Сәрсенбі, 18 Маусым 2025
Әдебиет 211 0 пікір 18 Маусым, 2025 сағат 12:46

Жан тазалығы

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Әңгіме

Күн бұлыңғыр, аспан көрінбейді, жаңбыр жауа ма, қар жауа ма, бірдеңе жауайын деп тұр. Тұнжыраған көкжүзі әйтеу адамзатқа өкпелі. Иа, адамдар соғысып жатыр. Өздерімен өздері бірін бірі қыруда. Өлетінін ұмытқан олар жер бетінің тұтқасы болып қалардай өршелене кәрі-жас демей болмбылауда. Жылаған бала, қираған қала, аппақ матаға оралған мәйттер....соғысты тоқтатуға толық шамасы жететін елдердің өзі мысық тілеумен үнсіз отыр. Барлық нәрсенің сұрағы бар... барлық адам өз ісінен есеп береді...

Біздің темірден жаралған әкім қабірге қалдырған жерді сатып жіберіпті, әкім тыңдамағасын, генарал әкесіне имам барса тоқсанның екісіне келген ол "жер тірілердікі" деп қысқа қайырыпты.

Қанат үйінен шыға күмбірлей күндегі әдеті бойынша таңғы дене шынықтыру жатығыуын бастап кетті. Алпауыт қаланың шетінде болсада ауылдарында асфальт жоқ. Әнеу көшенің тұрғындары айқайлап-жалаулатып екі апа мен екі қабат екі әйелді алдыға салып жеті-сегіз жасыл желекті екі машина болып ауылдан аттап, аудан орталығына барып щолақ көшелерін зорға асфальттатты, қалған көшелер қара балшық, әр жерінде сойдыған тасы бар ойдым-ойдым жол. Жергілікті әкімшіліктің не істейтіні белгісіз, ондағы ұсақ шенеуніктер мұртын сорып отыра береді. Әліге бұнда дамыған отыз елдің қатарына қосатын жалғыз көше де жоқ.

Жол шетінде жатқан коңыр түсті әмиянға Қанаттың көзі түсті. Ішінде ақша. Басында қатты қуанып кетті. Ақшаны санады. Қыс жақын "ұраға салатын кортоппен, балалардың қысқы аяқ кимдерін алайын" деп шешті. Бірақ өзін бір түрлі сезінді... Жан-жағына қарады. Үш рет орта дауыспен «мына ақша кімдікі» деп айқайлады. Жексенбі өлі тыныштық. Көше тым-тырыс. Тіпті жексенбіде ауруханаларда істемейді, адамдар да үйренген, ол күні еш ауырмайды. Қақсаған тістің өзі жексенбі күні қоя қалады. Иттер де үрмейді.

Қалтада ақшасы бар Қанат көшеде талтаңдай орта жасқа тән баяу ит желіспен жүгіріп дене қыздырып жүр...Құдайдың бала-шағама берген ырыздығы шығар? "Жетпеген жыртығыңды жама деп берген"... күмбірлеп қояды... Бірақ мазасы қашты. Өзімен өзі ақталып...ұрлап алғамын жоқ, тауып алдым...

-Әке, маған латария билетінен соңғы модельдегі бір кір жуғыш машина шықты.

-Қызым бұл дүниеде ешқашан тегін нәрсе жоқ. Өте-мөте қыз балаға бөтен адамдардан бірдеңе алуға болмайды.

-Әке бұл латария емес пе? Тәлейім шығар.

-Жоқ қызым, Тәлейдің өзіне себеп жасап, еңбек етесің, сосын тәлейің жанады.

-Әке үйдегі кір жуғыш машина ескірді. Тегін келген затты алсақ болмай ма?

- Әңгіме сол тегін болғанында тұрмай ма? өз табан ет маңдай теріңмен таппаған заттың өтеуі қиын болады.

Шешеңе айттың ба? Әлі айтқан жоқпын. Жақсы болыпты, онда үндемей солай кері қайтара сал. Досы Бектұрғанның әңгімесі есіне түсті.

Иа, еңбексіз келген затта қайыр жоқ...Кез-келген бір жаңа зат алғанда, тіпті тамақ ішкенде мен осыған лайық тер төктім бе деп ойлану керек есті адам... Иесін қалай табам? Ешқандай бір құжаты да жоқ.

Бұрын бала кезде бірдеңке тауып алса сақшыға апарып беретін едік, ол кезде сақшылар халықтың досы болатын. Қазіргі сақшылар үндемей өзі жей салады. Не істемек керек?!!!

Таңғы шайға отырды. Әйел бала-шағасына айтты. Көрсетті. Әйелінің көзі жайнап кетті. Етігім тозып қалып еді, қандай жақсы болды...

Қанат үндемей отыр...

Әлемді тәж кеселі жайлап адамдар үйден шықпай ажалдың өте жақын екенін сезген шақта... үкімет өзегіңді талдырмайды деп, жұмыссыз адамдарға азық түлігіне ақша бергенде сол баяғы досы өзіне тиген ақшаны шып-шырғасын шығармай кедей көршісіне беріп отырды, көршісі сияқты шын кедейлер ИП-ы ашуға шамасы жоқ үкіметтен көк тиін ала алмаған болатын ол кезде.

Әйеліне оны айтып түсіндіруге әлі ерте. Олда бір күні түсінер...Бірақ отбасының тыныштығы керек, айлық тигенше деп, бір досынан қарыз алып  жаңағы амиянға сол ақшаны білдірмей салып, ондағы ақшаны алды. Айналасында қазір сондай бір отқа оранып, суға сүрініп тұрған көршісі де туысы да жоқ. Ақша жоғалтқан адамның атынан қайырымдылық қорға аударды.

Қанаттың жаны жай тауып қуанды.

Артынан қуып келіп жол сақшысы тоқтатты.

-Сіз қос сызықты басып кеттіңіз.

-Екі машина қатар жүргенде жол тар, бассам басып кеткен шығармын.

-Ал онда штраф төлейсіз.

-Онсызда сергек комераға төлеп жүрген ақшамыз аз емес. Мен осы төлейтін штрафтың орнына сенің және әкеңнің атынан ел мен жердің амандығы, үшін бір құрбан шалайын.

-Ол маған неге керек?

-Сен осы елдің азаматысың, бізге терістіктегі көршіміз қайта-қайта көз алайтып, ақ жағалы жігіттері бізге тас лақтырып сынауда. Сол үшін еліміз ішкі-сыртқы жаудан аман болсын деп шалайын, соған не дейсіз.

-Одан да ол ақшаны бере салмайсың ба, маған.

-Саған беруге болмайды, ол пара болады. Күна жазылады.

-Онда мемлекетке төле.

-Мемлекетке онсызда сергектен, налог, ақылы жолдың ақшасын тағы басқа төлеудеміз.

Анау үнсіз қалды. Қанат жетім балалар үйіне келіп жаңағы сақшының атынан дау көк қойды құрбан шалды. Ел-жердің амандығын, ішкі-сыртқы жаулардан сақта деп тілек тіледі, пайда болған сауапты сақшы мен әкесінің атынан бағыштады, қойдың етін сол жетім балалардың ас суына қалдырды.

Сол күн жол сақшысы түсінде әкесін көрді...

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

0 пікір