Сәрсенбі, 18 Маусым 2025
Жаңалықтар 179 0 пікір 18 Маусым, 2025 сағат 13:43

Спортта бюджет көбейсе де нәтиже аз!

Сурет: Мінбер сайтынан алынды

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов елімізде спорт нысандары бола тұра шетелдерді жиі оқу-жаттығу жиынын өткізетін спортшыларға қатысты мәселе көтеріп, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа сауал қойды,.

«Министрлік өткен жылы бюджетті 8 мәрте өзгертіп нәтижесінде бюджет ұлғайтқан. Дегенмен нәтижелер халақарылық аренада мемлекеттік ауқымды инвестицияларға сәйкес келмеді. Жоғары аудиторлық палатаның есебіне сәйкес, 2024 жылы оқу-жаттығу жиындарының жартысынан көбі 668 жиынның 347-сі елден тыс жерлерде өткізілді. Егер елде заманауи спорт нысандары, соның ішінде олимпиадалық дайындық орталығы, Өскеменде жеңіл атлетика кешендері және Астанада бола тұра шетелде оқу-жаттығу өткізуді қандай критерий бойынша басшылыққа алады», - деді депутат.

Министрдің айтуынша, спортшыларға орта биік тауларда жаттығу керек болады. Қазір елде оқу-жаттығу жиындарын өткізуді көбейткен.

«2024 жыл 4 жылдықтың қорытындысы болды. Париж олимпиадасына соңғы жылы дайындық ретінде спортшыларды халықаралық тәжірибе алмасу мақсатымен және арнайы климаттық бейміделу мақсатында халықаралық базаларды қарастырдық. Жеңіл атлетиканы алсақ, бұл спорт түрінде 47 олимпиадалық дисциплина бар. Оның 20-25 түріне қатысамыз. Спорт түрі ашық алаңдарда өтуіне байланысты және орта биік таулы жерлерде жаттығу базалары керек болды. Сол мақсатта біз халықарылық базаларды қолдандық. Осы төрт жылдықтың жоспарында федерация жұмыстарына өзгерістер енгізілуде. Халықаралық оқу жиындарынан бөлек еліміздің ішінде спорттық кешендерде осы оқу-жаттығу жиындарын көбейтіп жатырмыз. Одан бөлек халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, бірнеше халықаралық жарыстарды алып жатырмыз»,-деді министр.

Abai.kz

 

0 пікір