға жуық. Бұл бір Мәскеуде ғана болған тізім.

2024 жылдың ортасына қарай Ресей Федерациясы өңірлерінің үштен бір бөлігіне көшіп-қонушылардың жұмысына шектеу енгізілді. Росстаттың деректері бойынша 2023 жылы РФ-ға 560 мың адам тіркелсе, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға азайған. Мигранттар саны 10 жыл ішінде көп мөлшерге дейін қысқарды.

Дәл қазір Ресейлік паспорттары бар 2,5-3 млн тәжік, өзбек, қырғыз, армян бар екені анық. Бірақ олардан РФ диаспоралық қауіпті аңғарып, орыс мәдениетін менсінбйеді деген айып тағуға көшті.

Бұл мәселе, әсіресе, мигранттардың балалары Думаның бас ауруына айналды. Сейсенбі, 10 маусымда Мемлекеттік Дума ІІМ-нің полиция мен Білім министрлігін кәмелетке толмаған шетелдіктер туралы мәліметтермен алмасуға міндеттейтін заң жобасын қарауға кірісті. Көші-қон ведомствосы мұндай балаларды тіркеу және оларды есептен шығару туралы білім беру мекемесіне хабарлайтын болады. Мектептер мен колледждер жобаға сәйкес көшіп-қонушылардың балаларын орыс тілін білуге міндетті тестілеу нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ олардың қабылданғаны немесе оқудан шығарылғаны туралы деректерді ІІМ-ге беруге тиіс делінген.

«Заң жобасының мақсаты көші-қон бақылауын күшейту болмақ. Сондай-ақ елімізде заңды түрде жүрген балалардың білім алу, оларды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру құқығын қамтамасыз ету», - деп мәлімдеді депутаттарға ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Зубов. Мемлекеттік Думада ІІМ мигранттар балаларының қауіп-қатеріне елеусіз қарағаны үшін сынға алды.

Мемлекеттік Думада күтпеген жерден полиция мен мектептерді көшіп-қонушылардың балалары туралы мәліметтермен алмасуға міндеттейтін ІІМ заң жобасы қызу пікірталас болды. Бастаманы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Зубов ұсынды және көптеген парламентарийлер жинақталған наразылықтарды білдіру үшін осы сәтті пайдаланды.

Депутат Алексей Куринный (КПРФ) ІІМ-нің депутат Сергей Обуховтың: "РФ аумағында кәмелетке толмағандардың 800 мың баласы бар, олардың 600 мыңы оқымайды. Енді не? Ата-аналарды бір реттік хаттама бойынша тартқан, бірақ олар отбасылық білім беруді немесе тағы басқаны рәсімдеген. Шығаруға мүмкіндік беретін заңнаманы одан әрі өзгерту бола ма?» деген сауал жолдады.

Игорь Зубов депутат Обуховқа мұндай сандарды айтпағанын айтты. Министрдің орынбасарының айтуынша, қазір Ресейде бар болғаны 638 мың бала бар және олардың көпшілігі мектепте оқымайды.

Дегенмен, басқа депутаттар КПРФ-дағы әріптестерін қолдады: кейбіреулері «мигранттардың балалары тарапынан өрескел агрессия» туралы айтты, ал басқалары Тергеу комитетінің шетелдік азаматтар арасындағы қылмыстың өсуі туралы мәлімдемелерін еске алды. Оған жауап ретінде ІІМ өкілі Тергеу комитеті «осы салаға жауап беретін орган болып табылмайтынын» еске салып, депутаттар ұсынған заңнаманы қатаңдату артық деп есептейтінін айтты.

Осыдан кейін Михаил Матвеев министрдің орынбасарын мәселеге «салмақты қарауға» шақырды. Енді ерсек мигранттарға келетін болсақ, «пайдасыз» мигранттар Ресейден шығарылады деген сөз билік тарапынан кеңінен айтыла бастады.

Ресей ІІМ басшысы Владимир Колокольцев:«жұмыс істемейтін және оқымайтын мигранттар, сондай-ақ саусақ іздерін алу процедурасынан өтпеген және орыс тілін оқымаған мигранттар Ресейден кетуі тиіс»,-деп мәлімдеді. Бұл туралы Ресейлік БАҚ хабарлады. «Көшелер мен тұрғын үй секторында заңсыз келетін мигранттар болмауы тиіс. Жұмысынан айырылған, ЖОО-дан шығарылған, дактилоскопиядан өтпеген, тіл оқымайтын, ресейлік қоғамға пайда әкелмейтін адамдар біздің елден кетуі тиіс», - деді Колокольцев.

Сәуір айынан бастап көшіп-қонушылардың балаларын мектепке қабылдау алдында орыс тілін білуге тестілеу басталды. Бұдан басқа, шетелдік азаматтарға қатысты, атап айтқанда, арнайы елден шығару режимі, заңсыз көшіп-қонушыларға кіру және қызмет көрсету кезіндегі заң бұзушылықтар үшін айыппұлдар енгізілді, сондай-ақ пайдасыз адам мәртебесі белгіленді.

Көші-қон саясаты қатайтылғаннан кейін РФ-мен көршілес елдер өз азаматтарының құқықтарының бұзылғаны туралы бірнеше рет мәлімдеген еді.

Abai.kz

0 пікір