Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1279 0 пікір 14 Маусым, 2025 сағат 22:24

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам: жастардың рөлі мен жауапкершілігі

Бүгінгі күні әділетті қоғам құру жолындағы басты қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Бұл міндетті жүзеге асыруда тек құқыққорғау органдарының ғана емес, ел жастарының да рөлі ерекше.

Жақында осы жоба аясында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам: жастардың рөлі мен жауапкершілігі» атты ашық кездесу өтті. Іс-шарағаСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласыбойынша департаменті мамандары, ЖОО-лардағы жастар департаменттерініңбасшылары, Комьюнити орталықтарының жетекшілері мен белсендіволонтерлер қатысты. 

.

Кездесу барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға шолужасалынып, қоғамдық мониторинг, серіктестік жобалар және құқықтықсауаттылық шаралары арқылы жастардың бұл іске қосқан үлесі атап өтілді. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлар талқыланып, бірлескенжұмыстың жаңа бағыты айқындалды.

Кездесуге қатысқан Әуезов Комьюнити орталығының жетекшісі Бауыржан Сәбитұлы өз сөзінде:
– Біз «Заң мен тәртіп» қағидатына сүйене отырып, жастардың құқықтықмәдениетін нығайтуға, қоғамда әділеттілік пен сенім қалыптастыруға күшсалып келеміз. Бұл – уақытша шара емес, тұрақты қоғамдық бағыт, – деді.Шара барысында белсенді мамандар мен еріктілер Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментібасшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұл – олардың қоғамалдындағы белсенді қызметіне берілген әділ бағалау.

Аталған волонтерлік жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыныңқолдауымен жүзеге асырылуда..

– Жоба жыл соңына дейін жалғасады. Алдымызда ауқымды жоспарлар тұр. Волонтерлер санын арттырып, жастардың түрлі әлеуметтік бастамаларғатартылуын қамтамасыз етеміз. Ең бастысы – жастардың үнін есту жәнеоларды әділетті қоғам құру жолына жұмылдыру, – деді жоба жетекшісіӘкежан Бақытұлы.

Бұл бастама – формалды есеп үшін емес, шынайы қоғам игілігі үшінатқарылып жатқан жүйелі жұмыстың көрінісі. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр азаматтыңпарызы» деген сөзі – бүгінгі ұрпақтың ұстанатын нақты қағидатына айналуытиіс.

Жастардың белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігі артқан сайын – әділ, ашық әрі жемқорлықсыз қоғам құру арманы шындыққа айналмақ. Осы бағытта Алматы қаласында жастардың белсенділігімен жүзеге асырылыпжатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жоба — қоғамдық бақылаумен ашықтықтың тиімді үлгісіне айналып келеді.

Айбек Берікболұлы, журналист

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1550
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3162
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1159
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1080