Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4472 0 пікір 17 Маусым, 2025 сағат 16:11

Қазақстандықтардың жеке дерегі ұрланғаны рас па?

Сурет: Алматы ақшамы сайтынан алынды

"16 млн қазақстандықтың жеке дерегі таралды" деген ақпаратқа қатысты министрлік жауап берді

Цифрлық даму министрлігі қазір жағдайды толық тексеріп жатқанын мәлімдеді. Соңғы ақпарат бойынша мемлекеттік органдардың базаларына хакерлер шабуылдамаған.

Ақпаратты кибершабуылды талдау және тергеу орталығы растап отыр. Жабық арналар арқылы тараған мәліметтердің ішінде азаматтардың толық аты-жөні, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, жынысы, азаматтығы, телефон нөмірі, мекен жайы және басқа деректері бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, осы жолы тарап кеткен мәліметтер жеке компаниялардың, микроқаржылық ұйымдардың базасынан алынуы немесе ескі ақпараттар жинақталып қайта жариялануы мүмкін.

ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеруді бастағанын хабарлады.

"Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ. Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау ерте.

Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейінгі осындай жағдайларда жарияланған деректер ескі ақпараттық базалардан – негізінен қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған ескі мәліметтер болған.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992