Перизат Қайрат ісі: Анасын үйқамақта қалдыруды сұрады

Астанада қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі жалғасып жатыр.
- Мен Газа секторына көмекке қаржы жинауды ұйымдастырдым, барлығы 83 миллион теңге жиналды. Мен бұл қаражаттың жұмсалуы жөнінде ашық әрі айқын есеп аламын деп үміттендім, бірақ олай болмады. Уақыт өте келе Перизат Қайратпен байланыс үзіле бастады, көмек көрсетудің орнына үнсіздік пен сылтау ғана айтылды. Ал шын мәнінде қайырымдылыққа қатысы жоқ шығындар анықталып отыр, - дейді сотта жәбірленуші Олжас Садық.
Осылайша, жәбір көруші Перизат Қайраттың әрекетін моральдық қылмыс деп атады.
- Перизат Қайраттың кінәсі дәлелденді деп есептеймін және прокурордың жазалау шарасына қатысты өтінішін қанағаттандыруды сұраймын. Анасы Ғани Алашбаеваға өте қатты жаным ашиды. Оның денсаулығында кінәрат барын білемін, осы орайда айыпталушыны үйқамақта қалдыруды сұраймын, - деп толықтырды куәгер.
Кеше прокурор Перизат Қайратты 10 жыл, анасын 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сондай-ақ кеше сот отырысында Перизат Қайрат сотында прокурор мәлімдеме жасады.
Еске салайық, Перизат Қайрат ісі бойынша 47 адам жәбірленуші деп танылды.
Abai.kz